Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сакен Сейфуллин шығармасы

23 қазан 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Ғылыми жоба тақырыбы: Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,...
(Көкшетау поэмасындағы таулар сыры)
Жоба жұмысының мақсаты: Көкшетау поэмасындағы тау атауларының аңыздармен сабақтастығын анықтау
Міндеті:
- Ақын өлеңдеріндегі табиғатты суреттеулерін зерттеу, саралау;
- Табиғат сұлулығын адам тіршілігімен байланыстыруын байқау, аялауға үйрену, табиғаттың көркем бейнелерін көре білуге үйрену.;
- Ақынның ойын жас ұрпаққа насихаттау

Жобаның өзектілігі: С. Сейфуллиннің Көкшетау поэмасындағы табиғат суреттерінің адам өмірімен байланыстылығы, бейнелі сөз сұлулығы.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: С. Сейфуллин лирикасындағы табиғат суреттерінің өміршеңдігі жоғары, өзінің оқырмандарын рухани байытуға өз үлесін әрқашанда қосады, болашақ ұрпақтың өлеңдерден алары көп екендігін болжадым.
Зерттеу әдістері:
• Ізденіс
• Халық аңыздарын Көкшетау поэмасындағы табиғат суреттерімен байланыстыру
• Жүйелі қорытындылау

І. Кіріспе
Сәкен – біздің ұлттық мақтанышымыз,
ел үшін еңіреген ер, қайтпас қайсар күрескер.
Сәкен – өлеңнен өрнек өрген ақын... (Н. Ә. Назарбаев)

ХХ ғасырдың 20 - 40 жылдары жемісті еңбек еткен қазақ лириктерінің шығармашылықтарына көз салғанда олардың қай - қайсысының да айналып
өтпейтін нысанасы бар екенін көруге болады. Ол – табиғат. Табиғат лирикасының алғашқы белгі, нышандарын халық поэзиясынан байқауға болады. Шындығында да, қазақтың халық поэзиясында табиғат суреті, жаратылыс көріністері үлкен орын алатыны белгілі. Бұлай болуы заңды нәрсе еді. Кең далада көшіп жүрген, күнделікті өмірі жылдың төрт мезгілінде де кең сахарада, ашық аспан астында, өзен - судың жағасында өтетін қазақтың өзін әрдайым табиғаттың аясында, бауырында отырғандай сезінуі таңғаларлық құбылыс емес. Қай жазушының шығармасын алып қарасақ та, табиғат назардан тыс қалған емес. Табиғаттың атқарар рөлі де әр шығармада әр басқа. Бір шығармада кейіпкерінің қандай екенін көрсетсе, енді бір шығармада мінезін көрсетеді. Келесі бір шығармада табиғаттың жеке - дара өз әсемдігі берілсе, енді бірінде табиғаттың адам ерекшеліктерімен байланысын көрсетеді.
Қазақ халқының ұлы ақыны Сәкен Сейфуллиннің шығармаларының көбі ғажайып табиғат суреттері, қайталанбас сұлу көрініс, өйткені табиғат ақынға қанатты шабыт береді. Ақын өлеңдерінде табиғатты көркем суреттеумен қатар оны қазақ халқының тұрмыс - тіршілігіне, мінез-құлқына байланысты жырлады.
Зерттеу мақсатым: Көкшетау поэмасындағы тау атауларының аңыздармен сабақтастығын анықтау
Міндеті:
- Ақын өлеңдеріндегі табиғатты суреттеулерін зерттеу, саралау;
- Табиғат сұлулығын адам тіршілігімен байланыстыруын байқау, аялауға үйрену, табиғаттың көркем бейнелерін көре білуге үйрену.;
- Ақынның ойын жас ұрпаққа насихаттау

Менің ойымша, менің таңдаған тақырыбым оқушылардың ой - өрісін дамытуға, адамның табиғатпен қандай тығыз байланысы бар екендігіне ықпал тигізеді. Мен Сәкен шығармаларын оқып, зерттей келе, табиғат құбылыс адам тіршілігіне көп әсер ететіндігіне көзім жетті.
Табиғатты ақын өлеңдерінде қалай бейнелеп суреттегенін анықтау мақсатында әр түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізіп, көптеген кітаптарды оқып, сараладым. Осылай зерттей келе Сәкеннің табиғатты суреттеген Көкшетау поэмасындағы таулардың аталу сырына көңіл бөлдім.

