Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Есептеуіш техниканың даму тарихы» атты танымдық ойыны

30 қараша 2012, Жұма
Категориясы: Информатика
Атырау облысы, Исатай ауданы,
Зинеден селосы, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі Рахимова Назгүл Қыдырқызы

«Есептеуіш техниканың даму тарихы» атты танымдық ойыны
Мақсаты: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырудың бірнеше жолдары бар. Сабақ барысында оқушылардың білімін ғана қаруландырмай, олардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Түрі: «Атажұрт» білім сайысы
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Барысы: Оқушыларды екі топқа бөлеміз. Әр топта 4 оқушыдан
1-топ: «Монитор»
2-топ «Процессор»
Бәріңіз маған қараңыз!
Ойынымызды бастайық
Алуан түрлі ойларды,
Ортамызға тастайық.
Информатика пәнінен
Көрсетіп біздер батырдық,
Ой тойғалық жүйелі
Таңдайымызға татарлық
«Таланттылар терін төгіп, толғансын,
Тұлпарлары топ жарысында, жүлде алсын, »-деп бүгінгі танымдық ойынымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
Ойынымыздың шарттарымен таныс болыңыздар. Ойынымыз 5 кезеңнен тұрады.
1. Қанат қақты
2. Самғау
3. Шарықтау
4. Шырқау
5. Жерұйық
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып, тасып асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап зулап жатыр,
Шапшаңдылық бұл сайыста керек екен.
Сонымен 1 кезең «Қанат қақты» бұл кезеңде тек топ басшылары ғана жауап береді. 5 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауап 20 ұпаймен есептеледі.
1-топ «Монитор» тобының сұрақтары
1. Қағаздағы кескінді экранға шығаратын құрылғы.
2. Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады?
3. Компьютердің атасы кім?
4. Компьютердің «ақыл-ойы», ең басты бөлігі
5. Принтердің неше түрі бар және қандай?
2-топ «Процессор» тобының сұрақтары
1. Аты бар бірқатар байттар тізбегі
2. Компьютермен жұмыс жасауды жеңілдететін құрылғы
3. Ақпаратты енгізу құрылғысы
4. Мәтін дегеніміз не?
5. Ақпаратты шығару құрылғысы

Информатика болашаққа бастайды,
Компьютер ортаға сұрақтар тастайды,
Бисмилля деп «Самғау»-ды бастайық,
Сұрақтарға жауап беріп тастайық
Бұл кезеңде қай топтың ұпай саны көп болса, сол топ ойынды бастайды. Әр топқа екі сұрақ кезекпен және жауап беруге 1 минут уақыт беріледі. Қосымша көмек алуға немесе нар тәуекел жасауға болады. Нар тәуекел – қарсылас топ қол көтеріп кезек сұраса беріледі, дұрыс жауап берсе ұпай сол топқа қосылады. Керісінше жауап бере алмаса, сол сұрақтың ұпайы кезегін берген топқа қосылады. Ұпай саны 40. Қосымша көмек алса 10 ұпай кемиді.
1 сұрақ
Ол қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы. Оның көмегімен суретті, графикті, мәтіндерді түсіріп алуға болады. Кескін түсірілгеннен кейін, (үлкейту, кішірейту, қайта бояуға) болады.
Сұрақ: Бұл енгізу құрылғысы қалай аталады? (Сканер)
Қосымша көмек: Оның планшетті, барабанды және қол түрлері болады.

2 сұрақ
Бұл ағылшын оқымыстысы 19 ғасырдың бірінші жартысында әмбебап есептеуіш машина құрастыруға талаптанды. Бұл машина перфокартада жазылған бағдарламаларды қолдану керек еді. Ол бағдарламалық басқару принципін қолданып, кез келген алгоритмді шешуге арналған аналитикалық машинаны құрудың негізгі идеясын зерттеп дайындады. Бұл Жаккардтың тоқыма станогы сияқты, нағыз механикалық машина болуы тиіс еді. Бірақ сол кездегі техниканың дамуы жеткілікті дәрежеде болмауы бұл жобаның іске асуына мүмкіндік жасалады.
Сұрақ: Бұл оқымысты кім?
Қосымша көмек: ол кісі дүние жүзіне «Компьютердің атасы» ретінде танымал.

3 сұрақ
1964 жылы атақты неміс математигі Блез Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын құрастырды. Дөңгелектің орнына мұнда цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізумен қатар, сандарды бөлу, көбейту, тіпті квадрат түбірін бату амалдарында орындайтын болды. Кейін бірнеше рет жетілдірілді. Осы машинаның пайда болуымен есепші мамандығы пайда болды. 1969 жылы бұрынғы кеңестер одағының бұл машинаны шығару ең жоғары деңгейге 300 мың машина жетті.
Сұрақ: Бұл машина қалай аталды?
Қосымша көмек: ХХ ғасырдың 70-ші жылдары бұл машинаны элементтік базасы интегралдық схемаға негізделген калькулятор ығыстырды.

