Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ешкі сүтінің пайдасы

27 ақпан 2015, Жұма
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Бағыты: Дүниетану
Тақырыбы: Ешкі сүтінің пайдасы

«Ешкі сүтінің пайдасы» тақырыбындағы ғылыми жобасына аннотация
Тақырыптың өзектілігі: қазіргі таңда ұмыт болып бара жатқан халық емдері туралы ізденіп талдау жасау. «Ешкі сүті тоқсан тоғыз аурудың емі» айқын мысалдармен дәлелдеп, көз жеткізу.
Зерттеу болжамы: Егер ешкінің сүті күнделікті өмірде, медицинада қолданылса өскелең ұрпақтың денсаулығы әлдеқайда зор болмақ.
Зерттеу заты: Ешкінің сүтінің пайдасы туралы терең білу.
Зерттеу әдістері: іздену, салыстыру, талдау, жинақтау, әңгімелесу т. б.

Жобаның мақсаты: Қазақ халқының көнеден келе жатқан қазақ медицинасының түрлері, аурудан сақтану шараларының мазмұны жайлы мағлұмат беру. Қазіргі таңда жастарға мал шаруашылығының жетістіктерін, ата – бабамыз ешкі өсірумен ертеден – ақ айналысқанын, сүтінің адам ағзасына пайдасын түсіндіру. Тәуелсіз елімізде ата - бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп жоғалтпай қайта жаңартатын ендігі болашақ - ұрпақ, біздің қолымызда.

Жоба міндеттері:
- Қазақ медицинасының шығу тарихына зер салу.
- Ешкі малының өзіне тән ерекшеліктерімен таныстыру.
- Ешкі сүтінің адам өміріндегі маңызы мен пайдасы.
- Сыныптас достарыма ешкі сүтінің пайдасы туралы айту, зерттеу жұмысыммен таныстыру.

Зерттеу қорытындысы: Бұл ғылыми жұмыста менің білгенім: халық медицинасының адам өмірінде маңызы зор екендігінде және де сенген адамға дәстүрлі медицинадан әлдеқайда басымдылығында, пайдалылығында. «Ауырып жол іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген дана сөз осы тақырыпқа негізделгендей. Сонымен бірге, ешкі сүті пайдасымен қоса қаражат көзі болып табылады.

Өз ұсыныстарымыз: Жем қаласында мал шаруашылығы, соның ішінде ешкі малының санын көбейтіп, одан алынған өнімдерді өңдейтін орындар ашылып, дүкен сөрелеріне зиянды қоспасыз пайдалы өнімдер қойылса екен.

