Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өздік жұмысы /Алгоритм типтері/

21 қыркүйек 2017, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақ №12
Тақырыбы: Өздік жұмысы /Алгоритм типтері/.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды алгоритмнің командалары және оның құрылымын түсіндіре отырып, алгоритм құру кезеңдерімен таныстыру, практика жүзінде қолдануға үйрету;
Дамытушылығы: Оқушыларды сызықтық, тармақталған алгоритмнің командаларымен және блок схемасымен таныстыра отырып, алгоритм құру дағдыларын қалыптастыру, логикалық ой - өрістерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: өздік жұмысы
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру
2. Өткен материалды қайталау
3. Өздік жұмысы
4. Сабақты бекіту
5. Үйге тапсырма

ІІ. Өткен материалды қайталау
• Алгоритм командалары есеп шартына байланысты қалай бөлінеді?
• Жай және құрама командалардың айырмашылықтары қандай?
• Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
• Тармақталу алгоритмі мен циклдік алгоритмнің айырмашылығы қандай?
• Компьютерде есеп шығару қандай кезеңдерден тұрады?

ІІІ. Өздік жұмысы
1. Тармақталу алгоритміне мысал бола алатын мақалды айтыңыз. Ол мақалды блок - схемамен көрсетіңіз.
2. Келесі бұйрықтар тобын 16 рет қатарынан орындайтын орындаушы қайда болады?
10 метр алға жүру
Сағат тілімен 90 – қа бұрылу
3. Математика оқулығынан алгоритмге мысал келтір. Сол бойынша блок - схема құрыңдар.
4. Дені сау мысықтың баласы күніне 8 сағаттан кем емес уақыт ойнайды. Марғау деген мысықтың дені сау екенін анықтайтын алгоритм құрыңдар.
5. Алгоритмнің сөздік немесе графикалық формасын құрыңдар.
А) сабаққа сөмкені дайындау
Б) таңғы жаттығуды жасау
В) үй тапсырмасын орындау
Г) тікбұрыштың периметрін анықтау
Д) бәліш әзірлеу рецепті
6. 72 санына келтірілген төмендегі алгоритмнің нәтижесі қандай?
Басы
21 - ді қос
75 - ті алып таста
Егер алынған нәтиже 10 - нан кіші болса, онда 15 - ті қос, ал егер 10 үлкен болса, 2 - ні алып таста
Нәтижені жарияла
Соңы
Келтірілген алгоритмге блок схема құрыңдар.
Үйге тапсырма. №1 - 3 тапсырмаларды аяқтау.

Толық нұсқасын қарау
2 529
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алгоритм типтері
Алгоритм типтері
Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер) тақырыбын түсіндіре отырып, оқушыларды күнделікті өмірдегі әрбір іс - әрекеттерінің алгоритімін құра білуге үйрету. Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін,
Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)
Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)
Жуалы ауданы, Ертай ауылы, №18 М.Ғабдуллин атындағы орта мектебінің информатика мұғалімі Қиясова Гүлнұр Жаңбырбайқызы
Циклдік алгоритм
Циклдік алгоритм
Балқаш қаласы. информатика пәні мұғалімі Тогжанка Дауреновна
Қорытынды сабақ алгоритм бойынша (сызықтық, тармақталу, циклдік алгоритм)
Қорытынды сабақ алгоритм бойынша (сызықтық, тармақталу, циклдік алгоритм)
«Зеленов аудандық білім беру бөлімнің Махамбет жалпы орта білім беретін мектебі» Информатика пәні мұғалімі: Н. Алишева
Алгоритм типтері (сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер)
Алгоритм типтері (сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер)
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Садыбаева Назкен Жақсылыққызы
Алгоритм құрылымы
Алгоритм құрылымы
Информатика пәні мұғалімі: Назым Узбекова Сапаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×