Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Инженерлік калькулятормен жұмыс жасау

16 желтоқсан 2012, Жексенбі
Категориясы: Информатика
Пән мұғалімі: Калылаева Айман

Пәні: Информатика Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Инженерлік калькулятормен жұмыс жасау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға инженерлік калькулятормен қалай жұмыс жасау керектігін үйрету
Тәрбиелік: Оқушылардың техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға, берілген тапсырманы уақытында орындауға, жылдамдыққа, шыдамдылыққа, әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту

Түрі: Практикалық элементтері бар түсіндірмелі сабақ
Пән аралық байланыс: математика
Көрнекілігі: ДК, оқулық, слайд, видеопроектор, карточка
Сабақтың жүрісі:
Ұйымдастыру: амандасу, түгелдеу және халаттарымен отырғызу

Үйге тапсырма: Сұрақ жауап арқылы сұрау.
1. Калькулятор бағдарламасын қалай іске қосамыз?
2. Калькулятордың неше түрі бар?
3. Қалта калькулятор мен қарапайым калькулятордың айырмашылығы қандай?
4. Пернетақтадан сандық блокты енгізу үшін қай пернені таңдайымыз?
5. Калькулятордың бір түрінен екінші түріне ауысу үшін қандай командаларды орындаймыз?
6. Барлық ендірілген ақпараттарды өшіруге арналған перне?
7. «Sqrt» мына батырманың қызметі қандай?
8. индикатордағы мәнді жадқа жазатын перне?
9. Соңғы ендірілген цифрді өшіруге арналған перне?
10. «МС» мына батырманың қызметі қандай?
11. «СЕ» мына батырманың қызметі қандай?
12. мына батырманың қызметі қандай?
13. Калькулятор бағдарламасындағы төрт амалды көрсет?
14. 756, 87 және 849, 03 сандарын қосып көрсет?
15. квадрат түбірді есептейтін перне?
16. жадыдағы мәнді индикаторға көшіретін перне?
17. Калькулятор бағдарламасындағы «С» батырмасы қандай қызмет атқарады?
18. Мына санның квадрат түбірін тап 49, 144, 529
19. «МR» батырмасының қызметі қандай?
20. мына батырманың қызметі қандай?
21. мына батырманың қызметі қандай?

Жаңа сабақ
Біз өткен сабақта қарапайым калькулятормен танысқан болса, бүгінгі сабағымызда инженерлік калькулятормен танысамыз, калькуляторды іске қосу үшін:
Пуск
Все программы
Стандартные
Калькулятор
Вид Инженерный командаларын орындаймыз.

