Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қысқа мерзімді жоспар (информатика 9 сынып)

13 қыркүйек 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Қысқа мерзімді жоспар
Тақырыптар
1. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.
2. Алгоритм ұғымы. Алгоритм орындалуы. Практикалық жұмыс №1,№2
3. Алгоритм жазылуы. Алгоритм түрлері. Практикалық жұмыс №3,№4.
4. Тақырыбы Практикалық жұмыс №5,№6,№7.
5. Тақырыбы Есептерді шешу кезеңдері.
6. Программалау тілі. Паскаль тілінің алфавиті. Практикалық жұмыс №8
7. Паскаль тілінің негізгі элементтері. Паскаль тілінің объектілері.
8. Тоқсандық қорытынды бақылау жұмысы.
9. Паскаль тілінің функциялары. Паскаль тілінің өрнектері. Практикалық жұмыс №9
10. Программа түсінігі. Құрылымы.
11. Шамаларды сипаттау. Операторлар бөлімі. Қарапайым операторлар.
12. Практикалық жұмыс №10
13. Басқару операторлары. Шартты оператор.
14. Таңдау операторы.
15. І жартыжылдық қорытынды бақылау жұмысы.
16. Практикалық жұмыс №12
17. Қайталау операторы. Практикалық жұмыс №13
18. Графикалық режим. Координаттар жазықтығы. Практикалық жұмыс №14
19. Графикалық режим мәтін жазу тәсілі.
20. Қорытынды тест
21. Символдық және жолдық шамалар. Символдық мәліметтерді енгізу. Практикалық жұмыс №15.
22. Жолдық шамалармен жұмыс.
23. Практикалық жұмыс №16
24. Мәліметтердің айнымалы және күрделі типтері
25. Тоқсандық қорытынды бақылау жұмысы.
26. Жиымдар. Жиымдарға қолданылатын амалдар. Практикалық жұмыс №17
27. Модель. Модельдеу. Модель түрлері. Модель мақсаты.
28. Модель түрлері.
29. Модельдеудің негізгі кезеңдері.
30. Үлгілерді электрондық кестеде модельдеу. Жағдаяттарды модельдеу. Практикалық жұмыс №18, 19.
31. Графикалық модельдер құру. «Қоршаған ортаны модельдеу». Кездейсоқ үдерістер.
32. Логикалық - математикалық модель. Практикалық жұмыс №20, 21
33. Олимпиадаға дайындықта қолдануға болатын есептер жиыны. Олимпиада есептері.
34. ІІ жартыжылдық қорытынды бақылау жұмысы.


Үлгі:
Тақырыбы: Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.
Сілтеме: Информатика. Жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбына арналған оқулық.
Мақсаты: ДК - пен жұмыс істеу кезіндегі ҚТ ережелерін және төтенше жағдайларда не істеу керектігі туралы ережелер туралы білімдерін қалыптастырады;
Оқу нәтижесі: Информатика кабинетінде өзін – өзі алып жүру ережелерін меңгере отырып және көзді талдырмау жаттығуларын жасау мағлұматын игереді.
Түйінді идеялар: Оқушылардың жеке, топтық жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Сабақта СТО технологиясының әдіс тәсілдерін пайдаланып оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру.
Жаттығулар:
1. Сергіту сәті
2. Топта жұмыс істеу ережесі
3. Топтық жұмысты бақылау және бағалау

Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл: топтық жұмыстар;
өзгенің пікірін құрметтей білу;
өзін - өзі және өзгені бағалау.

Дереккөздер: Информатика Жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбына арналған оқулық Интернеттен алынған ақпараттар
қосымша дидактикалық материалдар

Ұйымдастыру (7 мин.)
Сәлемдесу
Үлестірмелер арқылы 3 топқа бөлу.
Түрлі түсті фигуралар беріледі.
Оқушы іс - әрекеті
Кезекші сынып жайлы ақпар береді. Оқушылар үлестірмелерді таңдай отырып, фигуралар бойынша 3 топқа бөлінеді.
Түстер және фигуралар психологиясы бойынша ақпар алады.

Жағымды ахуал (5 минут)
«Болашақ» бейнежазбасын көрсету.

