Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Баяндама. Химия пәнінен оқушылардың құзыреттілігін дамыту жолдары

27 сәуір 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Химия
Қостанай облысы, Аманкелді ауданы,
Аманкелді жалпы білім беретін орта мектептің
химия пәнінің мұғалімі: Абдикова К.Ш.

Баяндама.
Химия пәнінен оқушылардың құзыреттілігін дамыту жолдары.
Қазір ғалымдардың зерттеулерінде құзыреттілікті қалыптастыру білім беру мазмұны құралдары арқылы жүзеге асатыны, осыдан келіп оқушының қабілеттілігі дамитыны және күнделікті өмірдегі шынайы проблемаларды – тұрмыстық мәселелерден бастап, өндірістік және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкіндіктері пайда болатындығына баса назар аударылып отыр.
Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабына сай туындайтын қажеттілік.

Қазiргi таңда бiлiм беру жүйесiндегi оқушының құзыреттiлiгiнiң теориялық негiзiн айқындап алу үшiн, «құзыреттiлiк» деген ұғымға нақты тоқталатын болсақ: құзыреттiлiк - жеке тұлғаның кәсiби iс - әрекеттi атқаруға теориялық және практикалық әзiрлiгi мен қабiлеттiлiгінiң бiрлiгi. Яғни құзыреттілік - жеке тұлғаның бiлiмiмен тәжiриебесiн нақты бiр жағдайда қолдана бiлу iскерлiгiмен байланысты тұлға қасиетiн бiлдiретiн ұғым. Кей жағдайда бiлiктiлiк ұғымын құзыреттiлiк ұғымымен нақтылайды, алайда бұл екi ұғымда салыстарған жағдайда, құзыреттiлiк ұғымының мағынасы кең. Себебi: құзыреттiлiкке бiлiктiлiктi сипаттайтын таза кәсiби бiлiммен iскерлiкке қоса, топта, әлеуметтiк ортада жұмыс iстеуге ынталылық, ынтымақтастық, қабiлеттiлiк, оқу, бағалау, логикалық ойлау, ақпарат алу оны пайдаланут. б. iскерлiктер жатады.

Қазiргi бiлiм беру жүйесiнде оқушының құзыреттiлiгi мына үш аспектiнiпен сипатталады:
- Мәндiк аспект - ахуалды жете түсiну, оны ұғыну, және оған деген қарым - қатынас, теориялық негiзiн, маңызды мәселелердi ұғыну;
- Проблемалық - практикалық аспект - оқушының алдына мақсат, мiндет нормалары қойып және орындау жолдарын анықтау;
- Коммуникативтi аспект - оқушының осы үрдiске, ахуалға қатысын және өзара ықпал жасауын қамтамасыз етедi.

Жоғарыда аталып кеткен аспектiлердi талдай отырып, бiлiм беру жүйесiндегi мұғалiм құзыреттiлiгi жансыз жаттанды бiлiм түрiнде емес, оқушының жеке тұлға ретiнде танымға, ойлауға қатысын, әрекетке, белгiлi бір мәселелердi ұсынып, шешiм жасауға, оның барысы мен нәтижесiн талдауға, ұтымды түрде ескертулер мен түзетулер енгiзiп отыруға деген iскерлiгiнiң белсендiлiгiнен көрiнедi.

Құзыреттiлiк - оқу нәтижесiнде өзгермелi жағдайда меңгерген бiлiм, дағдыны тәжiрибеден қолдана алу. Проблемены шеше бiлу, оқушылар дайындығы сапасының құрамдық сипатын анықтатын жаңа сапа.

Сонымен орта бiлiм беру тұжырымдамасында оқушыдан орта бiлiм берудiң негiзгi күтiлетiн нәтижелерi ретiнде мектеп түлегiнiң негiзгi құрлылығы төмендегiше анықталады:
1. Құндылықты - бағдарлы құзiреттiлiк - жасампаз қоғам өмiрiнде өз ролiн таба бiлу бiлiктiлiгi, азамматық белсендiлiк, саяси жүйенi түсiну, ең бастысы - өз Отанының патриоты болу.
2. Мәдениеттанымдылық құзыреттiлiк - рухани келiсiм мен толераттық идеяларына бейiм болу. Өз халқының мәдениетi мен әлемнiң мәдени көп түрлiлiгiн түсiну, бағалау: жалпы азаматтық мәдениет жетiстiктерi мен этномәдниеттiк құбылыстарды тани бiлу.
3. Оқу - танымдылық құзыреттiлiгi - оқушының зерттеу әрекетi мен өзiндiк оқу - танымдылық процесiн қамтамасыз ететiн кешендi құзырлық. Әлемнiң ғылыми бағытын iзденушiлiк - зерттеушiлiк әрекет арқылы игеру.
4. Коммуникативтi құзыреттiлiк - адамдармен өзара әрекет пен қарым - қатынас тәсiлдерiн бiлу, түрлi әлеуметтiк топтармен жұмыс iстеу.
5. Ақпараттық технологиялық құзыреттілік - өз бетінше іздей білу, талдау, таңдай білу, ақпараттық технологияны игеру, интерпртациялау.
6. Әлеуметтік еңбек құзыреттілігі - отбасылық, еңбек, экономикалық, саяси, қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді қоғамдық азаматтық тәрбие мен білімге ие болу. Әлеуметтік - қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасап, шешім қабылдай білу.
7. Тұлғалық өзін өзі дамыту құзыреттілігі - қызметін өзіндік қадір қасиет сезімімен ұйымдастыра білу, өзінің өмірі мен ісіне жауапты қарау, өз мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарламен салыстыра білу, сонда осында мектеп түлегі бірнеше құзыреттілігін игеруге міндетті. Ол:
1. Арнайы құзыреттілік - өзінің кәсіби қызметпен жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілет.
2. Әлеуметтік құзыреттілік - бірлескен кәсіптік қызметпен шұғылдану/ топпен/ қабілеті, қызметету, кәсіби қарым - қатынас тәсілдерін қолдану.
3. Білім алу құзыреттілігі - білім алу қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге қызығушылығы және білім беру қызметінде субъектілік және креативтіліктің дамуына ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу іскерлігі.

