Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғабит Мүсіреповтің шығармаларын талдау

03 сәуір 2015, Жұма
Тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтің шығармаларын талдау, «Ұлпан», «Қазақ солдаты» романдары, көркемдігі. Ана тақырыбындағы әңгімелері
Сабақтың мақсаты:
а) білімдік: Оқушыларға Ғ. Мүсіреповтің өмірі туралы жан - жақты мәлімет беру, жазушы шығармашылығының қазақ кеңес әдебиеті тарихындағы орнының ерекшелігін көрсету, көркемдік әлемін таныту, шығармаларын талдап, көркемдік ерекшеліктерін танып оқи білуге үйрету;
ә) тәрбиелік: деңгейлік тапсырмалар орындату барысында ізгілік қатынасқа үйрету, адамды сүюге, өзін, анасын қадірлеуге, табиғатты сүюге, қорғауға, ерлікке, отансүйгіштікке, еңбексүйгіштікке, мейірімділікке, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, гумандық, патриоттық тәрбие беру;
б) дамытушылық: Оқушылардың ой еркіндігін, эстетикалық сезімін ояту, өздігінен білім алып дами алатын тұлға қалыптастыру, шығармалардағы көркем сөз айшықтарын талдап, жүйелі мазмұндау арқылы тіл дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, өздігінен білім алуға баулу, тәжірибеде көркем шығарма компоненттерін тиімді оқыта білуін, өз ойын жүйелі жеткізе білуін дамыту;
в) кәсіби: педагог ретінде дағдыларын қалыптастыру, түрлі әдіс - тәсілдерді орынды, дұрыс қолдана білуге үйрету.
Сабақтың типі: білім, білік, дағдыны қалыптастыру
Сабақтың түрі: практикалық
Сабақтың көрнекілігі: Тірек - сызбалар, электронды оқулық, интерактивті тақта, компьютерлерге енгізілген деңгейлік тапсырмалар, бағалау ведомості, бағалау мониторингі, жұмыс дәптері, тест тапсырмалары, оқулықтар.
Сабақ өту технологиясы: Деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы, дамыта оқыту технологиясының, сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары, кіріктірілген технология.
Сабақта қолданатын әдістер: сұрақ - жауап, түсіндіру, баяндау, әдеби талдаулар, деңгейлік тапсырмалар орындау, семантикалық карта толтыру, шығарма құрылысына әдеби талдау жасау.

Сабақ құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Бұрын өтілген материалды қайталау, пысықтау, тірек білімдеріне сүйену.
ІІІ. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі. Білімді бекіту, қолдану кезеңі.
ІҮ. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.
Ү. Үйге тапсырма беру.

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Қызығушылықты ояту, ынталандыру. Түсті қағаздағы мозаика құрастырылғанда
(«Әдебиеті мен өнері ұлы болмаған ұлт та ұлы болмайды...» Ғ. Мүсірепов) жазушының сөзі шығады. Мозаика құрастырып болғанша «Жылы лебіз» әдісін қолданып, оқушылар бір - біріне жылы сөз, тілек айтады. «Сіз, біз деген жылы сөз, Жылытады жүректі...» жалғасын тап (ұйқастырып өлең құрау).
Сабақтың мақсаты мен міндетін қою. (Сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіріп өту)
Бүгінгі сабақта қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы көрнекті өкілдерінің бірі, жазушы, драматург, аудармашы, публицист, әдебиеттанушы ғалым, сыншы Ғабит Мүсірепов шығармалары жайлы кеңінен мәлімет аламыз. Шығармаларының негізгі тақырыптары, зерттеушілер еңбектерімен танысамыз. Әдебиеттің кезеңдері, әдеби сынның дамуы жайлы түсінік аламыз. Қазақ халқының өмірін, әдебиетінің даму тарихын жазушы, осы кезең өкілдері шығармаларының кейінгі әдебиет өкілдеріне ықпалы, әдеби сынды қалыптастыру, әсері, тілдік ерекшеліктері жайлы т. б. мәліметтермен танысамыз.
Сабақтан күтілетін нәтиже: нені біледі? – Ғабит Мүсірепов шығармаларын, қазақ әдебиетіндегі проза, драма жанрларында, әдебиет сыны саласындағы еңбектерінің негізгі тақырыптары, көркем әдеби шығармаларының тақырыптарын, мазмұны, тарихпен байланыстылығын, әдеби - теориялық ұғымдарды дұрыс ажырата білу, жазушы ретінде шығармаларын, әдебиеттегі жаңаша ойлар қалыптасуына әсерін;
- нені меңгереді: сөз астарын ұғыну, мағынасына талдау жасай білу, әңгімелерінің композициялық құрылысына, жүйесіне талдау жасау дағдыларын, майда жанр үлгілерін сөз арасында қолдана алуды.

ІІ. Бұрын өтілген материалды қайталау, пысықтау, тірек білімдеріне сүйену.
Тақырыбы: Ғабит Мүсірепов өмірі мен шығармашылығы. «Ұлпан», «Қазақ солдаты» романдары, көркемдігі. Ана тақырыбындағы әңгімелері.
а) Кітап көрмесін таныстыру.
ә) Тірек сызба бойынша түсіндіру.
б) «тосын хат» тапсырмалары
Деңгейлік тапсырмалар орындау.

