Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Калькулятор бағдарламасы

10 сәуір 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Калькулятор бағдарламасы (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды калькулятор бағдарламасымен таныстыру.
Білімділігі: Ақпарат және ақпараттық технологияға байланысты оқушылардың алған білімдерін нығайту, қорытындылау.
Тәрбиелігі: Оқушыларды өз ойларын жүйелеу тиянақты жете айта біліп, өздерін сабырлы, әрі тәртіпті ұстауды ескерту.
Дамытушылығы: Оқушылардың компьютер туралы түсініктерін қалыптастыру және тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, калькулятор, ұпай көрсететін кеспе қағаздары (жетондар)
Түрі: Аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері: «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
IV. Сабақты бекіту
V. Бағалау
VI. Үйге тапсырма беру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
“Кім білімпаз?” Оқушылар 1, 2, 3 - ке саналып, 3 топқа бөлінеді. 1 - нөмірлі оқушылар А тобына, 2 - нөмірлі оқушылар В тобына, 3 - нөмірлі оқушылар С тобына жинақталады. Әр топқа 2 сұрақтан 6 тапсырма беріледі. Берілген тапсырма топта талқыланып, топтан жеке оқушы шығып түсіндіреді.
1 - топ. 1. Арифметикалық өрнек дегеніміз не?
2. Алгебралық өрнек дегеніміз не?
2 - топ. 1. Логикалық өрнек дегеніміз не?
2. Арифметикалық өрнектерді жазу үшін қолданылатын арифметикалық операциялар қалай белгіленеді?
3 - топ. 1. Жиі қолданылатын стандартты функция
2. Логикалық операцияларға нелер жатады?

І. Қызығушылығын ояту.
Мына ребусты шешу арқылы бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбын табамыз.

ІІІ. Жаңа сабақ
Жаңа сабақ мәтінін түсіндіруде ЖИГСО әдісі қолданылады. А, В, С тобының 1-нөмірлі оқушылары І топқа, 2- нөмірлі оқушылары ІІ топқа, 3- нөмірлі оқушылары ІІІ топқа жиналып, берілген тақырыпты жеке оқып, топта талқылайды. Содан соң өздерінің алғашқы А, В, С топтарына қайтып келіп, оқыған мәліметтерін топта түсіндіреді. Соңынан топтан 1 оқушы шығып қорытындылайды.
1 - топ. Негізгі ұғымдар. Калькулятордың мәні.
2 - топ. Калькуляторды жүктеу.
3 - топ. Калькулятордың жұмыс тәртіптері. Калькуляторды басқару.
Калькулятор бағдарламасы – сандық ақпараттармен жұмыс істеуге, есептеулерді жедел орындауға, есептеулер нәтижелерін Windows - дың басқа бағдарламаларына жіберуге, сандарды бір санау жүйесінен басқасына ауыстыруға, логикалық арифметика амалдарын орындауға, дәл есептеулер жүргізуге арналған.
Жүйеде калькулятор екі түрге бөлінеді: Қарапайым (кәдімгі) және Инженерлік.

Калькулятор бағдарламасын іске қосу үшін: Пуск→Все программы→Стандартные→Калькулятор
Калькулятор суреті
1. Қарапайым
2. Инженерлік

Калькулятордың негізгі пернелерінің мәні.
Backspace – соңғы цифрды өшіру
СЕ – индикация өрісінде жазылған санды өшіреді
С – барлық ендірілген ақпаратты өшіреді
/ - енгізілген мәнді бөледі
* - енгізілген мәнді көбейтеді
+ - қосу
- Азайту
= - орындалған амалдың нәтижесін шығарады.
Sqrt – квадрат түбірді есептейді
% - санның процентін табады
1/х – экрандағы санның кері мәнін есептейді
МС – жадтағы мәндерді өшіреді
MR – жадтағы мәндерді индикаторға көшіреді
MS - индикатордағы мәнді жадқа жазады
M+ - санды жадтағы мәндерге қосады.
Пернетақтаның сандық блогынан сандарды енгізу үшін NumLock пернесін басамыз. Калькулятордың кейбір нәтижелерді сақтауға арналған ішкі жады бар. Егер жадта нөлден өзге бір сан (мән) болса, онда индикатордың астында, сол жақ терезешеде М әрпі пайда болады. Ал егер жадқа жаңа мән енгізсе, онда алдыңғы мән өшеді.

