Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Материктер мен аралдар

07 желтоқсан 2016, Сәрсенбі
Категориясы: География
Материктер мен аралдар

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың құрлықтар мен аралдар туралы түсініктерін қалыптастыру. Құрлықтарды салыстыра отырып, оларды глобустан және картадан көрсету.
Дамытушылық: Дүниетанымдық көзқарастарын кеңейту, оқыту барысында әдіс - тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Отанын сүюге, табиғатты қорғай, аялай білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: Баяндау, іздену, сұрақ - жауап, кескін картамен жұмыс, сәйкесін тап.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кесте, кескін карта, глобус, қосымша материалдар.
Күтілетін нәтиже: Материктер туралы білімін ажырата алады, аралдардың пайда болу жолдары және түрлерімен танысады, архипелаг және жасанды аралдарды, сондай – ақ дүние жүзіндегі ең ірі аралдарды біле алады.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындығын тексеру, оқушыларды 4 топқа бөлу.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
а) «Сұрақ менен, жауап сізден.» Оқушыларға жалпы 12 сұрақ, әр топқа 3 сұрақтан беріледі.
1. Тау жыныстары неше типтен тұрады. Оларды ата.
Ж: Үш типтен тұрады. Магмалық, шөгінді, метаморфтық тау жыныстары.
2. Магмалық жыныстар ненің әсерінен пайда болады?
Ж: Магмалық тау жыныстары жанартаудың әсерінен пайда болады. 3. Гранит, обсидиан, базальт қай тау жыныстарына жатады?
Ж: Магмалық тау жыныстарына жатады.
4. Шөгінді жыныстар қалай пайда болған?
Ж: Шөгінді жыныстар әр түрлі жағдайда пайда болды. Ертеректе пайда болған тау жыныстары сыртқы күштердің әсерінен бұзылып қиыршықтас, құм, саз сияқты шөгінділерден, тірі ағзаның іс - әрекетінен түрі өзгерген бор, ұлутас, тас көмір сияқты шөгінділер пайда болған.
5. Тау жыныстары ненің әсерінен бұзылады?
Ж: Тау жыныстары жаңбыр, жел, температураның әсерінен бұзылады.
6. Көптеген зәулім үйлер, мешіттер неден салынған?
Ж: Көптеген зәулім үйлер, мешіттер метаморфты жыныстардан, яғни гнейс, мәрмәр, тақтатастан салынады.
7. Ядродағы температура неше градусқа дейін жетеді?
8.«Метафорос» грекше қандай мағына береді?
Ж: «Метафорос»- грекше өзгертемін, өзгерген деген мағынаны береді.
9. Қазақстанда қандай кен орындары бар?
Ж: Қазақстанда ірі кен орындарына Қарағанды көмір алабы, Теңіз мұнай кені, Алтай тауындағы түсті металдаркен орындары бар.
10. Цунами дегеніміз не?
Ж: Су астындағы жер сілкінісінің нәтижесінде өте биік толқындарды цунами деп атаймыз.
11. Құрылыс жұмыстарын безендіруге, әшекейлеуге қандай тасты пайдаланады?
Ж: Құрылыс жұмыстарын безендіруге, әшекейлеуге мәрмәр тасын пайдаланады.
12. Біздің елімізде қандай пайдалы қазбалар бар?
Біздің еліміз мұнайға, табиғи газға, қорғасынға, мысқа, алтынға, темірге бай мемлекет.
ә) Бірнеше пайдалы қазбалардың қасиетін анықтап, төмендегі кестені анықтау.

III. Жаңа сабаққа кіріспе
Оқушыларды жаңа сабақтың термин сөздерімен таныстыру.
1. Жер шарында қанша материк бар? Біз қай материкте орналасқанбыз?
2. Жер шарында неше мұхит бар?
3. Материк дегенді картадан қалай түсінеміз? Арал дегеніміз не?

IV. Жаңа сабақ. Материктер мен аралдар
Жер бедері ойлы - қырлы болып келгендіктен біркелкі орналаспаған.. Осындай біркелкі орналаспаған жер бедерінің жиынтығын рельеф дейміз. Ең ірі рельеф формалары - материктік құрлықтар мен мұхиттық ойыстар. Олардың жер қыртысы құрылымына қарай әр түрлі болады.
Жер бетінде барлығы 6 материк бар. Барлық материктердің ауданын қосып есептегенде жердің 29% алып жатыр. Құрлықтың жан – жағын мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан бір бөлігін материк деп атаймыз.
Қазіргі кездегі материктер - табиғат жағдайының алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Мысалы: Еуразия - ауданы ең үлкен материк, Африка ең ыстығы, Солтүстік Америка – құрлықтың солтүстікке жақын орналасқаны, Оңтүстік Америка – ең ылғалды, Аустралия – ауданы жағынан кіші, Антарктида – мұз жамылған материк. Материктердің және онда орналасқан елдердің атаулары - тарихи ашылуына, географиялық орнына, халықтардың атымен және сол жерді бірінші болып ашқан адамдардың есіміне байланысты қойылған.
Дүниежүзілік мұхиттардың ішінде ауданы жағынан кішірек аралдар да орналасқан. Аралдар да материктер сияқты мұхиттар мен теңіздермен қоршалған. Айырмашылығы ауданының аздығында. Шығу тегіне қарай аралдар үшке бөлінеді: Материктік, жанартаулық, маржандық аралдар.