Инженерлік калькулятордың терезесі пайда болады.Кәдімгі қарапайым калькуляторға ұқсас, бірақ, оның батырмалары көбірек, олардың кейбіреулері 2-3 міндет атқарады. Бұл калькулятордың көмегімен статистикалық есептеулер жүргізу (орташа мәндер табу) тригонометриялық функцияларды, логарифмді, дәреже табуды орындау үшін қолдануға болады.
Егер бұл калькуляторда жұмыс істеп отырып, оның кейбір функциялары қалай орындалатынын ұмытып қалсаңдар, онда анықтамалық жүйені пайдаланыңдар.Мысалы, батырмалардың міндеттерін анықтау үшін, динамикалық менюді пайдалануға болады.
Ол үшін, әдеттегідей, өздеріңе қажет тышқанның оң жақ батырмасын шертіңдер. Сонда кішкене жақтау ішінде «Что это такое?» жазу шығады. Бұл жазуда тышқанның сол жақ батырмасын шертсеңдер, осы батырма жөнінде ақпарат пайда болады.
Мысалы, тышқанның нұсқағышын х^у батырмасына қойып, оның оң жақ батырмасын шертсеңдер, жақтау ішінде «Что это такое?» жазуы шығады.Бұл жазуда батырманы шертсеңдер, оған байланысты анықтама шығады.
Статистикалық есептеулер жүргізуге арналған функционалдық батырмалар
«Sta» – Статистика терезесін ашады және «Ave», «Sum», «S», «Dat» батырмаларын белсенді (активті) етеді.
«Ave» - Статистика терезесіндегі сандардың орташа мәнін есептейді.
«Sum» - Статистика терезесіндегі сандардың қосындысын есептейді.
«S» - Статистика терезесіндегі сандардың ығыстырылмаған стандартты ауытқуын есептейді (бос дәреже саны (n-1)-ге тең).
«Dat» - Статистика терезесіне бейнеленген сандарды енгізеді
Жоғарыда аталған батырмалардың көмегімен қарапайым статистикалық есептеулер жүргізуге болады. Мысалы, берілген сандардың қосындысын, сандардың квадраттарының қосындысын, арифметикалық орташа мәнді т.с.с. есептеуге болады.
5 қызметкері бар шағын бөлім қызметкерлерінің орташа жалақысын есептеу мысалын қарастырайық.Бірінші қызметкердің жалақысы -30 000, екінші - 35 000, үшінші – 40 500, төртіншінікі – 40 000, бесіншінікі – 42 000 теңге делік.
Орташа жалақы мөлшерін есептеу үшін төмендегі амалдарды орындау керек.
1. Инженерлік калькуляторды ашыңдар.
2. «Sta» батырмасын шертіңдер.
3. Статистика терезесі ашылады, оны калькулятордың терезесін жаппайтындай етіп тасымалдаңдар (кітаптағы 194 –бетіндегі 6.8- сурет)
4. Калькуляторға бірінші санды енгізіңдер де, «Dat» батырмасын шертіңдер, берілген сан Статистика терезесінде пайда болады.
5. «Dat» батырмасын шертіп, қалған төрт санды кезекпен калькуляторға енгізіңдер.
6. Барлық санадар Стастистика терезесіне енгізілген соң «Ave» батырмасын шертіңдер.
Калькулятордың индикация өрісінде жалақының орташа мәні – 37500 теңге шығады.
Функционалдық батырмалар:
«sin» - берілген санның синусын есептейді.
«cos» - берілген санның косинусын есептейді.
«tan» - берілген санның тангенсін есептейді.
«x^y» - Х-тің У дәрежесін есептейді.
«x^3» - санның кубын табады.
«x^2» - санның квадратын табады.
«In» - берілген санның натурал логарифмін есептейді.
«Log» - берілген санның ондық логарифмін есептейді.
«pi» - p -дің мәнін шығарады.
Мұнда, тек кейбір функционалдық батырмалардың міндеттері көрсетілген. Инженерлік калькулятордың қарапайым калькулятордан айырмашылығы ауыстырып қосқыш (дөңгелек) және жалауша (төртбұрышты) терезелері бар (6.6.- сурет)
Ауыстырып қосқыш терезенің көмегімен калькулятор олармен жұмыс істейтін санау жүйелері және өлшеу шамалары бекітіледі.
Inv (инверсия) терезесінің көмегімен жалаушаларды қойып, батырмада көрсетілген функцияның кері мәнін есептеуге болады.
Санның квадрат дәрежесін және түбірін табу мысалдарын қарастырайық.
1. Инженерлік калькуляторды ашыңдар.
2. 3 санын енгізіп, «x^2» батырмасында шертсеңдер индикация өрісінде 9 саны пайда болады (яғни 3 санының квадратты шығады).
3. «С» - батырмасын шертіңдер.
4. 25 санын енгізіп, Inv батырмасын, одан соң «x^2» батырмасына шертсеңдер, индикация өрісінде 5 саны көрінеді (ол 25 санының квадрат түбірінің мәні).
5. 6 санын енгізіп «x^3» батырмасын шертсең, онда индикация өрісінде216 саны көрінеді, бұл 6 санының кубы.
6. 64 санын енгізіп Inv, одан соң «x^3» батырмаларын шертсең, онда индикация өрісінде 4 саны көрінеді, ол 64 санының куб түбірінің мәні.
Инженерлік калькулятор төрт сану жүйесінде жұмыс істейді: ондық, сегіздік, екілік және оналтылық.
Олардың қажеттісін таңдау үшін төрт батырманың бірін шерту керек, атап айтқанда: Nex (оналтылық), Des (ондық), Oct (сегіздік) Bin (екілік). Егер санды ондық жүйеде теріп, сонан кейін қалған үшеуінің бірінің батырмасын бассаңдар, индикация өрісіндегі ондық сан жаңа жүйеге автоматты түрде аударылады.
Мысалы, ондық санау жүйесінде 585 санын теріп Bin (екілік) батырмасын шертсе, онда индикация өрісінде 10010010001 көрінеді, ал Oct (сегіздік) батырманы шертсе, онда индикация өрісінде 1111 саны көрінеді, одан соң Nex (оналтылық) батырмасын шертсе, 249 саны шығады.

Тапсырма: №1 Cандарды табу.
42=
342=
3342=
33342=
333342=
3333342=
33333342=
333333342=
3333333342=
Тапсырма: №2 Статистикалық есептеуді пайдаланып мектеп қызметкерлерінің орташа жасын есептейік
1 – ші қызметкердің жасы – 21 жас
2 –ші қызметкердің жасы – 35 жас
3 –ші қызметкердің жасы – 40 жас
4 –ші қызметкердің жасы – 45 жас
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

Қорытынды:
Үйге тапсырма: Инженерлік калькулятормен жұмыс жасау, инженерлік калькуляторға есептер шығарып келу
Бағалау
8 051
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Калькулятормен есептеу
Калькулятормен есептеу
Арифметикалық амалдарды калькулятор көмегімен орындау тәсілдерін таныстыру. Берілген материалды тиянақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Калькуляторды сабақта және үйде дұрыс пайдалануға үйрету. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Инженерлік калькулятор
Инженерлік калькулятор
Атырау облысы, Құлсары қаласы, №18 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Бозшиева А. К
Сандық ақпараттарды өңдеу. Калькулятор бағдарламасын іске қосу
Сандық ақпараттарды өңдеу. Калькулятор бағдарламасын іске қосу
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Абай атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Медиева Нургул
Блокнот бағдарламасы. Калькулятормен жұмыс істеу
Блокнот бағдарламасы. Калькулятормен жұмыс істеу
Айткалиева Баян Сабырғалиқызы Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный ауылы Подстепный қазақ ЖОББМ мұғалімі
Калькулятор бағдарламасы
Калькулятор бағдарламасы
Сарсенова Мейрамгул Арыстановна Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ақкемер орта мектебі мұғалімдердің «Шамшырақ» ғылыми - әдістемелік қоғамы «Талапкер» жас ұстаз мектебі
Калькулятор бағдарламасы
Калькулятор бағдарламасы
Тақырыбы: Калькулятор бағдарламасы. Инженерлік калькулятормен жұмыс істеу. Орындаған: Алиманов Әділ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×