Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жел

06 ақпан 2013, Сәрсенбі
Категориясы: География
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі – Жел дегеніміз не, оның түрлері мен адамзатқа қажеттілігі мен тигізетін кесірлерін үйрету, түсіндіру. Әр түрлі білім көздерімен оқушылардың білімдерін тереңдету;
Дамытушылығы - оқушының тез қабылдауына жол ашу, ой қиялына ерік бере отырып, өз пікірін айтуға, қорытынды шығаруға төселдіру, теориялық білімін, зейінін дамыту, табиғатты бақылау әрі тамашалауға зейінін бұру;
Тәрбиелігі - логикалық ойлау мәдениетін қалыптастыру, даралық қабілетін сезіндіру, руханилыққа тәрбиелеу, табиғатты сүюге баулу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтың түрі: Іздену сабағы.
Сабақтың әдістері: дамыта оқыту, сұрақ - жауап, ойын элементтері, шығармашылық әдіс, талдау.
Пән аралық байланыс: геометрия, биология, математика, сурет, физика.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, рефлексия күлшелері, эксперименттік құралдар (құм, тас, су, шам және тағы басқа).

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Өткен сабақты пысықтау
III. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі
IV. Жаңа білімді бекіту
V. Үйге тапсырма
VI. Бағалау
VII. Рефлексия

I. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.
II. Өткен сабақты пысықтау кезеңі. Оқушылар өткен сабақтарды еске түсіру үшін тапсырма орындалады.

1 - тапсырма. Сәйкестендір
Термометр ----қар қалыңдығы
Анероид барометр ----ауа температурасы
Шаш гигрометрі ----- ауа ылғалдылығы
Өлшеуіш сырық ----- ауа қысымы

2 - тапсырма. Есепте
Айлар I –II—III—IV--- V--- VI—VII--- VIII--- IX ---X ---XII ---XII Жылдық орташа температура
температура - 14 - 12 - 1 5 9 11 20 19 10 7 - 4 - 13?

3 - тапсырма. Кестені толтыр
Бұлттан түсетін жауын-шашындар ------------- Жер бетіне таяу қабатынан түсетін жауын-шашындар

III. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:
1. Оқушыларға дәптерлерін алып, беттеріне жақындатып желпулерін сұраймын.
Сұрақ: біз нені қозғап жатырмыз?
Жауап: ауаны
Жер бетіндегі ауа үздіксіз қозғалыста болады. Жылыған ауа жоғары көтеріліп, оның орнына салқын ауа төмен түседі. Ауа бір жерден екінші жерге ауысып, салқын немесе жылу алып барады. Ал жер бетіндегі ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуын жел деп атаймыз.

Ауа = Жел
2. Желдің пайда болуы төмендегі себептерге байланысты екендігін түсіндіру:
Ауа қысымы
Ауа температурасы
Жер бетінің әркелкі жылынуы (құм, тас, су)
Эксперимент: Шамды қойып оның астына құм, тас, су құйылған ыдыстарды қойып, қызу ерекшеліктерін түсіндіру.

3. Жел көкжиектің қай жағынан соқса, сол бағыттың атымен аталатындығын түсіндіру.
Желдің бағыттары:
Оңтүстік
Солтүстік
Батыс
Шығыс
Солтүстік - шығыс және тағы басқа

4. Желдің жылдамдығы (күші) түрліше болады. Оны секундына метр есебімен есептейді. Өлшем бірлігі: м/сек
Желдің жылдамдығы мен бағытын желбағар деген құралмен өлшейді.
5. Желдің түрлерін атап олардың ерекшеліктерін түсіндіру.
6. Жел өрнегін салу үшін белгілі бір жердегі желдің белгілі бір уақыт ішінде (ай, маусым, жыл) түрлі бағыт бойынша қайталану кестесі алынатындығын көрсетіп түсіндіру. Оқулықтағы 63 - суретті көрсету. Оқулықпен жұмыс жасау.

7. Проблемалық сұрақ қою.
Сұрақ: Жел адамзатқа пайдалы ма әлде зиян ба?
8. Желді зерттеудің маңызы.

IV. Жаңа білімді бекіту. Оқушыларға сұрақтар қойылады.
1. Сұрақтар:
Жел дегеніміз не?
Желдің пайда болуына не әсер етеді?
Желдің бағыты дегеніміз не?
Желдің жылдамдығын яғни күшін қандай құралмен өлшейді?
Желді өлшеуіш өлшем бірлік қандай?

2. Кестені толтыр.
Желдің түрлері
?
VII. Үйге тапсырма:
- §30 оқу
- тақырып соңындағы сұрақтарға жазбаша жауап беру
- 63 - суретті дәптерге салу

VIII. Бағалау. Сұрақтарға жауап берген, сабақ барысында белсенділік танытқан оқушылар бағаланады.
IX. Рефлексия. Мұғалім таратқан күлшелер арқылы оқушылар сабақ туралы өздерінің пікірлерін білдіреді.
12 833
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Сөздердің жасау өрісіне байланысты түрлері
Сөздердің жасау өрісіне байланысты түрлері
А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Маханбетова К.Н.
Химиялық реакциялардың типтері
Химиялық реакциялардың типтері
Химия пәні мұғалімі: Жарылқасынова Айнур Ержанқызы
Алғашқы функция және интеграл
Алғашқы функция және интеграл
Жамбыл ауданы, Антон Макаренко атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі: Кулсаидова М.Т.
Суды тиімді пайдалану
Суды тиімді пайдалану
Хромтау қаласы, №5 мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Укубаева Ырсалды Зийнолевна
Үндістан. Мемлекеттік құрылымы мен құрамы. Табиғат  жағдайлары мен ресурстары
Үндістан. Мемлекеттік құрылымы мен құрамы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары
Байқоңыр қаласы, № 8 Ю. А. Гагарин атындағы мектептің География пәні мұғалімі Измамбетова Айбарша Итеменовна
Трапеция
Трапеция
ШҚО, Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылы,М.Әуезов атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Қали Орынтай Төкенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×