Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тапқыр химиктер

17 сәуір 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Химия
Тақырыбы: «Тапқыр химиктер»
Мақсаты:
Өтілген материалдарды қайталау мақсатында сынып оқушыларын 2 топқа бөліп топтық сайысу, оқушыларды жылдам әрі тез ойланып жауап беруге дағдыландыру, оқушылардың қызығушылығын арттыру.

Жүргізуші: Шеберлікті, білімді,
Сараптап сіздер көріңіздер.
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңіздер.

Жүргізуші: Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер,
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.
Жастықтың ойы қайдасың,
Жүректі түртіп қозғамай
Ғылымның біліп пайдасын
Дүниенің көркін болжамай – деген ұлы Абай атамыздың өлең жолдары арқылы сайысымызды бастаймыз.
Жүргізуші: - Сайысымызды бастамастан бұрын әділ қазылармен таныстырып шығайық.
Көңілді тапқыштар білімділер
Бар өнерін алдарыңа салады
Кім білімді, көп оқыған болса егер
Бүгінгі күннің жеңімпазы болады
Әр топ басшысы өздерінің топтарымен таныстырады.

I кезең:
Таныстыру
Әр топ басшылары өз топтарын таныстырып өтеді.
Жүргізуші: Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз – дей келе біз келесі кезең – бәйгені бастайық.

ІІ. кезең
Әр топқа 12 сұрақтан беріледі
1 – топ
1. Қай галоген бактерияларды өлтіріп, денсаулықты қорғайды? (хлор)
2. Әрі жеңіл, әрі жұмсақ металл? (литий)
3. Металдардың кернеу қатарын жасаған ғалым? (Н. Н. Бекетов)
4. Темекі құрамындағы қышқыл? (никотин)
5. Қазақстанның қазба байлықтарының картасын жасаған кім? (Қ. Сәтбаев)
6. Жасушаны зерттейтін ғылым саласы? (цитология)
7. Адам ағзасында қай элемент жетіспеуінен тіс жиегі ауруына ұшырайды? (фтор)
8. Өмір мен ойдың элементі (фосфор)
9. Тұқым қуалайтын өзгергіштік (мутация)
10. Натрий неше валентті? (1 – валентті)
11. Электрондарды қосып алу үдерісі? (тотықсаздандыру)
12. Темірдің атомдық массасы (56)
2 – топ
1. Менделеевтің периодтық жүйесінде қанша металл бар? (89)
2. Күмістің атомдық массасы? (108)
3. Металдардың тотығу дәрежесі қандай? (оң)
4. Аса бағалы металдар (алтын, күміс, платина)
5. Адам ағзасында сүйектің құрамына кіретін металл? (кальций)
6. Құрамында қызыл фосфор бар, тұрмыста өте қажет зат (сіріңке)
7. «Білім бұлағы» (оқулық)
8. «Ақ маржан» аталатын дәнді дақыл? (күріш)
9. Ең жеңіл газ? (сутек)
10. Электролиттік диссоциация теориясын ашқан ғалым? (С. Аррениус)
11. Тұз бен судың арасындағы алмасу реакциясы (гидролиз)
12. Жылу мен жарық бөле жүретін реакция? (жану)

III. «Құпия сөздің кілтін аш» ойын кезеңі, ойын шарты бойынша екі топқа бірдей тапсырма беріледі. Берілген элементтің реттік номерін табу.
1 – топ ------ 2 - топ
Н – 1 -------- Au - 79
Na – 11 ---- Cl – 35, 5
N – 7 ------- Mg - 12
Сu – 29 ----- Ag - 47
Fe - 26 ------ O – 8

IV кезең. Қызықты тәжірибе жасау.
1топ. Зат құрамындағы крахмалды анықтау
Қажетті құралдар: 1г ұн, ас қасық (45 мл), табақша, йод, табақшаға ұнды салып, үш ас қасық су құйып араластырыңыз, 3 - 4 тамшы йод тамызыңыз.
Нәтиже: йод пен крахмал бірігіп көк - күлгін түс береді.
Неліктен: крахмалдың молекуласы - өте үлкен. Ол сыртына тармақшалар бағытталған, ұзын бұратылған спиральға ұқсайды, бұл спиральда йод ұсталынатындықтан крахмал көк – күлгін түске боялады.

