Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғылыми жоба "Көктемнің алғашқы гүлі -Бәйшешек"

30 қаңтар 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Ғылыми жоба "Көктемнің алғашқы гүлі -Бәйшешек"

Бәйшешектен білеміз
Көктем келіп қалғанын.
Мәз боламыз, күлеміз,
Көрсек гүлін жарғанын.
Қараторғай келіпті ,
Үйшік жасап берейін.
Алғашқы гүл көрікті –
Бәйшешекті терейін

Алай - дүлей мінезді қыстың құрсауынан құтылдық. Жер - дүниеге жылу сыйлаған көктем есік қағып тұр. Осындайда бәйшешек гүлі ойға орала береді. Оны көктемнің хабаршысы дейді жұрт. Жер - Ананың буыны босаған сәтте жер бетінде қаулап шыға келер еді. Гүлдің неше алуан түрі шығатын. Алдымен бәйшешек бойын тіктер еді - ау. Жердің бетінде сол гүл көбірек көрінетін. Сол бәйшешек неге азайды? Қазір жердің ылғалы кеміді. Бұрын әр ауылдың іргесінде өзен - көлдер болатын. Бүгінгі күні олар да тартылып кеткен. Оған мән беріп жатқан ешкім жоқ. Суландыруға көңіл бөліне бермейді. Ілгеріде жауын - шашын да көп болушы еді. Бәйшешек жер жүзінің бірқатар бөліктерінде өседі. Әсіресе, Еуразия мен Жерорта теңізінің маңынан көбірек кездеседі. Қазақстанның Алатау тауының бөктерінде, Қаратау баурайында шығады. Гүлдейтін уақыты – наурыз айы. Бұл уақытта өзге өсімдіктер әлі де көктеп шыға бермейтінін білеміз. Қысқасы, бәйшешек ерте гүлдеп, жердің тоңын жібітіп, адамзат баласына қарбалас тіршілікке толы көктем мезгілін алып келеді. Сондай - ақ, жазғытұры келгеннен бәйшешек жұлғыштар да көбейе түседі. Әрине, біреулер анасын, жан - жарын, қарындастарына гүл сыйлап қуантқысы келетіні анық. Алайда сол кезде бәйшешек біткен азайып, оның шыққан аумағы да тарылып, көзден ғайып бола түседі. Қазіргі таңда ірі қалалар маңында оны емге іздесең де таба алмайтын күйге түсіп барамыз. Тіпті, елді мекендер маңында да ол көзге ұшыраса бермейді. Басқа да мақсаттарда есепсіз жұлынған бәйшешек осылайша қас пен көздің арасында еліміздің «Қызыл кітабынан» орын алып, арнайы қорғау шарасы жүргізілуде. Осының салдарынан көркем көрінетін аталмыш гүл аялы алақан күтетін жағдайға жетті. Оны қаншалықты қорғай аламыз?

Негізгі бөлім
Күнгей алатауларының бөктерлерінде өсетін бәйшешек гүлінің тағдыры эколог мамандарды алаңдатуда. Неге дейсіз ғой? Көктем шығысымен өсімдік атаулының ішінде бірінші болып гүл жарып, шешек ататын, сөйтіп бөктерлер мен қырларда құлпыртатын, табиғат ананы қуанышқа бөлейтін, адамзатқа тамаша көңіл - күй сыйлайтын бәйшешектер елімізде азайып бара жатыр. Бәйшешек жойылу қаупінде тұр. Ол көп теріледі. Әсіресе, Алматы қорығы мен Іле Алатауы ұлттық паркі маңында бұрынғы жылдарда көп өскен. Сонымен қатар, еліміздің оңтүстік бөлігін бойлай жатқан қарт Қаратауды жағалай қоныс тепкен Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары аумағында да кездеседі. Дегенмен табиғаттың түрлі себептерімен және адамдардың оған деген жанашырлығы жоқтығынан қазір өте сирек кездесетін болды. Әрине, оған бейжай қарауға болмас. Өйткені, қоршаған ортаның әрбір құндылығы тұрғындар үшін бағалы байлық емес пе? Біздің осыны ескере алмай жүргеніміз өкінішті.

