Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кальций және оның қосылыстары

18 қараша 2014, Сейсенбі
Категориясы: Химия
Тақырыбы: Кальций және оның қосылыстары
Химия 9 - сынып
Мақсаты:
а) білімділік: оқушыларда кальций элементінің атом құрылысы, таралуы, алынуы, қасиеттері, қолданылуы, қосылыстары туралы жаңа білім қалыптастыру;
ә) дамытушылық: оқушылардың зейінін, танымдық белсенділігін, өзіндік пікірін қалыптастыру, логикалық ойлау қабілетін, тұлғалық қасиеттерін дамыту;
б) тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Көрнекілігі: сызбалар, суреттер
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту;
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
І. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
ІІ. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасы:
1. Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі металдардың құрылысына салыстырмалы сипаттама беріңдер.
2. Металдардың электрохимиялық кернеу қатарын кім ұсынды?
3. Сілтілік және сілтілікжер металдарын атаңдар.
4. Екідайлы қасиеттер көрсететін металдар мен бейметалдарды салыстырыңдар

ІІІ. Жаңа сабақ барысы:
Кальций - жер қыртысында 5 - орын. Массалық үлесі 3, 6%. Адам ағзасында 70 кг салмақта 1200 - 1700г кездеседі.
Табиғатта көптеген қосылыстардың құрамына енеді:

Са

фосфорит
бағалы ұлутас
гипс
цементтік, отқа төзімді саз
аппатит
флюорит
әктас
минералдар (маржан, коралл, перламутр, т. б.)

Кальцийді 1808 жылы ағылшын ғалымы Г. Дэви ашты.
Өнеркәсіпте кальцийді тұздарының балқымаларын электролиздеу әдісімен алады:

Қолданылуы және биологиялық ролі.
Ересек адам ағзасында 2% кальций болады, оның 99%- ы тістер мен сүйектерде кездеседі. Са2+ ионы қанның ұюына әсер етеді. Ең бірінші, кальций ас қорыту жұмы¬сына, жүйкеге, адамның қорғаныс қабілетінің жетілуіне және шәуһат өндіру жүйесіне қатысады.
Екіншіден, кальций қанды тазалау және жүректің бірқалыпты жұмыс істеуіндегі басты құрам болып табылады. Адам салмағының 9 пайызын қан құрайды, ал жүрек – қанды айдайтын «насос».
Кальцийдің үшінші міндеті – жүйке жүйесі арқылы белгі беру. Оны ми басқарып отырады.
Кальций, төртіншіден, бұлшық еттердің ширығуы мен босаңсуына жауап береді.
Егер кальций жетіспесе, адамның сезу, көру, сөйлеу, тағы басқа мүмкіндіктері бұзыла бастайды.
Егер кальций аз болса, ми безі ағза мүшесінің белгілі бір бөлігіне бұйрық береді де, ол басқа бір мүшенің есебінен толықтырылады. Мысалы, сүйектегі қанды алып, оны қан құрамының өзегіне қосады.
Кальций жетіспеушілігі адамды іштен «кеміріп», түрлі сырқаттарға соқтырады екен.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 374
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кальций және оның қосылыстары
Кальций және оның қосылыстары
Кальций және оның қосылыстарының табиғатта кездесуі, физикалық, химиялық қасиеттері, биологиялық маңызы, қолданылуы туралы жаңа білімді игеріп, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.
Кальций және оның қосылыстары
Кальций және оның қосылыстары
Кальций және оның қасиеттері туралы толық мағлұмат ала отырып, олардың алыну әдістері мен қасиеттерін химиялық реакция теңдеулері арқылы жазып, дәлелдей алады.
Кальций және оның қосылыстары. Қазақстандағы кальций қосылыстарының маңызды кен орындары.
Кальций және оның қосылыстары. Қазақстандағы кальций қосылыстарының маңызды кен орындары.
Оқушыларға қазақ халқының ертеден пайдаланып келе жатқан металдар мен құймалар, олардың қасиеттерін, тарихын, кездесетін жерлері туралы білімдерін нығайту.
Кальций және оның қосылыстары
Кальций және оның қосылыстары
Кальций және оның қосылыстарының табиғатта кездесуі, физикалық, химиялық қасиеттері, биологиялық маңызы, қолданылуы туралы жаңа білімді игеріп, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.
Кальций. Периодтық жүйедегі орны, қасиеттері
Кальций. Периодтық жүйедегі орны, қасиеттері
Кальций және оның қосылыстарының табиғатта кездесуі, физикалық, химиялық қасиеттері, биологиялық маңызы, қолданылуы туралы оқушылардың түсініктерін кеңейтіп, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру арқылы пәнге деген қызығушылығын, таным
Металдар тарауын қайталау 9 сынып
Металдар тарауын қайталау 9 сынып
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Абай ауылы, Абай атындағы №90 орта мектептің химия пәні мұғалімі Жалелова Динара
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×