2. 1. Сырға толы ғажайып өлке

Көкшетау поэмасы 1929 жарық көрді. Бұл кезең советтік өмірдің ең бір белеңді уақытымен шендесіп жатыр. Бұл поэма сынаққа көп ұшырады. Сәкенге бүгіннен алшақтап өткенді аңсадың, өткен дәуірге көңіл бөлдің деген айып тағылды. Осындай жан - жақты қысымға қарамай Сәкен құнды шығарманы дүниеге әкелді. Поэма 4 бөлімнен, 47 тараудан құрылған. Бастала бере Көкшенің әдемі табиғатын көлі мен терегін, қарағайы мен қайыңын, тау мен тасын, ауасы мен суын тамылжыта суреттейді. Табиғат сұлулығына, ел мен жер тарихын, ескі ақындарын, шежіресін қосып сұлулық пен рухани байлық үйлесімділігін жыр етеді. Ақын Оқжетпес, Жеке батыр, Бурабай атаулары жөнінде аңызды ел, жер тарихымен бірге береді. Ақын табиғат сұлулығына адамдар сұлулығын, жер, ел тарихының терең тамырын көркем бейнелер жан дүниесінің ізгілігіне сәйкестендіріп, Көкшенің қадір - қасиетін жерімен, онда тіршілік еткен елімен бірге жырлайды.
Ақынның әйгілі "Көкшетау" поэмасы қазақ жерінің ең бір көркем, сәулетті өңірінің естен кетпес мынандай керемет сұлу суреттерінен басталады:
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан - жақтан ертелі - кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен - сауын...
Мен бұл өлең шумақтарынан онда суреттелген мөлдіреген күміс айнадай сексен көлдің аясында, көк мұнарға оранып, көшкен бұлттармен есен - амандық сұрасып, сұлу жүзін әлсін - әлсін ақ жауынмен жуып, нұр жайнаған кербез ару Көкшетау табиғатының көріністерін өз көзімен көріп, жұпар ауасымен рахаттана тыныстап, қалың қарағай, ақ қайыңдарының сыбдырын өз құлағымен естіп тұрғандай әсер аламын.
Поэмадағы лирикалық кейіпкер - Көкшетау. Барлық оқиға «Оқжетпес», «Жұмбақтас», «Жеке батыр» айқын суреттеліп, Көкшетау образын ашып, күшейте түсуге жәрдем береді.
Сыршыл да ойшыл ақын, сұлулық жыршысы табиғатты онда мекендеген адамның көңіл күйімен, жасампаз еңбегімен байланыстыра жан бітіре суреттейді.
Сәкен Көкше аңыздарының ішінен Жеке батыр, Бурабай, Оқжетпес, Жұмбақтас туралы әңгімелерді бөліп алды.[4]
Сәкен ақын жырлаған Көкше. Көркіне көз тоймайды. Сұлулығына сұқтанасың. Туған еліңде осындай жер жаннатының барына шүкіршілік етесің. Көкше өңірі демалуға барған бір топ ақын - жазушыларды осылай бауырына тартты. Тылсым табиғаты құпия сырларына үңілтті. Өңірдің шырайы - шежіре, әр тасы - тарих, айшықты жері - аңыз...

2. 2. Қойнауы аңызға көмкерілген сұлу Көкше.

Сәкеннің «Көкшетау» поэмасы негізінен, Көкшетауға байланысты осындай халық аңыздарына құрылады. Дәл осы тұрғыдан «Көкшетау» поэмасы қазақ әдебиетіне інжу – маржан боп тағылған құнды дүние десек болады.
Ақын поэманың шығармалық сюжетін, адамдардың арасындағы қарым - қатынасқа құрған. Оқиғалар, қақтығыстар, іс - әрекеттер кейіпкерлердің мінезін ашып көрсеткен.
Поэмада Көкшетауға байланысты ел ішінде айтылып, бірден - бірге көшіп келе жатқан аңыз - әңгімелерді жігін ажыратқысыздай ұжымдастырып, ақындық құдіретпен жырлай білген.
Поэманы көкше табиғатының сұлу көркін суреттеуден бастаған ақын, ол туралы ел ішінде толып жатқан аңыздар барлығына назар аударады.

