Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қоқыс дерті - ғасыр қасіреті

27 қаңтар 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Тақырыбы: «Қоқыс дерті - ғасыр қасіреті»
Зерттеу мақсаты: Жер ғаламшарының шамадан тыс қоқыстар мен өндіріс қалдықтарымен ластану статистикасын есептей келе қоқыс қасіретінің ғаламдық мәселе екендігін дәлелдеу.

Міндеттері:
1) 1) Горбология – қоқыстану ғылымы жайлы деректер жинау
2) Қоқыстардың зияндылығын, сақталу мерзімі туралы кесте сызу
3) Тұрмыстық қалдықтарды екінші рет пайдалану жайлы оқушылармен сұхбат жүргізу, шығармашылық жұмыстар жинастыру
4) Балқаш қаласындағы СЭС орталығындағы коммуналды қызмет адамдарымен кездесу
5) Зертханалық жұмыстар жасау
Қорытынды нәтижесі:
- Қоқыс қасіреті мәселесі толық ашылған.
- Негізгі нәтижесі аталған тақырып бойынша қажетті деректер дұрыс таңдай білген.
- Ізденіс жұмыстарының басты жаңалығы экологиялық тұрғыдан дұрыс алынған.

Кіріспе
1. Экология: міндеттері мен келешегі
Білімнің барлық салалары сияқты, экология үздіксіз дамып келді, бірақ ол бірде тез, бірде баяу болып отырды. Гиппократтың, Аристотельдің, басқа да көне грек философтарының еңбектерінде айқын экологиялық сипаттағы деректер бар. Сонымен бірге гректер «Экология» деген сөзді білмеген. Бұл салаға «Биологиялық қайта өрлеудің» (18 - 19 ғасыр) көптеген ұлы қайраткерлері де өз үлесін қосты. Мысалы, 18 ғасыр басындағы алғашқы микроскоппен зерттеушілердің бірі ретінде көбірек танымал болған Антон Ван Левенгук, сонымен қатар осы күнгі экологияның маңызды екі саласын – «Қоректік тізбектерді» және популяция санының динамикасын зерттеудің пионері болып табылады.

Кез келген ғылым саласы сияқты, экологияның екі аспектісі бар. Оның бірі – таным шеңберін кеңейту. Бұл бағытта бірінші орынға табиғат дамуының заңдылықтарын ашу және оларды түсіндіру қойылады. Екіншісі – жинақталған
білімдерді қоршаған ортаға қатысты проблемаларды шешу үшін қолдану. Экология маңызының барған сайын артуын – практикалық маңызы бар бірде бір ірі мәселе табиғаттың жанды және жансыз компоненттері арасындағы байланыстарды ескермей шешілмейтіндігімен түсіндіруге болады.

2. Қоқыс – ғасыр мәселесі
Диван, чемодан, саквояж, кәрзеңке, картина, картон, велосипед, теледидар, тоңазытқыш – бұл бір текті емес заттар бірнәрсені құрайды: уақыт өткен сайын олар тозады және қоқысқа айналады.
Біздің планетамыздың тұрғындарының әрбір 6 миллиардына жылына 1 тоннаға жуық тұрмыстық қоқыс сәйкес келеді. Бұл миллиондаған тозған және соғылған автомобильдер, сондай - ақ өнеркәсіптік қалдықтарды санамағанда. Егер бір жылда жиналған барлық қоқысты құртпай және өңдемей, үйіндіге айналдырса, Еуропаның ең биік тауының шыңы – Эльбрус тауының биіктігіндей (5642 м) – болар еді.

Адамның өмір сүруі нәтижесінде пайда болған қоқыстың орасан көп мөлшері, оны қайта өңдеумен айналысатын өнеркәсіп салаларының пайда болуына әкелді. Тіпті аудармасында қоқыстану дегенді білдіретін гарбология жаңа ғылыми бағыт пайда болды. Әлемнің гарбологтары адамзат өміріне енген қоқыс тұйығынан шығудың жолдарын іздеуде.
Ал қоқыс жыл өткен сайын көбею үстіне көбеюде. Неге?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
17 390
0
  • 60
2 дауыс


Жаңалықтар
Экология
Экология
Қазіргі кезде экологиялық мәселелерге ауаның ластануы, жердің тозуы, мұнай қалдықтарының мұхит, теңіз суларын ластауы жатады.
Қоқыс – ғасыр мәселесі
Қоқыс – ғасыр мәселесі
Қоқыс - еліміздің дамуына кесір. Қазіргі кезде бәрімізді қатты алаңдатып отырған жағдай – табиғатымыздың тікелей адамның іс - әрекетінен ластанып, бұзылуы.
Тәрбиешілерге арналған психологиялық жаттығулар
Тәрбиешілерге арналған психологиялық жаттығулар
Тәрбиешілердің психикалық көңіл – күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, ұжымдық сыйластық қарым – қатынас орнату.
Есірткі – әлем дерті
Есірткі – әлем дерті
Ш. Уәлиханов атындағы № 26 орта мектебінің 7 сынып оқушысы Айтуар Мақсат
Аймақтағы тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу
Аймақтағы тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу
Абай ауданы, Топар кенті, Абай атындағы мектеп гимназияның 10 - сынып оқушысы Смагулова Самал Жетекшісі: химия пәні мұғалімі Тауекелова Сандугаш Рымбековна
Суды тиімді пайдалану
Суды тиімді пайдалану
Хромтау қаласы, №5 мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Укубаева Ырсалды Зийнолевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×