Кіріспе
Қазақ халқы көшпенді өмір сүре жүріп, дала мен тау – тастағы жануарлардың жеке жарақатынан және сырқатынан жазылуда қандай табиғаттық емдер алатынын байқады, көрді, білді және өздеріне тексеру жасады да нәтижесіне өз бағаларын берді. Өздері мен болашақ ұрпақтарының денінің саулығы болу үшін, ұлттық халық медицинасының бай тәжірибесі жинақталды. Қазақ медицинасы дәстүрлі медицинасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақ медицинасының тарихы ұзақ, аурудан сақтану шараларының мазмұны өте мол.
Ата - бабаларымыз табиғаттың табиғи емінің әдіс – тәсілдерін меңгерген нағыз ұстасы және нағыз білгірі болды. Қазақтың халық медицинасының ХV ғасырда - ақ, 500 жылдың алдында іліми - ғылыми негізі қаланғанын қазақтың атақты шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты медициналық энциклопедиялық еңбегі айқындап берді. Шипагерлік баян» кітабында да 728 түрлі дәрілік шөп, 318 түрлі дәрілік жануар, 52 түрлі минералды дәрі, 8 түрлі бағалы дәрі материалы жəне 4577 рецепт жазып қалдырған. Қазақ шипагерлігінің әлемдік деңгейін анықтауға жол ашты.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Қазақстан - 2030» бағдарламасында еліміздегі азаматтардың денсаулығын сақтау проблемасы, осы бағдарламаның жеті басты бағытының біріне айналғаны мәлім. Бұл Қазақстан Республикасында қабылданған «Мәдени мұраны» дамыту бағдар - ламасының шараларымен сәйкес келеді. Халықтық шипагерлік дәстүрі ұлттық мәдениеттанудың бір саласына жатады деуге толық негіз бар
Ықылым замандардан келе жатқан ғалымдар мен ойшылдар сүтті «денсаулықтың қайнар көзі», «өмір шырыны», «ақ қан» деп аса жоғары бағалаған. Сүт азықтық құнары жағынан кез келген тағамды алмастыра алады, ал өзге бір тағам сүттің орнын баса алмақ емес.
Аңыздарға жүгінсек, Ежелгі гректердің Абдерах қаласында тұратын атақты дәрігер бір бақуатты адамның баласын емдегенде ешбір емдік шөптің де, дәрі - дәрмектің де пайдасы тимеген. Сонда біз білетін аңыз адам Гиппократ науқасқа бір апта бойы күндіз және кешке есек сүтін, ал бір аптадан кейін сиыр сүтін іш деп кеңес береді. Нәтижесінде, әлгі науқас ауруынан біртіндеп айыға бастаған екен.
Гиппократ өз еңбектерінде сүтпен емдеудің жолдарын, сүттің шипалы болған кездерін тізіп көрсеткен. Сондай - ақ, әр түрлі мал сүтінің емдік қасиеттерінің бірдей болмайтындығын анықтаған. Оның пікірінше, ешкі мен бие сүті
көкірек ауруын жазса, сиыр сүті құяң мен қан аздыққа шипа болады. Гиппократ жүйкесі тозып, ашуланшақ болған адамдардың да сүт ішкені өте дұрыс екендігін атап өтеді.
Әбу - Әли ибн Синаның «Дәрігерлік ғылым қағидасында» да сүттің емдік қасиеті жөнінде сөз болған. Ол сүт пен сүт өнімдерінің кәрі - жасқа бірдей пайдалылығын айта келіп, жасы ұлғайған адамдар үшін таптырмайтын ас деп түйген. Ғалым әсіресе, ешкі мен есек сүті өте пайдалы екендігін баса айтып, олардың сүтіне тұз бен бал қосып ішкен дұрыс деп шешкен.
Италияда біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырда емдік қасиеті мол сүт алу үшін сиырға ақбас жусан, бидайық, ешкітап, куманиха сынды әртүрлі шөптерді араластырып берген. Ол кезде сиыр өріске шығатын жайылымның ботаникалық құрылымын жақсартқан адамдарды арнайы медальдармен марапаттап отыратын болған деседі.
Белгілі ғалым С. П. Боткин өзі жүргізген тәжірибелерге сүйене келе, «сүт жүрек пен бүйректі емдеуге аса бағалы зат» деген тұжырымға тоқтаған.
Егер жараны, күйікті, ит қапқан не ара шаққан жерді бөкеннің сүтін жағып емдесе, жара жайшылықтағыдан әлдеқайда тез жазылады. Сондай - ақ, бөкен сүті асқазан және он екі елі ішек жарасын, созылмалы, гастрит ауруын және өкпе дертін тез жояды.
ХХ ғасырдың басында ұлы орыс микробиологы И. И. Мечников айран ішкен кезде ішектердегі шіріткіш микробтардың ығыстырылып шығатындығын анықтаған. Оның үстіне сүт қышқылы асқазан сөлінің бөлінуіне көмектеседі, тәбетті ашып, астың қорытылуына жәрдем болады.
Ұзақ жылдар бойы ірімшік, сыр, сүт қанты, қаймақ және басқа да сүт тағамдары адамның бойында кездесетін түрлі сырқаттардың алдын алып, емдеп жазу үшін қолданылып келеді. Сүт пен сүт өнімдерінің семіздікті, бауыр, ұйқы безін және жүрек дертін емдеудегі маңызы өте ерекше.
С. Хигуши (Жапония) бірқатар дәрі - дәрмекті қоса қолданып, соның ішінде йогурт (айранның бір түрі) ішкізіп емдегенде, атом сәулесінен зақымданған 7 адамның үш айдың ішінде құлан - таза айығып кеткендігін жариялайды. С. Хигуши сүтте бар цистин мен глутатион атомның сәуле шығаруынан болатын зардаптардан ағзаны қорғайды деп тапқан.
Қазіргі кезде үнемі ұшырайтын аурулардан сақтануда көп көмегі тиюде.
Мысалы, өзге ұлттардың медицинасы сияқты қазақ медицинасында көптеген зерттеуді қажет ететін тақырыптар жетерлік. Сол мақсатта мен осы тақырыпты таңдадым.