ІІ.. Ой толғаныс.
Ал, балалар, сабақты қалай түсінгенімізді білу үшін калькулятормен есеп шығарып көрейік. Бүгінгі өтілген жаңа сабағымыздың барысы бойынша калькулятор терезесін ашып, мына есептерді шығарып көрейік.
1 - тапсырма:
Бірдей сандармен тек қосу амалдарын пайдаланып:
бес екіліктің көмегімен 28 санын жазыңдар
2 - тапсырма:
Нәтижесінде 99 санын алу үшін, 987654321 санындағы цифрлардың арасына қанша + белгісін қою керек?
3 - тапсырма:
Нәтижесінде 100 санын алу үшін, жеті
санның арасына + белгісін қойыңдар. 1 2 3 4 5 6 7. Сандардың қатарын өзгертуге болмайды

Жаңа сабақты бекіту.
Сабақ соңында балалардың жаңадан өтілген сабақты бекіту үшін тест тапсырмасын аламын.
1. Мына батырмалардың “СЕ” және “С” қандай айырмашылығы бар?
А) “СЕ” батырмасы соңғы ендірілген санды өшіреді, ал “С” батырмасы тек жарықтанып тұрған санды өшіреді.
Б) “СЕ” батырмасы тек жарықтанып тұрған санды өшіреді, ал “С” батырмасы барлық ақпаратты өшіріп калькуляторды жаңа жұмысқа дайындайды.
С)“СЕ” батырмасы мен “С” батырмасының айырмашылығы жоқ.

2. Қарапайым калькуляторды инженерлік калькуляторға қалай ауыстырамыз?
А) Түрі→ Қарапайым командаларын орындаймыз.
В) Түзету→ Инженерлік командаларын орындаймыз.
С) Түрі→Инженерлік командаларын орындаймыз.

3. Калькулятордың қандай түрлерін білесің?
А) Статистикалық, тригонометриялық
В) Қарапайым, инженерлік
С) Мәтіндік, сандық

4. Калькулятордың ішкі жады не үшін керек?
А) есептеу нәтижелерін сақтап қою үшін;
В) мәтіндік ақпаратты ендіріп қою үшін;
С) Калькулятордың ішкі жады болмайды;

5. Калькулятордың ішкі жадында белгілі бір мән барын қалай анықтаймыз?
А) Егер ішкі жадта сан болса, калькулятордың индикация өрісіне сан ендірілмей қалады.
В) Егер ішкі жадта сан болса, индикация өрісінің астындағы сол жақ терезеде “М” белгісі жанып тұрады.
С) Ішкі жадта санның бар екенін анықтай алмаймыз.

6. Калькулятордың ішкі жадына санды ендіру үшін қандай батырма қолданылады?
А) MS
В) MC
С) M+

IV. Қорытынды.
“Автордың орындығы” стратегиясын пайдаланып, сабақты қорытындылаймыз. Тақтаның алдына орындық қойып, әр топтан бір оқушы шығып, орындыққа отырып, бүгінгі сабақтан алған түсінігін айтып шығады. Осы кезде топтан оқушылар авторға сұрақ қоя алады

V. Оқушылардың білімін бағалау.
Жетондар жинау арқылы оқушылардың білімін және топ жұмысын бағалаймыз.
VI. Үйге тапсырма беру.
6. 2 тақырып (183 - 195 бет)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 443
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көңілді асық ойыны
Көңілді асық ойыны
Компьютер құрылғылары бойынша оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау бір жүйеге келтіріп, тексере отырып, қорытындылау.
Калькулятор бағдарламасы
Калькулятор бағдарламасы
Қызылорда қаласы, Ы. Алтынсарин атындағы №10 мектеп - лицейдің информатика пәнінің мұғалімі Малдыбаева Алтынай
Стандарттық бағдарламалар. Калькулятор бағдарламасы
Стандарттық бағдарламалар. Калькулятор бағдарламасы
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №244 Ы.Жақаев атындағы мектептің информатика пәні мұғалімі Сүгірбаева Ақмарал Есейқызы
Инженерлік калькулятор
Инженерлік калькулятор
Атырау облысы, Құлсары қаласы, №18 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Бозшиева А. К
Сандық ақпараттарды өңдеу. Калькулятор бағдарламасын іске қосу
Сандық ақпараттарды өңдеу. Калькулятор бағдарламасын іске қосу
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Абай атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Медиева Нургул
Компьютер құрылғылары
Компьютер құрылғылары
№39 «Қызылөзек» орта мектебінің математика және информатика пәндері мұғалімі Ләззат Сарманова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×