Жаңа сабақ.
Ой қозғау
(10 мин.)
Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пункттерге бөлуге болады:
1. Жалпы
2. ДК - де жұмысты бастау алдында
3. Жұмыс істеу кезінде
4. Авариялық жағдайларда
5. Жұмысты аяқтағанда
Жалпы қауіпсіздік талаптары:
1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал - жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға,
розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.
2. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.
3. ДК - де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
4. Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК - де жұмыс істеуге тыйым салынады.
5. Үстелге, ДК - дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды.
Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.
6. Пернетақтаның үстіне ештеңе қоюға болмайды.
7. Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.

Оқушылар топта бірлесе отырып талқылау жасайды және қажетті ақпаратты дәптерлеріне жазып отырады.

Тәжірибелік жұмыс (10 мин.)
«Аквариум» әдісі
Топтық жұмыс (постер дайындау)
1 - топ – Пайдаланушының компьютерде отыру ережесін жазыңыз.
2 - топ – Компьютерді қолданғанда тез шаршамау үшін не істеу керек.
3 - топ – Компьютерді қолданғанда кенеттен оқыс жағдай болғанда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек.

Оқушылар бірлесе берілген тақырыптарына сәйкес жұмыстарын дайындап және «Аквариум» әдісі бойынша қорғап шығады.
Тапсырма критерийлері:
1. Тақырыптың толық ашылуы – 10 балл
2. Эстетикалық талғамға сәйкестігі – 10 балл
3. Топтардың бірлесе жұмыс жасауы – 10 балл
Бағалау шкаласы:
25 - 30 балл – «5»
24 - 20 балл –«4»
19 - 10 балл –«3»

Сергіту сәті. 3 мин
Таныстырылым көрсету
«Жеті керемет»

Оқушылар пікірлерін айтып өтеді.

Сабақты бекіту 5 мин
Сұрақ – жауап
Сұрақтар қойып, жауап береді.

Бағалау 3 мин
Бағалау критерийлері бойынша оқушылармен бірігіп бағалау

Үйге тапсырма
Үй тапсырмасын тақтаға жазу. «Техникалық қауіпсіздік ережелері» жайлы мағлұматты толықтырып, өз беттеріңше ізденіп келу;

Оқушылар үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.

Кері байланыс. 2 мин
Рефлексия парағын ілу.
Оқушылар тақырыпты түсінген, түсінбеген сұрақтарын рефлексия парағына жабыстырғыштың көмегімен жабыстырып кетеді.

Мұғалімнің аты - жөні: Биходжаев Медет Куатович

Толық нұсқасын жүктеу
8 403
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Паскаль тілінің басқару операторлары
Паскаль тілінің басқару операторлары
Паскаль тілінің басқару операторлары: шартты және шартсыз көшу операторы, қайталау операторы жайлы түсіндіру. Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.
Паскаль тілінің басқару: шартты және шартсыз көшу, таңдау операторлары
Паскаль тілінің басқару: шартты және шартсыз көшу, таңдау операторлары
Паскаль тілінің шартты және шартсыз көшу, таңдау операторлары туралы түсінік бере отырып, программа құруға үйрету. Оқушылардың ой - өрісін, білім білік дағдыларын қалыптастырып, алған білімдерін дамыту. Өз беттерімен программа құруға дағдыландыру
Паскаль тілінің қарапайым операторлары. Айнымалар типтері.
Паскаль тілінің қарапайым операторлары. Айнымалар типтері.
Паскаль программалау тілінің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және олардың жазылуы туралы толық мағлұмат беру.
Салынған циклдер. Циклдік алгоритм
Салынған циклдер. Циклдік алгоритм
Оқушылар циклдық алгоритмдерді блок – схема түрінде өрнектеуді және программа құруды үйренеді
Графика. Графикалық процедуралар мен функциялар
Графика. Графикалық процедуралар мен функциялар
Информатика пәні мұғалімі: Нурлы Казбекова
Паскаль тілінің қарапайым операторлары
Паскаль тілінің қарапайым операторлары
№35 мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Баймурзина Майдагүл Сағынғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×