4. сұрақ.
XVII ғасырдың басында шотландиялық математик логарифм түсінігін енгізді және өзінің логарифм кестесін жариялады. Екі ғасыр бойы әр елдің оқымыстылары логарифм функциясының негізінде жасалған есептеу құралын жетілдірумен шұғылданды. Тек 1761 жылы ғана ағылшын Д.Робертсон жүгіртпесі бар навигациялық есептеулер жүргізуге арналған логарифм сызғышын жасады.
Сұрақ: Логарифм түсігін енгізген математик есімі?
Қосымша көмек: Бұл математик есептеу таяқшалары арқылы есептеу тақтасын енгізді.
Кезек келді көрермендер тергеуге,
Жауап беру қиын емес білгенге.
Ойыншының ұпай санын көбейтер,
Бар ма залда демеуші боп келгендер.
3 кезең топ жанашырларымен өтеді. Бір сұрақ екі мүмкіндік беріледі. Ұпай саны 50. Дұрыс жауап берілсе ұпай сол топтың ұпай санына қосылады. Қосымша көмек жоқ.
1 сұрақ
Бұл құралдың дәл қашан пайда болған уақытын осы кезге дейін ешкім айта алмайды. Деректерге қарағанда, оның жасы 2 мың – 5 мың жылдар шамасында, ал пайда болған жері Қытай немесе египет, тіпті ежелгі Греция болуы да мүмкін. Оның өзгертілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді.Ол құрал Ресейде XVI- XVII ғасырларда пайда болған. Осы құралды көбейту кестесімен біріктіру жолымен жетілдіруге соңғы талаптану 1921 жылға жатады.
Сұрақ: Бұл құрал қазір қалай аталады?

2 сұрақ
Ч.Бэббидж Оңтүстік-батыс Англияда 1971 жылы 26 желтоқсанда дүниеге келген. Бала кезден математикаға бейім Чарльз көбінесе математикалық әдебиеттерді қызыға оқып, механикалық ойыншықтар құрастыруға әуес болған. Кейіннен жас өспірім Чарльз өз бетімен механикалық құрылғылар жасай бастаған. 1822 жылы Бэббидж есептеуіш машинасын құрастыра бастап, 1823 жылы жобасын жасады. Бэббидж жиған терген ақшасын король маңындағылардың бөлегін 13 мың фунт стерлингін қосып жаңа жобалы машина құрылғысының сызбасын жасайды. Бұдан кейін бэббидж әмбебап есептеуіш машинасының жобасын жасай бастайды. 1852 жылы Бэббидж үшін өте ауыр, қайғылы жыл болды. Ол өзінің адал көмекшісі, орындаушысы, ақын Байронның қызынан айырылады. Бұл қайғыға Англия қаржы министрінің қаржылай көмек көрсетуден бас тартқаны қосылады. 1971 жылы ғылымға деген зор қызығушылықпен өмірден өтті.
Сұрақ: Бэббидж үшін қайғылы қай жылы болған, 1952 жылы қайтыс болған ақын
Байронның қызы кім?
Келесі кезеңді бастайық,
Ұяшықтарды ашайық.
Асығыстық қылмаймыз,
Ұпайларды жинаймыз.
Келесі кезеңіміз «Шарықтау». Бұл кезеңде алты бөлікке бөлінген терезеден сұраққа сәйкес келетін циярды таңдайды да жауап береді. Қосымша көмек, нар тәуекел беріледі.

1 ұяшық. ХІХ ғасырдың соңында американдық оқымысты есепші – перфорациялық машина құрастырды. Перфокарталар программаны көрсету үшін емес, сандық ақпаратты қолдану үшін қолданылады. Есепші – перфорациялық машиналар перфорацияларды сұрыптауды, қосуды және сандық кестелерді асылымға шығаруды орындады. Ол 1880 жылы АҚШ-та жүргізілген халық санағының құжаттарын өңдеуге пайдаланылады.
Сұрақ: Бұл оқымыстының есімі кім?
Қосымша көмек: Ол есепші – перфорациялық машинаны жасап шығаратын фирманың негізін қалады, кейін ол дүние жүзіне әйгілі компьютер шығаратын ІВМ фирмасына айналды.

2 ұяшық. 1949 жылы Морис Уилкс алғашқы EDVAC компьютерін жасады. Бұл жадында сақтаған бағдарламалары бар әмбебап ЭЕМ болды.
Сұрақ: Аталған цифрлық – электрондық есептеуіш машина қай буынға жатады?
Қосымша көмек: Бұл ЭВМ цифрлық – электрондық есептеуіш әмбебап машиналардың алғашқы буындарына жатады.