Қазіргі кезде химия пәнін мектепте оқытудың мақсаты мен міндеттері заман талабына қарай өзгерді. Мен бұл пәнді оқыту барысында алдыма қойған мақсаттарым:
• Оқушыны химия пәні арқылы мамандыққа баулу.
• Оқушының білім – білік дағдыларын қалыптастыру.
• Білім алуға деген ынтасын арттыру.
• Оқушының белсенділігі мен іскерлігін арттырып, шығармашылыққа баулу.
• Химиялық тілді, теориялық білімді практикамен ұштастыру.
• Мамандығына байланысты химиялық үрдісті түсіндіре алатын жеке тұлға қалыптастыру.

Құзыреттілік тәсілді жүзеге асырудың білім берудің қолданбалы, практикалық сипатын күшейту болып табылады. Бұл бағыт оқушы мектепте алған білімдерінің қандай нәтижелерінің мектептен тыс жерлерде пайдалана алады деген қарапайым сұрақтан туған. Бұл бағыттың мәні мектепте оқылғанның бәрі болашақта тиімді болуы керек, яғни пайдаға асуы тиіс деген ойда. Мәселен, оқушылардан формуланы білуді, сондай - ақ осы формулаларды қолданып, есептер шығара білуді талап етуге болады. Білім беру мазмұнын осы тұрғыдан қайта қарау өте пайдалы болар еді. Нәтиже бағдарланған оқыту, яғни құзыреттілік тәсіл, ең алдымен мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру және дамытуды талап етеді. Құзыреттілік тәсіл тұлғасынан қарайтын болсақ, онда мұғалімнің тілдік құзыреттілігінің маңызды бөлігі ретінде қарастырылуы тиіс. Химияны меңгертуде формулалардың маңызы зор, сондықтан сабақ барысында формуланың жалғасын табатын перфокарталардың да алатын орны ерекше. Сонымен қатар оқушыларға әр түрлі тақырыптарда жеке жұмыстар тапсыруда сабақты тереңдете түседі, осы зерттеген тақырыптарын ортаға салуға мүмкіндік беремін. Осындай әдіс - тәсілдер арқылы әр сабақта жұмыс істеу барысында оқушылардың білімдері тереңдейді, есте сақтау, химиялық тілмен сөйлеу қабілеттері дамиды және олар ізденімпаздыққа, үнемділікке тәрбиеленеді. Өз тәжірибе жұмыстарымды қорытындылай келе химиялық білімнің кәсіби мамандыққа бағытталуы дағды мен іс әрекет негізінде өздігінен ізденетін, өздігінен шешім қабылдайтын, нарық заманында өмір сүріп, адал еңбектенетін, бәсекелестікке қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға септігін тигізеді деп сенемін. Пән мұғалімі ретінде алдыма қойған мақсатым - оқушылардың ғылыми ізденісін шыңдап, қабілетін арттыруда ғылыми ізденіс жұмыстарында үлкен шығармашылық еңбек, тың деректерді пайдалану қажет деп есептеймін.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 031
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Білім берудегі құзырлылық
Білім берудегі құзырлылық
Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады. К. Д. Ушинский. Орыс педагогы К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп,
Қазақ тілі мен әдебиетін инновациялық технологиялар негізінде оқыту арқылы білім сапасын арттыру
Қазақ тілі мен әдебиетін инновациялық технологиялар негізінде оқыту арқылы білім сапасын арттыру
Білім мен тәрбие - адамгершілігі мол тұлға қалыптастырудың қос қанаты. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат міндеттерінің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Менің педагогикалық ұстаныным
Менің педагогикалық ұстаныным
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №30 "Гүлдер" бөбекжайы тәрбиешісі Дербисова Жадыра Саниязовна
Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ - ға дайындаудың тиімді жолдары
Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ - ға дайындаудың тиімді жолдары
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Мектепке дейінгі шағын орталығы және гимназия сыныптары бар №28 жалпы білім беру орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Зиғаева Сантөре Жәнібекқызы
Жеке тұлғаны қалыптастыру
Жеке тұлғаны қалыптастыру
Мемлекеттің білім саясаты ең алдымен мектептер арқылы жүзеге асатыны айдан анық. Оның ішінде заман талабына сай педагогика, психология теориясын меңгерген, өмір тәжірибесі мол, ізгі, іскер, шығармашыл педагогтардың атқаратын рөлі ерекше.
Математика сабағында өздік жұмыс жүргізу арқылы жеке тұлғаның құзыреттілігін дамыту жолдары
Математика сабағында өздік жұмыс жүргізу арқылы жеке тұлғаның құзыреттілігін дамыту жолдары
Астана қаласы, №53 мектеп – лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Аманова Т. С
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×