2-топ. Асқын тотықтың өзгеруі
Картоп көмегімен сутегі асқын тотығын суға және оттегіне ыдырату.
Қажетті құралдар: асқын тотық, картоп, қағаз, стақан, стақанды орталап асқын тотығымен толтырыңыз, стақанға шикі картоп кесіндісін салыңыз, не болатынын байқаңыз.
Нәтиже: газ көпіршіктері бөлінеді.
Неліктен: картоп құрамында каталаза атты фермент бар. Ферменттер клеткалар да болады. Олардың функциясы – ірі тағам заттарының кішірек, жеңіл сіңірілетін заттарға айналуын тездету. Картоп клеткасындағы каталаза сутегінің асқын тотығын су мен оттегіне тез айырады.

V кезең Химиялық көрініс
1 топ. Сабын және синтетикалық жуғыш заттардың жарнамасымен көрсету.
2 топ. «Дәрумендер» тақырыбы бойынша жарнама көрсету.
VI кезең «Тормен су әкелу» ойыны
2 топ оқушыларына металдан немесе жіппен тоқылған тор беріледі. Суды төкпей, жылдам әкелу керек. Қалай әкелуге болады? Жауабы: торға H2O формуласын жазып салады да әкеліп береді. 2 торкөзге ас тұзын толтыру Na - 10 дана, CL - 10 дана, басқа элемент 10 дана.
VII кезең Топ басшылар сайысы
1. Металдардың пайдалы жақтары
2. Металдардың зиянды жақтары
«Көрермендер көрімдігі»
1. Машина мен трактордың жаны, қара металлургия наны (темір)
2. Айдаһар бейнесіне ұқсайтын элемент (S)
3. Термометрде қолданылатын металл (сынап)
4. Ғарыштан түсетін метеориттер негізінен қандай металдан тұрады? (темір)

Қорытынды:
2030-дың барысымыз,
Болашаққа бастайды әр ісіміз,
Егемен елімізді көркейтетін,
Білім шыңына шығу – парызымыз дей отырып, бүгінгі сайысымыз да мәресіне жетті. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі.
7 960
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұшқыр ойлы топ атты сабақтан тыс өткізілген интеллектуалды сайыстың жоспары
Ұшқыр ойлы топ атты сабақтан тыс өткізілген интеллектуалды сайыстың жоспары
Балалардың ойлау қабілетін арттыру, ой - өрісін дамыту, жаңашылдық, ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану. Математикаға ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
Химиялық көңілді тапқырлар кеші
Химиялық көңілді тапқырлар кеші
Көңілді тапқыштар білімділер Бар өнерін алдарыңа салады Кім білімді, көп оқыған болса егер Бүгінгі күннің жеңімпазы болады
Физика патшалығында
Физика патшалығында
БҚО, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі Сапакова Алмаш Сериковна
География және әлем
География және әлем
ШҚО, Аягөз ауданы «Горный ЖББОМ» КММ география пәні мұғалімі Омарбаев Нұрлан Нұрахымұлы
Математика көшбасшысы
Математика көшбасшысы
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласы, Х. Мұстафина атындағы орта мектептің математика, информатика пәндері мұғалімі Хасенова Ләзат Каукенқызы
Химиялық көңілді тапқырлар кеші
Химиялық көңілді тапқырлар кеші
Химиядан алған білімдерін жинақтап, жүйелеп, өз бетімен еңбектенуге, іскерліктерін арттыруға дағдыландыру, одан әрі пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×