Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Информатика және біз

14 сәуір 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Информатика
Тақырыбы: «Информатика және біз»
Мақсаты:
1. Информатика пәніне деген қызығушылықтарын, білімге деген құштарлықтарын арттыру;
2. Оқушыларды өз бетімен ізденуге, білімін шығармашылық тұрғыдан дамытуға, өз бетімен қорытынды жасауға үйрету, сөз байлығын, ойлау қабілетін дамыту.
3. Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру, жетістіктерге жетуіне тәрбиелеу.
Түрі: Танымдық ойын
Көрнекілігі: интерактивті тақта, тапсырма парақтары
Жүргізуші:
Ойын толқын жатқандай асып — тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

Ойының құрылымы:
1. «Танысу» кезеңі
2. «Қас – қағым сәт»
3. «Ғажайып үштік»
4. «Логика»
5. «Шебер қолдар» ойыны
6. «Кім білгір» ойыны
7. «Қызықты жұмбақтар»
8. «Мақал – мәтелдер жалғасын тап»
9. Қорытынды
Жүргізуші:
Қайырлы кеш қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Информатика және біз» саяхаты атты кешімізге қош келдіңіздер. Кешіміз үш топ білімдерін көрсету арқылы өтеді.
Уа, жарандар, жарандар!
Зейін қойып бізді біраз тыңдаңдар
Ғылымдардың ғылымы
Информатика жайында
Ойынымызды бастаймыз
1 - оқушы
Информатика әлемі
Қызығы мол әдемі
Компьютердей құралды
Меңгердік біз енді
3 - оқушы
Бүгінде компьютер барлық жерде
Құрылысты, техникада, өндірісте
Сырларын бұл ғылымның үйреніңдер
Жастар, зерделікпен меңгеріңдер

Әділқазылар алқасы:
_________________________________
_________________________________
_________________________________

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәдік шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, — дей келе, сайысқа қатысушы командалармен танысайық.
Қатысушылар:
9 сынып -
10 сынып -
11 сынып -
1.«Танысу» кезеңі
2. «Қас - қағым сәт» кезеңі. Барлық командаларға қойылатын информатика пәндері бойынша сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады
Информатика
1. Ақпаратты бейне бетке шығаруға арналған құрылғы – бұл … (монитор)
2. Бір килобайт … тең (1 024 байтқа)
3. Жадыны үнемдеу және қысылған мәліметтерді бір ғана мұрағаттық файлда орналастыру мақсатында бір немесе бірнеше файлды нығыздау – бүл (Мұрағаттау)
4. Word бағдарламасының құжатына дайын суреттер қандай әмірлер көмегімен кірістіріледі? (Кірістіру – Сурет – Файлдан – қажетті суретті екі рет шерту)
5. Excel - де формула қандай символдан басталады? ( =)
6. Тапсырмалар тақтасы дегеніміз не? (Бастау менюінен кейін орналасқан жолақ.)
7. ОЖ дегеніміз не және оның түрлері қандай?
(Адам мен компьютер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін жүйелік программа. ОЖ компьютер жұмысын басқарады. Ms Dos, Windows 95/98, Windows2000/XP, Windows NT, Windows UNIX)
8. Бас меню қалай ашылады және қандай командалардан тұрады?
(Бастау командасы арқылы және мынадай командалардан тұрады: Программалар, Құжаттар, Анықтама беру, Орындау, Компьютерді қайта жүктеу, Компьютерді өшіру.)
9. Архивтік программа дегеніміз не және оның түрлері қандай?
(Үлкен көлемді файлды немесе буманы қысу арқылы көлемін кішірейту. Win RAR, Win ZIP, ARL, PKZIP, PKUN ZIP)
10. Windows терезелерінің түрлері қандай?
(Сұхбат терезе, Анықтама терезе, Ескерту терезесі, Бума терезесі, Құжат терезе, Сілтеуіш терезе)
3. «Ғажайып үштік» кезеңі.
Бұл кезеңде әр команда ұяшықтарды таңдап сұрақтарына жауап береді. Балл ұяшық санымен бағаланады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 314
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математикалық эстафета
Математикалық эстафета
Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру; ұйымдастырушылық қабілетін дамыту; оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін - өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу;
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Информатика пән мұғалімі: Домаева Гаухар
Информатикадан сайыс сабақтар топтамасы
Информатикадан сайыс сабақтар топтамасы
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Бегасилова Р. А.
Сынып көшбасшысы (интеллектуалды ойын)
Сынып көшбасшысы (интеллектуалды ойын)
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, "№13 жалпы білім беретін бастауыш мектеп" мемлекеттік мекемесінде информатика пәні мұғалімі Джолдасова Багила Новчабаевна
Ақпараттық калейдоскоп
Ақпараттық калейдоскоп
Талдықорған қаласы, Еркін ауылындағы, Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Дуйсенбинова Жанна Орынғалиқызы
Озық ойлы тапқырлар
Озық ойлы тапқырлар
Атырау облысы, №23 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі: Қабдолова Гүлшара Аманғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×