Жеке батыр.
Болыпты баяғыда Жеке батыр,
Тау бағып жатады екен тігіп шатыр.
Бір күні қарауылда қалғып кетіп,
Сол батыр бүгінгіше ұйықтап жатыр.
- иә, табиғат қандай сұлу таудың өзі де батыр бейнесінде ұйықтап жатыр.
Жеке батыр – Бурабай тауының солтүстігінде орналасқан тау.
Бурабай ауданы жерінде. Алыстан таудың нобайы сақтықты ойлап дулығасы мен болат сауытын шешпей мәңгі ұйқыға кеткен сақалды батырдың бейнесін елестетеді. Аңыз бойынша ертеректе алып күш иесі, арманшыл бір батыр осы өңірде өмір сүріпті. Жас кезінде уайым - қайғы дегенді елемей өзінше думандатып өмір сүреді. Ер жеткенде жоқшылық пен халық мұңын көріп, қабағын кірбің шалады. Туған жеріне жоңғарлар мен қалмақтар жиі - жиі шапқыншылық жасап отырған. Ауылдардың шаңын аспанға көтеріп, астан - кестең қиратып, жау әскері төрт - түлік мал табындары мен қорғансыз адамдарды айдап кетеді. Ал ел іші бір - бірімен қалыңдық пен жайылымдыққа таласып, күнде қырқысып, ауыз бірлікке келе алмайды. Бұны көрген жас батыр бәріне қолын бір сілтеп, ауылдан кетуді ойлайды. Еркін жүріп, бақ пен байлық іздегісі келеді. «Мүмкін болса ауылдастарыма жақсылық жасасам сонда олар тынышталар ма еді» – деген оймен кетпекші болып, өзіне болат қылыш пен дулыға, үстіне сауыт соғып киіп, бақыт іздеп жолға шығады. Жол үстінде Жеке батырға басқа ауылдың батырлары жолығады. Олар да бақыт жолына жалғыз шыққан екен. Жаумен бірінші болып қазақ батыры жолығады. Қалың қол оның алдын бөгеп, қоршауға алады. Ол жаумен ұзақ шайқасады. Жау қара масадай құжынап, шегірткедей үймелеп, батырдың үстіне шығып кетеді. Оның көзі көрмей, құлағы естімей қалады. Сонда ғана ол бақыт үшін жалғыз күресудің қате екенін түсінеді, аһ ұрып өкінеді. Алып тұлғалы батыр әл - дәрмені құрып, туған даласына шалқасынан құлап түсіп, тасқа айналады, мәңгілік ұйқыға беріледі. Жеке батыр бетегелі далада тас болып жатыр.[6]
Поэманы оқып отырғанда Сәкеннің негізгі ойы — Көкшенің көркем табиғатын жырлау болғандығын байқау қиын емес. Ол қандай уақиғаны әңгімелесе де Көкшетаудың табиғат байлығымен, көлінің, тауының әсем көріністерімен байланыстырып, соған меңзей отырады. Кейде ол өзінше тауға, шыңға, көлге портрет, мінездеме береді. Жеке батырды ол ұйықтап жатқан батыр күйінде:
Батырдың қырыққа таяу келген жасы,
Денесі биік жота, таудай басы,
Сақалы төсін жапқан, қыр мұрынды,
Киюлі баста жатыр дулығасы,— деп бейнелейді.

Толық нұсқасын жүктеу
43 484
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сәкен Сейфуллиннің "Көкшетау" поэмасындағы Абылай хан бейнесі
Сәкен Сейфуллиннің "Көкшетау" поэмасындағы Абылай хан бейнесі
Сәкен Сейфуллиннің "Көкшетау" поэмасындағы Абылай хан бейнесі. Қайсар мінезді Абылай ханның есімі тарихи деректерде, ақын - жыраулардың толғауларында, көркем шығармаларда, тарихи романдар мен дастандарда көп аталады.
Ілияс Жансүгіров «Көкшетау»
Ілияс Жансүгіров «Көкшетау»
І. Жансүгіровтың әдебиетші, көсемсөз шебері, ақындығын таныту. Оқушыларды өз ойын ашық айтуға, еркін сөйлеуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, іздемпаздыққа баулу. Қазақстанымыздың сұлу жерлерінің табиғатымен мақтаныш етіп, оны құрметтеп, бағалауға
Сәкен Сейфуллин – ақиық ақын
Сәкен Сейфуллин – ақиық ақын
Астана қаласы, «№3 мектеп - гимназиясы» КММ қазақ тілі мұғалімі Сокпакбаева Замзагүл Абылмашевна
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
Бастауыш сынып мұғалімі Жолшибекова Индира Тұрғанбекқызы
Ою-өрнектің мәні мен мағынасы
Ою-өрнектің мәні мен мағынасы
Орындаған: 4 сынып оқушысы: Ящук Анна Жоба жетекшісі: Байбатырова Г. М.
Сәкен Сейфуллиннің "Көкшетау" поэмасы
Сәкен Сейфуллиннің "Көкшетау" поэмасы
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды ақынның өмірімен таныстыру. Өлеңдерін жатқа айтқызу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×