Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ҰБТ – ге сапалы дайындау үшін өтілген тақырыптарды түрлі талдау жасау арқылы пысықтау

12 наурыз 2014, Сәрсенбі
Тақырыбы: Сатылай кешенді талдау.
Мақсаты: Білімділік: ҚР Президентінің Жолдауын оқушыларға таныстыру.

2. Оқушыларды ҰБТ – ге сапалы дайындау үшін өтілген тақырыптарды түрлі талдау жасау арқылы пысықтау, нақтылау, алған білімдерін қолдана білуге үйрету.
А. Фонетикалық талдауды сатылай комплексті түрде жүргізу. Дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру;
Ә. Сөз құрамына, лексика – граматикалық мағынасына сатылай кешенді талдау.
Б. Бір сөйлемге синтаксистік талдау жасау.
Дамытушылық: Түрлі тапсырмаларды жылдам және тез, шығармашылықпен орындау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Отанын сүюге, нағыз азаматқа тән қасиеттерін қалыптастыру, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.
Түрі: Практикалық талдау сабағы
Әдісі: практикалық талдау түрлері, математикалық диктант, кестелі – кешенді талдау.
Көрнекілігі: Түрлі слайдтар, интерактивті тақта.

♦ Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру. Кіріспе әңгіме
Бүгінгі сабағымызды бүгін біз президентіміздің Жолдауынан бастасақ деп отырмын. Бұл Жолдаудың
♦ 7 тармағы тікелей мына бізге, мектеп оқушыларына, нақтылай айтсақ, бүгінгі мектеп бітірушілеріне, арналған деп ойлаймын. Президент адами капитал тарауында оқушылардың сапалы білім алуына, көп назар аударады. Сондықтан біздің бүгінгі сабағымыздың басты мақсатымыз алдымызда тұрған маңызды белес ҰБТ – ге өзіміздің дайындық деңгейімізді анықтау, түрлі тапсырмаларды орындау арқылы білімімізді пысықтау.
Сабағымыздың бірінші кезеңін мен төмендегі мақалмен бастамасам деймін
“Ұлы жол үйдің табалдырығынан басталады” – делінсе бұл мақалды мен қазақ тілдің табалдырығы “Фонетика” саласы деп ойлаймын.
Сондықтан І – кезеңде біз “Фонетикадан”.
♦ Дыбыстар: (дауысты, дауыссыз)
♦ Буын
♦ Тасымал
♦ Екпін
тақырыбын қайталаудан бастасақ.

І – тапсырма. “Математикалық диктант” жазу
42, 40, 15 (12), 25, 7, 8, 11, 5, 6, 4, 7, 8.
Тексеру:
42 – қазақ тіліндегі әріп саны
40 – дыбысталатын әріптер
12 – 15 дауысты дыбыстар (3 қосарлы дыбыстар (я, ю, ё)
25 – дауыссыз дыбыс
7 – езулік дауыстылар а, ә, э, е, ы, і, и.
8 – жіңішке дауыстылар ә, э, ө, е, ү, у, і, и.
11 – қатаң дауыссыз дыбыстар к, қ, х, с, т, ч, ш, щ, п, ф, ц.
5 – еріндік дауыстылар о, ө, ұ, ү, у,
6 – қысаң дауыстылар ұ, ү, у, ы, і, и.
4 - жуан дауыстылар а, о, ұ, ы.
7 - үнді дауыссыз дыбыс – р, й, у, л, м, н, ң.
8 – ұяң дауыссыз дыбыстар – б, в, г, ғ, д, ж, з, һ.
 Фонетикалық сатылай кешенді талдау (математикалық тәсілмен)
 ҰБТ – ге сапалы дайындалу үшін енжарлыққа, жалқаулыққа жол беруге болмайды.
 Талдау: енжарлыққа, жалқаулыққа.
Жолдаудың негізгі талабы келешекте өмір сүретін жастардың білімді болуын талап ету. Сондықтан келесі кезенді мен төменгі мақалмен қорытындыласам деймін.
“Білімсіз адамның сөзі – білектей,
білімді адамның сөзі – жібектей.”
Келесі тапсырмамыз: “Морфология” қазақ тілінің ІІ сатысына байланысты. Алған білімдеріңізді пайдалана отырып, төмендегі тапсырманы орындаңдар.
Қатені тап. Морфологиялық сөз табына талдау.
Білімді – дара, сын есімді, сапалық анықтауыш, себебі анықтауыш басқа сөз тобының қатысы арқылы жасалып тұр.
Білімсіз – дара, сын есімді, сапалық, зат есім тудырушы жұрнақты анықтауыш.
Білектей – дара, сын есімді – анықтауыш.
Жібектей – дара, сын есімді – анықтауыш.
Сөзі – дара: зат есімді ІІ жақтағы тәуелдік тұлғалы – бастауыш.
Адамның – күрделі: зат есімді, барыс тұлғалы – анықтауыш.
Тексеру.
Сөз таптарына талдау.
Білімді – дара: сын есімді: қатыстық анықтауыш, себебі анықтауыш басқа сөз табының қатысы арқылы жасалып тұр.
Білімсіз – дара, сын есімді; қатыстық сын есім тудырушы жұрнақты анықтауыш
Білектей – дара сын есімді – баяндауыш.
Жібектей – дара сын есімді – баяндауыш.
Сөзі – дара: зат есімді ІІІ – жақтағы (і) тәуелдік тұлғалы – бастауыш.
Адамның – дара: зат есімді; ілік тұлғалы – анықтауыш.