3 ұяшық. Оның ішінде аналық тақша, процессор, қоректендіру блогы, жедел жад, қатқыл диск, дискжетек, CD-ROM, бейнетақша, дыбыс тақшасы мен көптеген басқа құрылғылар бар.
Сұрақ: Бұл негізгі құрылғы қалай аталады?
Қосымша көмек: Олар үстелге қоятын, «еденде», «мұнара» түрінде болады.

4 ұяшық. Бұл буын машиналары интегралдық схемалы және жартылай үлкен схемалы, жартылай өткізгіш интегралдық схемадағы жедел жад құрылғысымен 16 Мбайт көлемімен, секундына 30 млн, операция өнімділігімен сипатталады. Өлшемі бойынша ЭЕМ үлкен, орташа, мини, микро болып бөлінеді.
Сұрақ: Бұл нешінші буын машиналары?
Қосымша көмек: Бұл буынның типтік модельдерінің ішіндегі PDP-8-ді 1-ші мини компьбетр дер аталған, ол 1965 жылы құрылған және құны 20 мың $ болған.

5 ұяшық. Бұл буынның ЕТ-ның конструктивті-технологиялық негізі үлкен интегралдық схема және өте үлкен интегралды схема, олар 1970-80 жылдары құрылған, шапшаң жадтайтын құрылғылар болды. Бұл буынның машиналарын Микро ЭЕМ-ге, ДК-ге, Мини ЭЕМ-ге, жалпыға арналған ЭЕМ-ге, арнайы ЭЕМ-ге және супер ЭЕМ-ге бөлуге болады. Көлемі 16 Мбайт және одан жоғары болады.
Сұрақ: Қай буын машиналары туралы айтылған?
Қосымша көмек: Бұл буынның ең алғаш танымал сериясы ІВМ/370

6 ұяшық. Бұл құрылғы командаларды таниды, оларды орындайды және өз жұмысының нәтижелерін шығарып береді немесе оны машинаның жадына жазады, тіпті екеуін де қатар орындай алады. Компьютердің кез келген жұмысы болса да, оның қатысуымен болады.
Сұрақ: Бұл қай құрылғы?
Қосымша көмек: Ол компьютердің «миы».
Ойын толқын айналған қатты ағысқа,
Табылғандай танымды жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қылып жатады асығыста.
Ойы, толқын жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қал ма жасып, - келе соңғы кезеңімізді бастаймыз.
Мұнда тек жеңген топ қана жалғастыра алады. Егер дұрыс жауап берілсе жинаған ұпайлары екі еселенеді. Қосымша көмек жоқ.

Шын залымға берме ғылым, ол алар да оқ қылар.
Қаруым дер, кісі атып жер, ол ғалымды айла етер.
Дүниені түзетуші, һәм бұзушы – бір ғылым.
Әрі залым, әрі ғалым, ел түбіне сол жетер.
Сұрақ: Бұл өлең жолдарынан информатикаға қатысты қандай ұғымды аңғаруға болады? Қандай шағын көлемді программа туралы сөз болып тұр? Жауап: Вирус
Болам десең, теңізші, не ұшқыш қаласаң,
Дәрігерлікте жақсы ғой,
Қызметке жарасаң, ал сол үшін біздерге
Информатика керек қой!
Сондықтан да, сондықтан
Сол ғылымның тілін біл!

Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендерге көп рахмет!
Шын сезінген көрермендерге,
Мың рахмет, мың рахмет!
Жеңген топ марапатталып, мақтау қағазы тапсырылады.
7 205
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Информатика әлемінде
Информатика әлемінде
Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ынтасын арттыру, алған білімдерін шыңдап, тексеру. Ой - өрісін іс - жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Балдәурен информатиктер
Балдәурен информатиктер
Кызылорда қаласы, Ә.Молдағұлова атындағы №173 орта мектеп мұғалімі Баян Баймишева
Есептеуіш техниканың даму тарихы
Есептеуіш техниканың даму тарихы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, №33 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Аширова Лаззат Бейсенбековна
Есептеуіш техниканың даму тарихы
Есептеуіш техниканың даму тарихы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің информатика пәні мұғалімі Садыбаева Назкен Жақсылыққызы
Білім биржасы
Білім биржасы
Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға, Жан сәулесін тарататын баршаға. Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп, Сайыскерлерді шақырайық ортағы.
Microsort Word мәтіндік процессоры
Microsort Word мәтіндік процессоры
Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден селосы, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Рахимова Назгүл Қыдырқызы Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word мәтіндік процессоры. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды MS WORD
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×