Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алтын минут

07 қазан 2014, Сейсенбі
Категориясы: Информатика
Шараның тақырыбы: «Алтын минут»
Шараның мақсаты:
1) Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру.
2) Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Топтық сайыс сағаты.
Типі: Ойын түрінде
Білімнің ұшқырлығын танытып сен,
Асып - тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.

1. Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Мектебімізде өтіп жатқан «» атты ИФМ пәндерінің апталығындағы бүгінгі 8 - сыныптар арасындағы «Алтын минут» атты сыныптан тыс шарамызға қош келіпсіздер!
Ойын шарты: «Алтын минут» ойынына 2 топтан қатысады, әр топта 5 оқушы.
1 - топ «Минут» тобын, 2 - топ «Секунд» тобын ортаға шақырамыз
Әділқазылар: ----------------------------------

Мәңгі бақи есте қалар
Ғажайып бір сайыс болсын!
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын!

Бағдарламасы:
1. Перфокарталық тест сұрақтары (командалық)
2. Түсін мені (топ басшысы)
3. Қораптағы жауаптар (командалық)
4. Сөз шебері ( топ мүшесі)
5. Лездік сұрақтар (командалық)
Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз.
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

1. Перфокарталық тест сұрақтары (командалық) бұл бөлімнің шарты әр топқа бір бетшеде 8 информатикадан тест сұрақтары беріледі, оның жауаптарын қазылар алқасы перфокартаның көмегімен тексереді. Әр дұрыс жауапқа бір балдан беріледі. (Уақыты 1 минут)

2. Түсін мені (топ басшысы) бұл бөлімнің шарты топ басшысы таңдап алған бетшеде жасырылған бейнелерді берілген уақыт ішінде өз тобына ымдап түсіндіруі қажет. Әр дұрыс жауапқа бір балл (Уақыты 2 минут)

1 - топ --------------2 - топ
Түйе ----------------аю
Пингвин -----------сиыр
Маймыл -----------тауық
Тіс дәрігері ------май қызметкері

Өмірге өзек болған нақты ғылым,
Халқымның жүрегіне шашты нұрын.
Келеді тәрбиелеп еркін елдің
Ертеңгі алғыр қызын, тапқыр ұлын.

3. Қораптағы жауаптар (командалық) бұл ойынның шарты мұғалім берген жұмбақтың жауабын қораптағы әріптерді құрастыра отырып берілуі қажет. (қорапты топ мүшелері киіп алады).( әр сұраққа 30 секунд). Әр дұрыс жауапқа бір балдан
Минут тобының сұрақтары
1. Күн батса қонақтап қалғыған,
Таң атса жерден жем аңдыған. (тауық)

2. Көп болса алыстайсың,
Мезетпен қашықтайсың.
Асықсаң аз болады.
Жетпесе уайымдайсың. (уақыт)

3. Жазда болмайды,
Қыста болады.
Терезеге қонады
Әсем ою ояды. (қырау)

4. Жүрек жұтқан (тұрақты тіркес)

Секунд тобының сұрақтар
1. Машинаны жүрегі (матор)

2. Суы ащы теңізден
Томар да болса көл артық

3. Өзі ширақ, өзі қу
Жүрген жері айқай шу. (түлкі )

4. Жалғыз ағаш орман болмас,
Жалғыз кірпіш қорған болмас.
4. Сөз шебері (топ мүшесі) бұл бөлімнің шарты әр топтың бір мүшесі шығып мұғалім әр көрсеткен сөздерден сөйлем құрап ойын байланыстыру қажет. (Уақыты 2 минут сөз шеберлігіне байланысты 5 - 2 балл аралығы)

1. Әкім халықтың алдында есеп беруі;
1. Газ
2. Теледидар
3. Тауық
4. Ауа - райы
5. Африка
2. Оқушының мұғалім алдындағы түсініктемесі;
1. ит
2. шалбар
3. Америка
4. дүкен
5. үтік
5. Лездік сұрақтар (командалық) бұл ойынның шарты бойынша оқушылар берілген сұрақтарға лезде жауап беруі қажет. (Уақыты 1 минут15 секунд, әр дұрыс жауапқа бір балл)
6. Залға сұрақтар (логикалық)
1. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
Жауабы: үш
2. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама - қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?
Жауабы: 4 мысық
3. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды.
Неше стакан қалды? Жауабы: 4
4. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?
Жауабы: жоғары
5. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады?
Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса
6. Патша кімнің алдында өз еркімен тәжін шешеді?
Жауабы: шаштараздың

Сонымен бүгінгі ойынымыз да өз мәресіне жетті. Ойынның негізгі мақсаты оқушыларға жеңістің негізгі көзі – білім, тапқырлық екенін аз да болса түсіндіру еді. Бүгін көздерің жеткендей білімдеріңді қолданып, бар - жоғы он шақты минуттың ішінде өз білімдеріңді тексердіңдер. Ал болашақта жақсы маман болу үшін, жақсы оқыңдар, білімді болыңдар!
5 568
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ойлы болсаң, озып көр
Ойлы болсаң, озып көр
Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілетін, белсенділіктерін, сөздік қорын, сөйлей білу, өз тұжырымын дәлелдей білу іскерлігін дамыту Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу
Ақпараттар әлемі
Ақпараттар әлемі
Алматы облысы, «Ақтам» орта мектебі мемлекеттік мекемесі информатика пәні мұғалімі Имамниязова Селимам Ибраимахуновна
Информатика жұлдыздары
Информатика жұлдыздары
Ойынның мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру
Информатикадан сайыс сабақтар топтамасы
Информатикадан сайыс сабақтар топтамасы
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Бегасилова Р. А.
Тапқыр достар (сайыс 1 сынып)
Тапқыр достар (сайыс 1 сынып)
Сайыс 6 кезеңнен тұрады, әр кезеңнің тапсырмасы 10 ұпаймен бағаланады
Информатик 2013 (сайыс)
Информатик 2013 (сайыс)
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Сегізбай ауылы, Тасбұлақ орта мектебі Информатика пәнінің мұғалімі: Кожагулов Ерлан Жұматайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×