Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Меншіктеу операторы

09 қаңтар 2015, Жұма
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Меншіктеу операторы.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Осы тақырыпты, оқушыларға жалпы паскаль тілінің қарапайым операторларын түсіндіру.
Дамытушылық: Әр оқушының ой қабілетін арттыру, есте сақтау, есеп шығара білу, осы тақырыпқа байланысты кең білімді түсінік беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды еркін сөйлеу білуге, ұстамдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Сызба. Плакаттар. Слайд
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру
Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны мен барысы:
1. Сабақты ұйымдастыру
- оқушылармен танысу
- сынып тазалығын тексеру, оқушыларды түгелдеу.
2. Үй тапсырмасын тексеру:
Тест жұмысын өткізу.
4. Жаңа сабақтың мазмұны
Қарапайым операторлар құрамына басқа бір оператор енбейді. Ал күрделі операторлар ішіне бірнеше қарапайым операторлар еніп тұруы тиіс.
Программалау тілдерінің қарапайым операторларына: меншіктеу, шартсыз көшу, енгізу - шығару операторлары мен бос оператор және процедураларды орындау (шақыру) операторлары жатады.
Меншіктеу операторы барлық тілде пайдаланылатын негізгі оператор болып табылады. Математикадағы қарапайым теңдеу тәрізді айнымалыларға сандық (символдық та болуы мүмкін) мән беру бұл жағдайда меншіктеу операторы деп аталады. Меншіктеу операторының жазылуы ережесі (пішімі) төмендегідей болады:
:=;
Мұндағы - айнымалы идентификаторы,:=- меншіктеу
белгісі, яғни айнымалының мәні өрнектің есептелген сан мәнін қабылдайды;- арифметикалық өрнек немесе сан.
Бұл оператор екі міндет атқарады:
1. Айнымалылардың белгілі мәндері бойынша арифметикалық өрнектің сандық мәнін есептейді.
2. Табылған мән айнымалы атауына меншіктеледі, яғни анықталған мән сол айнымалыға сәйкес компьютер жады ұяшығына орналасады. Мұнда әдеттегі «=» белгісі мен программалау тіліндегі меншіктеу «:=» белгісін шатастырмау қажет. Олар ұқсас болғанымен, мағынасы жағынан өзгеше. Мысалы: x=5 өрнегі x - тің мәні 5 - ке тең дегенді білдіреді, ал x:=5 өрнегі x айнымалысына арналған ұяшыққа 5 санын жазамыз дегенді білдіреді.
Меншіктеу операторы тек арифметикалық өрнектер үшін ғана емес логикалық және символдық өрнектер үшінде қолданылады. Мысалы: егер K:=A AND B. Мұндағы А - ақиқат, ал В - жалған болса, онда К жалған мән қабылдайды. К ақиқат мән қабылдау үшін А және В мәндері ақиқат болуы қажет, өйткені AND сөзі ЖӘНЕ деген ұғымды білдіреді.
Символдық мән әрқашанда апостроф"(алгоритмдік тілде қос қырнақша) ішіне алынып жазылады.
Мысалы: В:='T'; B5:='9'.
1 - мысал: 2. 11 - кестеде берілген өрнектердің қайсысы меншіктеу операторы болатыны немесе болмайтыны көрсетіліп, оған түсінік берілген.

Өрнек түсініктеме
α:=b Болады
α:=C+1 Болмайды «:=» орнына «=» алынған
α: b¬sqr(4) Болмайды, «:=»орнына «:» алынған
α*X+b:=0 Болмайды, сол жақта атау орнына өрнек алынған
Z:=0 болады
Z:=Z+5 болады
Z:=Z+1, 4 Болмайды, 1. 4орнына 1, 4 алынған
Z:=Z Болады,
¬Z:=y Болмайды, сол жақтағы атаудың таңбасы болмауы тиіс

2 - мысал: Орналасу тәртібі төмендегідей:
a) K:=K+M;
M:= 2*M
ә) M:=2*M
K:=K+M бірнеше оператор берілген.
К мен М - нің кез келген бастапқы мәндерінде а) және ә) пунктерінде К мен М - нің соңғы мәндері бірдей бола ма?
Жауабы: К=2, М=4 деген бастапқы мән берсек, онда
а) орналасуы бойынша K:=K+M=2+4=6; K=6, ал M:=2*M=2*4=8, M=8 болды.
ә) орналасуы бойынша M:=2*M=2*4=8; K:=K+M=2+8=10; K=10, болады.
Бұл мысалдан операторлардың орналасу тәртібі қалауымызша өзгерте беруге болмайтындығын көруге болады.
5 929
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Паскаль тілінің басқару операторлары
Паскаль тілінің басқару операторлары
Паскаль тілінің басқару операторлары: шартты және шартсыз көшу операторы, қайталау операторы жайлы түсіндіру. Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.
Меншіктеу операторы. Сандық функциялар
Меншіктеу операторы. Сандық функциялар
Паскаль тілінің меншіктеу операторы және сандық функцияларымен таныстыру, меншіктеу операторы мен сандық функцияларды есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.
Паскаль тілінің басқару: шартты және шартсыз көшу, таңдау операторлары
Паскаль тілінің басқару: шартты және шартсыз көшу, таңдау операторлары
Паскаль тілінің шартты және шартсыз көшу, таңдау операторлары туралы түсінік бере отырып, программа құруға үйрету. Оқушылардың ой - өрісін, білім білік дағдыларын қалыптастырып, алған білімдерін дамыту. Өз беттерімен программа құруға дағдыландыру
Паскаль тілінің қарапайым операторлары. Айнымалар типтері.
Паскаль тілінің қарапайым операторлары. Айнымалар типтері.
Паскаль программалау тілінің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және олардың жазылуы туралы толық мағлұмат беру.
Паскаль тілінің басқару операторлары
Паскаль тілінің басқару операторлары
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Шөжеев Бауыржан Лепесұлы
Паскаль тілінің қарапайым операторлары
Паскаль тілінің қарапайым операторлары
№35 мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Баймурзина Майдагүл Сағынғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×