Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі

12 ақпан 2014, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы жайында түсінік беру, ақын тілінің ерекшелігін танып, өлеңнің мән - мағынасын ашу;
Дамытушылық: СТО стратегияларын пайдалана отырып оқушылардың өз бетімен жұмыс істей білуіне, өз ойын еркін айта білуге, шығармашылық қабілеттерін дамыта түсуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: Ақынның өлеңі арқылы оқушылардың туған жерін, туған тілі ана тілін қастерлеуге, адамгершілікке шыдамдылыққа, қайраттылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Стратегиялары: «Топтастыру», «Екі жақты күнделік», «Класстер», «Еркін жазу», «Бес жолды өлең», «Соңғы сөзді мен айтайын»
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау, талдау жасау, өз пікірін қорғау.
Сабақтың көрнекілігі: Қ. Аманжолов өмірі жайлы видео, ақынның суреті.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу
Оқушыларды түгендеу
Психологиялық дайындық
Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасын «Кубизм» әдісін пайдалана отырып сұраймын, яғни оқушылар кубиктің қай қыры түседі сол сұраққа жауап береді.
Иса Байзақов кім?
Иса Байзақовтың туған жері?
«Құралай сұлу» поэмасының авторы кім?
Құралай сұлуды ұнатқан жігіттің есімі?
Поэмада қандай бидің есімі кездеседі?
Поэма қалай аяқталады?

І Қызығушылықты ояту
Тақтаға Қасым Аманжоловтың суреті ілінеді. Оқушылар болжау арқылы «Бұл кім?» деген сұраққа жауап береді.

ІІ Мағынаны тану
1. Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы жайлы видео көрсетіледі.
2. Оқушылар түсінгендерін класстер сызу арқылы айтып береді.

3. «Өзім туралы» өлеңін мәнерлеп оқып шығамын.
4. Оқушылар жекелей іштерінен оқып шығады.
Топпен жұмыс
Топқа бөлу үшін оқушыларға «Қыс», «Қазақ тілі», «Шәкірт ойы» өлеңдерінің бір шумақтарынан өлең жолдарын беремін. Оқушылар әрқайсысы өлеңге сәйкес жолдарын табу арқылы өз топтарын құрады.
І топ Өлеңде ақын болашақ ұрпаққа не айтқысы келді? Қандай жолдардан мысал келтірер едіңдер?
ІІ топ Өлеңнен ақынның ақындық ұлы мақсатын айқындайтын өлең жолдарын тауып, түсіндіріңдер. Өлеңнен көркемдегіш - бейнелеуіш тәсілдерді теріңдер.
ІІІ топ Өлеңді оқи отыра ақынға мінездеме бер. Ақынның бойындағы адамгершілік қасиеттерді танытатын өлең жолдарын табыңдар.
«Екі жақты күнделік» Оқушылар бірінші жекелей орындайды, екінші жұппен, сосын топпен ақылдасып ортақ бір кестені ортаға шығып оқиды.

Өлеңнен үзінді
Менің көзқарасым
Өмір жоқ түскен жерде бір арнаға,
Көп күттім, көп тіледім құмарлана.
Қайтейін, жетер емес қысқа өмірім,
Алыстан көрінгенмен құмарлана Ақын арманы шексіз, бірақ сол арманын жүзеге асыруға уақыт жетпейтіндігін, өзінің өмірінің қысқа болатындығын сезгендігі көрініп тұр.
Қасыммын, сол баяғы бір Қасыммын,
Бақытын ойламаймын құр басымның.
Тымырсық түнек болсаң – дұшпаныңмын,
Ақ көңіл адал болсаң – сырласыңмын. Ақынның кең пейіл, жайдары мінезін байқаймыз. Ақтықты, адалдықты сүйетін өзі де пәк ақын деп білеміз.

ІІІ Ой толғаныс
І топ «Бес минуттық эссе» жазу. «Қасым ағаның арманы...»
ІІ топ «Бес жолды өлең» құрайды.
1. Қасым
2. Кең пейіл, дауылпаз
3. Жазады, армандайды
4. Елінің дауылпаз ақыны - Қасым аға!
5. Ақын
ІІІ топ «Соңғы сөзді біз айтамыз..»
Қорытынды. Қасым Аманжолов – өзі айтқандай елінің ерке ақыны. Қанша ғасыр, қанша жыл өтсе де солай болып қала бермек! Аз ғана ғұмыр кешіп әдебиетімізге зор үлесін қосып кеткен дауылпаз ақынды ұрпағы мәңгі жадында сақтап, мәңгі мақтан тұтпақ!
Үй тапсырмасы: «Өзім туралы» өлеңінен үзінді жаттау.
Бағалау.
14 977
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қасым Аманжолов Көктем
Қасым Аманжолов Көктем
Өлең мазмұнын түсініп, мәнерлеп және нақышына келтіріп оқиды.
Күнделікті сабақ жоспары Қ. Аманжолов «Дауыл»
Күнделікті сабақ жоспары Қ. Аманжолов «Дауыл»
Ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлұматтар алуына жағдай жасау, «Дауыл» өлеңі жайлы түсінік беру, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.
Қасым Аманжолов «Дүниеге жар»
Қасым Аманжолов «Дүниеге жар»
Қасым Аманжоловтың поэзиясының ерекшелігін, «Дүниеге жар» өлеңінің идеясын таныту, мән - мағынасын ашу. Дамытушылық: Дүниетанымын кеңейту, өзіндік зерттеу арқылы ой қорытуға дағдыландыру.
Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі
Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Пшанова Аманкул Абубакировна
Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі
Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Бесарық ауылы, №147 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тайғараева Эльмира Нақыпқызы
Қасым Аманжолов "Өзім туралы" өлеңі
Қасым Аманжолов "Өзім туралы" өлеңі
Қызылорда қаласы, №138 Абай атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Койшыбаева Айгерим Нурлановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×