Шығу тегі біркелкі, топтасып орналасқан аралдар шоғырын – архипелаг деп атаймыз.
Жасанды аралдар, Таңғажайып аралдар. 1. Жүрек пішіндес арал. Жүрекшелер тек ашықхаттар мен құттықтауларда ғана емес, табиғат төсінде де бар екен. Адриат теңізінің аралы жүрек формасының шынайы бейнесін жасап тұр.
2. Смайлик пішіндес арал. Елсіз Манукан, Мамутик, Сулуг аралдары Малайзия елінің құрамына енеді. Оңтүстік - Қытай теңізінің үстінен тікұшақпен шарлап шықсаңыз, әдемі күлкі бейнесін көре аласыз.
3. Көз пішіндес арал. Бұл Мальдив аралында орналасқан. Мына сурет тікұшақтан түсірілген. Ал осы аралды жақыннан көргендер көзден гөрі алып медузаға ұқсайтынын айтқан.
4. Дельфин пішіндес арал. Дельфин аралы – Коралл тұзы бар Индонезиялық Флорес аралының жанындағы ірі аралдардың бірі. Дельфин бейнелі арал шынайылығымен бүгінгі тізімде көш бастап тұр.

Топтық жұмыс
1 топ Еуразия тобы – Еуразия материгіне сипаттама.
2 топ Африка тобы – Африка материгіне сипаттама.
3 топ Солтүстік Америка тобы – Солтүстік Америка материгіне сипаттама.
(қай мұхитта? қай ендікте?)
4 топ Оңтүстік Америка тобы – Оңтүстік Америка материгіне сипаттама.

V. Жаңа сабақты бекіту
1 топ Еуразия тобы –«сәйкесін тап» ойыны.
1. Жер бетіндегі ең үлкен арал -------- Маржан
2. Шығу тегі біртекті орналасқан аралдар ------------ Жанартаулық
3. Жанартаудың атқылауынан болған аралдар ----------- Гренландия
4. Тірі ағзалардың әсерінен пайда болатын аралдар ---------------- Архипелаг
2 топ Африка тобы – кескін картамен жұмыс. Мылқау карта. Материктерді кескін картаға түсіру.
3 топ Солтүстік Америка тобы –«Жылдам жауап» ойыны. Шарты: Төменде берілген сұрақтарға жылдам - жылдам «ия, жоқ»деп жауап беруі керек.

4 топ Оңтүстік Америка тобы – Кескін картамен жұмыс. Мылқау карта. Аралдарды кескін картаға түсіру.

VI. Қорытынды
«Еркін микрофон». Сабақта мен не үйрендім? Не білдім?
VII. Үйге тапсырма.
VIII. Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
19 959
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Еуразияның зерттелу тарихы
Еуразияның зерттелу тарихы
Ежелгі материктер туралы оқушылардың білімдерін жүйелей отырып, Еуразия материгі, қоныстануы және зерттелу тарихы туралы білімдерін кеңейту.
Ай - жердің серігі
Ай - жердің серігі
Оқушылардың ойланту, қиялдату, дүниетанымдық көзқарастарын кеңейту. Отанын сүюге, табиғатын аялай білуге тәрбиелеу.
Ұлы саяхатшылар
Ұлы саяхатшылар
Материктер мен мұхиттар географиясы – мектеп географиясының ең қызықты, оқушылардың танымдық қабілетін арттыруға мүмкіншілігі жоғары буыны.
Гидросфера – Жердің су қабығы. Гидросфераның негізгі компоненттері
Гидросфера – Жердің су қабығы. Гидросфераның негізгі компоненттері
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Шилісу негізігі мектебі КММ География пәнінің мұғалімі Кәрімжан Әлішер
Дүниежүзілік мұхит
Дүниежүзілік мұхит
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный поселкесі, №28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің тарих-география пәні мұғалімі Сманова Гүлназ Сантаевна
Глобус – Жердің дәл үлгісі, глобустың градус торы
Глобус – Жердің дәл үлгісі, глобустың градус торы
Бастауыш сынып мұғалімі: Амантаева Ләззат Рахменияқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×