Таратып айтқанда, бәйшешек — құртқашаштар тұқымдасына жататын көп жылдық тамыр түйнекті өсімдіктер. Оның Еуразияда, Жерорта теңізінің жағалауларында шалғындықтар мен құрғақ аралас ормандарды мекендейтін ғылымға бәйшешектің 80 - ге жуық түрі белгілі. Көктемгі бәйшешек атауы латын тілінің «приму» - «алғашқы» немесе «көктемгі» сөзінен шыққан. Бәйшешектің емдік қасиеті бар. Бәйшешектер Қазақстанда негізінен Іле, Жетісу (Жоңғар), Теріскей Алатауларында, Ұзынқара (Кетпен) жотасында, Қаратауда өседі. Бәйшешек ерекше сары - алтын түсті бір жағына қарай еңкейген және кілттер бумасына ұқсас шатыршалардағы қоңырау түрлі гүлдерімен гүлденеді. Бәйшешектің биіктігі 10 - 30 сантиметрдей. Тамыр түйнектері ұзынша немесе шар тәрізді домалақ болады. Шоғырланып біткен таспа жапырақтарының саны — 6 - 9, ұзындығы — 10 - 12 сантиметр. Сары немесе көкшіл түсті дара гүлінің гүл қоршауы қарапайым күлте жапырақшалардан тұрады. Гүл қоршауының ортасынан ұзындығы 10 - 15 сантиметрдей түтік шығады да, гүлі сол түтіктің ұшында жетіледі. Аталығы үшеу, аталық жіптері қысқа болады. Аналығы біреу, ол 3 жеміс жапырағынан тұрады. Жемісі - үш ұялы, көп тұқымды қауашақ. Наурыз - мамыр айларында гүлдейді. Гүлдері түнге қарай және бұлтты күндері жабылып қалады. Оларды аралар немесе көбелектер тозаңдандырады. Бәйшешектер негізінен сәндік өсімдіктер. Гүлдің 6 түрі қызыл кітапқа енгізілген. Жоғарыдай айтқандай, бәйшешектердің табиғи түрлері еліміздің таулы беткейлерінде кездескенімен, оның гүлпарлы және жай күлтелі түрлері көгалдандыру мақсатында шет елден әкелініп, жерсіндіріледі. Сол себепті бәйшешек түрі мен сұрпына қарай әр мезгілде гүлдейді. Оның кейбір түрі желтоқсан, қаңтар айларының аралығында гүлдесе, енді бірі наурыз және сәуір айларында гүл жарады. Ғалымдар бәйшешектің гүлдеуі сұрыпына ғана емес, өскен жерінің климатына, ауа - райына да байланысты екенін айтады. Сондықтан да бәйшешек кешігіп немесе уақытынан ерте гүлдеп жатса, таңданудың қажеті жоқ.
Бәйшешекке көп күтім көрсетілмейді. Тек адам аяғы таптамайтын жерге егіп, гүлдеп біткен соң түбін қопсытып, қоректендіру қажет. Ал бұл гүлді 4 - 5 жылда бір рет түбін бөлу арқылы көбейтуге болады.
Ғылыми жоба "Көктемнің алғашқы гүлі -Бәйшешек" жүктеу
4 765
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көктем гүлдері
Көктем гүлдері
Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыра отырып, дүниетанымын кеңейту.
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
Бәйшешек
Бәйшешек
Көктемнің алғашқы гүлі бәйшешек туралы түсініктерін кеңейту.
Бәйшешек. Жауқазын
Бәйшешек. Жауқазын
Оқушыларда заттың атын білдіретін сөздер туралы ұғымды меңгерту. Гүлдердің қасиеті, мәні туралы әңгімелеп, балалардың эстетикалық сезімдерін қалыптастыру.
Көктем гүлдері
Көктем гүлдері
Астана қаласы, № 8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Оспанова Ляззат Толеуовна
Көктем
Көктем
Көктемгі табиғат өзгерістері туралы түсінік беру. Сабақты табиғатпен байланыстыру, тіл байлығын кеңейту сөздік қорын молайту. Оқушы танымдылық белсенділігін арттыру. Көктемде өлі табиғат тірі табиғатта болатын өзгерістерге сәйкес бұрыннан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×