Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өнер – білім бар жұрттар (ойын сабақ)

04 қараша 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Дене шынықтыру
Ойын технологиялары қолданылған сабақ

Ойын – сабақ.
«Өнер – білім бар жұрттар!»

Сабақтың тақырыбы: қимыл – қозғалыс қасиеттерін кешенді дамыту
Сабақтың мақсаты: оқушылардың қимыл – қозғалыс қасиеттерін бағалау
Міндеттері:
дидактикалық:
• Оқушылардың теориялық білімдерін тексеру;
• Жаттығуларды «Қара жорға» би элементтері арқылы бекіту.
• Оқушылардың жаттығуларды және ойын тапсырмасын орындауын тексеру.
дамыту:
• Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
• Жаттығуларды орындауға шығармашылық тұрғыдағы көзқарасын дамыту.
тәрбиелік:
• достық көмекке, ұжымдық демеуге тәрбиелеу.
сауықтыру: жаттығуларды орындау кезінде дұрыс тыныс алуға үйрету ойнату:
• Ойын кезінде барлық сынақтардан өтуге.
Сабақтың типі: оқушылардың білімі мен дағдыларын тексеру сабағы.
Сабақтың түрі: ойын - сабақ.
Оқушылардың жасы: 2 сынып.
Сабақтың соңында оқушылардың білетіні:
• Сұрақ – викториналардың жауабын.
• «Күзетші мен Ақбақай және қояндар», «Жарық доп» ойындарының тәртібін.
• Әр өнердің болашақта кәсіп болатынын.
Істей алатыны:
• Жаңа, күрделі жаттығуларды орындай алады.
Ойын кезіндегі оқушылардың рөлі, (объект имитации в игре). Оқушылар сабақ барысында жайлауға көшкен ауылдарға ерулік айтушы қонақтар рөлін ойнайды. Қонақтар жайлы жылжып басқа өнерлі ауылдардың үстін басып өтеді. Осы кезде салт – дәстүр бойынша қонақ кәдесін, яғни ауыл иелерінің талаптарын орындап, өз өнерлерін, жан – жақты білімдерін көрсетеді.
Дайындық кезеңі.
Сабақ алдында дайындап, атқарылатын істер:
Құралдар: доптар, қадақтар,, ағаш аттар, су сорғыштар, жеміс муляждары, қазандар, ыдыстар.
Ілетіндер: ауыл атаулары, бекеттер.
Дайындау: сұрақ карталарын, «Қаражорға» биінің мелодиясы

Сабақты ұйымдастыру.
Сынып оқушылары қонақтар рөлін ойнайды.

Бағалау жүйесі.
Сабақ барысында әр топ ұпай жинайды. Ұпай, әрбір дұрыс айтылған жауапқа және дұрыс орындалған тапсырмаларға беріледі.

«Күзетші мен Ақбақай және қояндар»
Оқушылар ішінен Күзетші мен Ақбақай (ит) тағайындалады. Қалған оқушылар қояндар. Залдың бір бөлігі қояндардың іні, екіншісі бақша болып белгіленеді. Бақшаның сыртында Күзетшінің үйі орналасқан. Залдың ортасынан 40 - 60 см биіктікте жіп тартылып, қорған белгіленеді. Қояндар өз інінде, ал Күзетші мен Ақбақай өз үйінде болады. Мұғалімнің белгісімен, қояндар қоғаннан өтіп, бақшадағы жемістерді жей бастайды, бақша ішінде қос аяқтап секіріп қозғалуы тиіс. Мұғалімнің кезекті белгісімен Күзетші қояндарды атады (үш рет алақанын соғады), сол кезде қояндар жіпке тимей (жіптің астынан) өтіп, індеріне қашуы тиіс. Алақанның үшінші соғысы болғанда Ақбақай кешігіп өте алмаған қояндарды қабады (қолымен соғуы керек). Ұсталған қояндар орындарында қалады. Қорғаннан өткен қояндарды қууға болмайды. Ұсталған қояндар қолдарын көтеріп, мұғалім олардың санын белгілейді. Одан кейін ол қояндар қайта ойынға қосылады. Ойын қайта басталады. Күзетші мен Ақбақайды қайта тағайындаған дұрыс. Тағайындау барысында санамақтарды қолданған жөн.
«Жарық доп»
Бірінші қатардағы оқушылар жарық «доптарды» бейнелейді, екінші қатардың ойыншылары «насосты» бейнелейді. Жарық доп бейнесіндегі оқушылардың аяқтары тізеден бүгіліп, қол, дене мүшелері босаңсып, бастарын салбыратып тұрады. Насос бейнесіндегілер үрлей бастайды. Үрлеген кезде “с - с - с” деген дыбыстар білдіреді. Ауа барған сайын «доптар» үрлене бастайды: біртіндеп денелерін түзеп, бастарын көтеріп, екі ұрттарына ауа алады. Әбден үрленген (түзелген) кезде «доптар» жарылып “ш - ш - ш” деген дыбыспен дем шығарады, денелері босап қайта бастапқы қалпына келеді.