ІІІ кезең
Адам болатын бала алысқа қарайды.
Иә, ертең мен мектепті бітіремін. ҰБТ – ды тапсырамын, мамандық таңдаймын, ЖОО орнына түсуге тырысамын.
Келешекте мен бір маман иесі боламын. Ең бастысы, мен Отанымның азаматы боламын. Менің Қазақстан азаматы ретінде басты ұстанымым Жолдауда көрсетілгендей төмендегідей болады.

Сөз құрамына талдау.
1. Көпұлттылық, толеранттылық, көптілділік, елжандылық, моральдық, адами құндылықтарды жоғарылату.

V кезең
Жаңылмас” жақ болмайды, сүрінбес тұяқ болмайды. – дейді бұл мақал. Мүмкін ертең мен оқуға түсе алмай қаламын. Сонда мен болашағыма жол іздеймін, басқа мамандықты игеремін, содан соң келешекте өзімнің армандаған мамандығыма қол жеткіземін. Себебі, қазір уақыт басқа, еңбек рыногы үнемі өзгерісте болады. Соған орай мен дайын болуым керек, бір ғана мамандықпен өмір сүру өте қиын болады. Мысалы; Жапон, АҚШ. сияқты дамыған елдерде әрбір адам, әрбір бес жыл сайын мамандығын, кәсібін өзгертіп отырады. Олар, соған дайын, жаңа мамандықтар алу үшін олар өмір бойы оқиды және қайта даярлаудан өтеді.
Біздің президент те Жолдауында осыған көп көңіл бөліп отыр. “Жастардың білімге қол жеткізу үшін оларға әлеуметтік көмек көрсету, оқу орындарының базасын нығайту, өндірістен қол үзбей білім алуын назардан тыс қалдырмауы” - туралы айтылған. Сондықтан өкімет маған қамқорлық жасап жатқан соң, мен де өмірімнің келесі сатысына ешбір алаңсыз аттаймын. Бұл менің жеке басымның, өмірімнің, бағыты болмақ.
Соңдықтан сабағымыздың соңғы сатысы да қазақ тілдің соңғы тараулары “Лексика”, “Синтаксис” тақырыптарына байланысты болмақ.
Төмендегі сөйлемге сатылай кешенді синтаксистік талдау жасау.
Президентіміздің Жолдауын жолбағдар құжат ретінде негізге алып, сапалы біліміммен саналы тәрбиеммен басқаларға үлгі көрсетемін.

Сабақты қорытындылау, бағалау, үй тапсырмасын беру.
7 907
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Қызықты грамматика» үйірмесінде «Сатылай кешенді» талдау технологиясын үйретудің тиімділігі.
«Қызықты грамматика» үйірмесінде «Сатылай кешенді» талдау технологиясын үйретудің тиімділігі.
Оқушылардың қызықты грамматика үйірмесінде сатылай кешенді талдауының ғылыми мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрлысын сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлеу.
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салаластың жасалу жолы туралы жаңа білім беру, кезектес салаластың құрамына енген жай сөйлемдердегі іс - әрекеттің кезектесіп келетіндігін, тек жалғаулық шылаулар арқылы байланысатындығын меңгерту; ә) дамытушылық: оқушылардың білім - білік,
Сиыр. Жуан дауыстылар
Сиыр. Жуан дауыстылар
Жуан дауысты дыбыстар жайлы түсінік бере отырып, төрт түлік туралы мәлімет беру және сөздерді сатылай кешенді талдау үлгісін меңгерту
Фонетикалық бірліктерді сатылай кешенді талдау
Фонетикалық бірліктерді сатылай кешенді талдау
Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ. Сәтбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ақтөре Айгүл Сапарқызы
Сатылай кешенді талдау. Сәбит Мұқанов "Сұлушаш поэмасы"
Сатылай кешенді талдау. Сәбит Мұқанов "Сұлушаш поэмасы"
Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анар Арыстанғалиева Баяндама: Әдебиет сабағында «Сатылай кешенді талдау” технологиясын пайдаланудың тиімділігі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×