ІІІ. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі. Білімді бекіту, қолдану кезеңі.
Сабақтың тақырыбын түсіндіріп, мақсатын қою. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясымен таныстыру.
Ғабит Мүсірепов өмірі мен шығармашылығы туралы жылнамалық кесте арқылы жазушы тұлғасын жасау. Тірек - сызба бойынша мазмұндау.
А) Өмірі, тәрбие, білім алған ортасы, ұстазы, жазушы шеберлігі. (шығармаларынан үзінділер оқу)
Ә) Ғабит Мүсірепов – жазушы.
Б) Ғ. Мүсірепов әңгімелері, тақырыбы.
В) Ғабит Мүсірепов романдары. «Қазақ солдаты», «Ұлпан» романдары, негізгі тақырыптары.
Г) Ғабит Мүсірепов – аудармашы. О. Генридің, М. Горькийдің, М. Шолоховтың, шығармаларын, А. Островскийдің, К. Симоновтың, А. Штейннің пьесаларын қазақшалады.
Деңгейлеп саралап оқытудың тиімді жақтары:
- Білімді демократияландыру және ізгілендіру;
- оқушылардың жеке басының қабілеті мен мүмкіндігіне байланысты тиісті білім деңгейіне жету;
- оқушының өзін - өзі тексеріп, түзетіп, басқаруына жағдай жасау;
- жеке тұлғаның дамуын қадағалайтын мониторинг құру.
Деңгейлеп саралап оқыту төрт кезеңнен тұрады:
І кезең - Міндетті оқушылық;
ІІ кезең - Алгоритмдік;
ІІІ кезең - Эвристикалық;
IY кезең - Шығармашылық.
ІҮ. Сабақты қорытындылау.

“Миға шабуыл” сұрақтары әдісі бойынша:
1) «Жапон балладаларына» енген әңгімелері тақырыбын атаңыз.
2) «Ана туралы аңыздар» жинағына енген әңгімелерін атаңыз.
3) Жас оқырмандардың сүйікті кейіпкерлеріне айналған «Қазақ солдаты» романының кейіпкерлері.
4) «Ұлпан» романы - әдеби құнын жоймайтын мәңгілік ескерткіш ретіндегі өз пікірің.
5) Жазушының ең көлемді, өзінің төлқұжаты ретіндегі шығармаларын атап шығыңыз.
6) Әдеби сын, публицистика саласындағы еңбектерін атап өтіңіз.
7) Ғ. Мүсірепов сценарийі бойынша түсірілген фильмдер. («Махаббат туралы дастан», «Қыз Жібек»)

Оқушылардың білімін бағалау.
Білім деңгейіне, сабаққа қатысу белсенділігіне қарай;
Деңгейлік тапсырмалар бойынша жинаған ұпайлары бойынша бағаланады.
Бірін бірі бағалату, қойылған баға туралы пікір айту, сараптама (анализ) жасату.
... Өкшелес буын ойыныңа, ойыңа қараймын... Биік ұшсаң – қуаныш, төмен ұшсаң - өзің өкінерсің... Мен де қуанып көрген, өкініп көрген ағаңмын. Қызығып та қоямын, қынжылып та қоямын... Өзім ұшып жете алмаған биікті саған тілеймін. Өзің аспанда, ойың төменде жүргенше, өзің төменде, ойың аспанда жүрсін, жаным. Биік деген немене, төмен деген немене, сонда түсінерсің... (Үзінді жазушының қай шығармасынан алынған, ондағы негізгі ойды өмірмен байланыстыра айту, сабақты қорыту)
З. Қабдолов: «Мүсіреповті мақтаудың қажеті жоқ, Мүсіреповпен мақтану керек»
Туған елге соңғы сөз. Мұхтар Шаханов естелігін мазмұндау.
«Әдебиеті мен өнері ұлы болмаған ұлт та ұлы болмайды...»

Ү. Үйге тапсырма беру:
А) Орындап үлгермеген деңгейлік (ІҮ деңгей) тапсырмаларын аяқтап келу;
Ә) Ғ. Мүсіреповтің туғанына 110 жыл толуына орай «Сөз зергері» тақырыбына шығарма жазып келу (Ғабит Мүсіреповтің шығармашылығына талдау жасай отырып, өз пікірлерін айту);
Б) Ғабит Мүсіреповтің шығармалары мен өтілген тақырыптарды салыстыра зерттеу, талдау жасау; Әдебиетші, сыншы ғалымдар пікірлерін талқылау.
12 580
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғабит Мүсірепов
Ғабит Мүсірепов
Ғабит Мүсірепов туралы мәлімет беру, алған білімдерін қорыту, жинақтау, шығармаларының көркемдік ерекшеліктерімен таныстыру.
Қазтуған жырау. «Алаң да алаң, алаң жұрт» өлеңі
Қазтуған жырау. «Алаң да алаң, алаң жұрт» өлеңі
Қазтуған жырау және оның толғаулары туралы жан - жақты мәлімет беру, шығармаларының көркемдік әлемін таныту, жырларының шығу тарихы мен шығарма мазмұнына әдеби талдау жасату;
Ғабит Мүсіреповтың шығармашылық жолы
Ғабит Мүсіреповтың шығармашылық жолы
Cөз зергері, ұлттық сөз өнері тарихындағы зор тұлға - Ғабит Мүсіреповтың жасаған игі істерін зерттей, оның шығармаларын оқушыларға өз беттерімен оқыта отырып, тірек сызбалар арқылы бағыт - бағдар беру
Жамбыл – айтыс ақыны
Жамбыл – айтыс ақыны
М. Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Жанканова Айгерім Досымқызы
Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романындағы Қайрош бейнесі
Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романындағы Қайрош бейнесі
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Жукенова Баянды Болатовна
Қазтуған жырау толғаулары, тәрбиелік мәні
Қазтуған жырау толғаулары, тәрбиелік мәні
М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пән оқытушысы Ахунов Бақытжан Кенжебекұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×