«Ұстаздар» ауылының тапсырмасы
Әр топқа әр түрлі мультфильм кейіпкерінің қиындылары:
топ оқушылары кезекпен барып кейіпкер бейнесін құрауы керек.

«Билер» ауылының сұрақтары
1. Тазалық ненің кепілі? денсаулық
2. Бойыңды сергек ұстау үшін не істеу керек? жаттығулар
3. Бес тас ойыны немен ойналады? асықтармен
4. Денсаулық – зор...........? байлық
5. Шылым шегуге қай жастан рұқсат етілген? мүлде болмайды
6. Жылқының баласын қалай атайды? құлын
7. Баласына ең жақын адам кім? Ата - анасы
6 024
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түрлі жабдықтарды лақтыру
Түрлі жабдықтарды лақтыру
Оқу мақсаты: 3. 1. 1. 1 кең ауқымдағы арнайы спорттық қимыл - қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін, бақылауды және қимыл - қозғалыс дағдыларын жетілдіру Сабақ мақсаты: Ойлау және орындау жолдарын меңгере алады.
Әртүрлі снарядтарды нысанаға қашықтыққа лақтыру техникасы
Әртүрлі снарядтарды нысанаға қашықтыққа лақтыру техникасы
Оқу мақсаты: 5. 1. 1. 1 аздаған ауқымдағы арнайы спорттық спецификалық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл - қозғалыс дағдыларын білу және түсіну Сабақ мақсаты: Түрлі снарядтарда жаттығулар
Шағын допты алысқа лақтыру
Шағын допты алысқа лақтыру
Оқу мақсаты: Өздігінен байланыстыруды оқу арқылы негізгі қозғалыс дағдыларын түсіну және жетілдіру Сабақ мақсаты: Жаттығуларды орындау барысында қауіпсіздік техникаларын сақтайды. Қысқа қашықтыққа жүгірудің әдіс тәсілдерін меңгере алады.
Арқанға өрмелеуді үйрету, дамыту
Арқанға өрмелеуді үйрету, дамыту
Оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту; Дене тәрбиесі білімін меңгеру және оның негізін құрайтын қимыл - қозғалыс дағдыларын қалыптастыру, жетілдіру
Кіші ағаш аттан секіру. Аяқты ашып, бүгіп секірулерді дамыту
Кіші ағаш аттан секіру. Аяқты ашып, бүгіп секірулерді дамыту
Денсаулықты жан-жақты нығайтуға және үйлесімді дене дамуына көмектесу, дене мүсінін дұрыс қалыптастыру; Қуат-күшін, икемділігін, төзімділігі мен табандылығын арттыруға көңіл бөлу;
Математика – ақыл - ой гимнастикасы
Математика – ақыл - ой гимнастикасы
Математика – ақыл - ой гимнастикасы атты сабақтың тақырыбымен таныстыру; ойын ережелерімен таныстыру, математикалық ұғымдарды қайталау, қосу, алу, көбейту, бөлу тәсілдеріне берілген жаттығуларды орындау арқылы меңгерту;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×