Ешкі түрлері
Ешкі қуысмүйізділер тұқымдасына жататын, күйіс қайыратын жұптұяқты мал. Ешкі 11 - 12 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Ешкі тоғыз – он жыл тіршілік етеді. Ешкінің мүйізі қырлы, дене бітімі жеңіл, құйрығы қысқа келеді..
Ешкі
Қазақ ешкіні жасына қарай:
• үлкен теке
• серке
• дөнен серке
• құнан серке
• ту ешкі
• үлкен ешкі
• сақа ешкі
• туша шыбыш
• шыбышша
• шыбыжық
• марқа лақ - деп атайды.
Ешкінің қасиеті

Ешкі - өте өсімтал мал. Ешкінің мүйізі қырлы, дене бітімі жеңіл, құйрығы қысқа келеді. Оның түбіті, жүні, терісі, еті мен сүті пайдаланылады. Ешкі бір – екі, кейде бесеуден лақтайды. Жақсылап күтсе жылына екі рет төлдейді. Ешкілерді көктемде, жылы аудандарда екінші рет тамыз – қыркүйек айларында қырқады. Текесінен 4 – 6 кг, ешкісінен 3 – 5 кг қыл алынады. Түбітті ешкіден 0, 2 – 0, 5 кг, кейде 2 кг түбіт алынады. Ешкі терісінен сафиян, шевро сияқты бағалы былғары жасалады.

Ешкі күтімі
Ешкі шаруашылығы - мал шаруашылығының бір саласы. Малды қыста қорада, қалған уақытта жайылым жерлерде бағады. Оларды азықтық дақылдармен қоректендіреді, мезгілімен дәрігерлік көмек көрсетіледі.

Ешкі малы - текесі 60 – 65 кг - ға дейін, ешкісі 40 – 60 килограммға дейін
тартады. Жемденген ешкіден 20 – 28 кг ет, 4 – 6 кг май, жеті – он айлық
лақтан 12 кг ет, 1, 5 кг май алынады. Ешкі тұқымын асылдандыру, күтімі мен азықтандыруын дұрыс ұйымдастыру арқылы оның өнімділігін арттырады

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
17 865
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үй жануарлары.
Үй жануарлары.
Балалардың үй жануарлар туралы түсініктерін кеңейту, Олардың сыртқы келбетінің сипаттық ерекшеліктерімен, мінез - құлықтарымен, тіршілік әрекетімен таныстыру.
Түлкі мен ешкі
Түлкі мен ешкі
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді. - Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.
Сүт тағамдары, оның денсаулыққа пайдасы
Сүт тағамдары, оның денсаулыққа пайдасы
Бұл жұмыста жеке отбасылық шаруашылықтағы сиыр тұқымы туралы мағлұматтар жинақталды. Дүкенде сатылатын сүттің құнары мен құрамы са - лыстырылды. Жылдың әр мезгілдерінде жеке отбасылық шаруашылықтағы сиырлардың жеген азығына байланысты алынатын
Төрт түлік - төрт мүлік, Жүрміз бе, қадірін біліп?!
Төрт түлік - төрт мүлік, Жүрміз бе, қадірін біліп?!
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Восточный жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Зейден Достияр
Ата-бабаларымыздан қалған салт-дәстүрдің бірі - «Ерулік»
Ата-бабаларымыздан қалған салт-дәстүрдің бірі - «Ерулік»
Балқаш қаласы, Абай атындағы №2 лицейдің 2 сынып оқушысы Николаева Назерке Жетекшісі: Алибек Гүлмира Егінәліқызы
Төрт түліктің бірі сиыр
Төрт түліктің бірі сиыр
Ақтөбе облыс, Алға ауданы, В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебі Орындаған: Құдайбергенов Аян Ғылыми жетекшісі: Таскинбаева А. Х
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×