Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Махамбет Өтемісұлы «Қызғыш құс» өлеңі

05 маусым 2012, Сейсенбі
Әдебиет (5 - сынып )
Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы «Қызғыш құс» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. М. Өтемісұлының ақындық шеберлігін таныту, оқушылардың танымдық біліктілігін арттыру.
Дамытушылық. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын оқу мен жазу арқылы дамыту.
Тәрбиелік. Оқушылардың елін, жерін, Отанын шексіз сүюге, қорғауға тәрбиелей отырып, Махамбет бойындағы ерлікті, ақындықты оқушы санасына ұялату.
Сабақтың әдісі: RWST («Ой шақыру», «Венн диаграммасы», «Кубизм», «INSERT», «5 жол өлең») т. б.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, биология.
Сабақтың жабдығы: ватман, маркер, сындырма бетше, электронды оқулық.
Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру
ІІ. Жаңа сабақ
Махамбет Өтемісұлы туралы білетіндерін жеке қағазға түсіруге 3 - 4 минут.
Жұпта талқылау. Топта бөлісу. Ортақ пікірді тақтаға жазу

Жоспары:
1. «Қызғыш құс» өлеңін мәнерлеп оқу
2. Өлеңнің идеясына тоқталу
3. «Қызғыш құс» өлеңінің шығу тарихы (үнтаспадан тыңдау)
4. Сөздікпен жұмыс
5. Топтық жұмыс (Құстар галереясы)
6. Өлең құрылысына талдау
7. Қорытынды

Махамбет – халқын сүйген, халық мұңын жырлаған, елім деп еңіреген ақын. Махамбет поэзиясы өз дәуірінің, сол кездегі қанауға қарсы көтерілген шаруалар көтерілісінің айқын үні. Отанын сүйген патриот - өлеңдерін көпшілік мүддесі үшін жұмсаған, еңбекші шаруалардың жыршысы. Езуші таптың жауыздығын тайынбай әшкерелеп өткен реалист. Өмірінің ақырғы минутына дейін жақсылықты алдағы өмірінен күтіп, ұрпақтарды хан, патша, би, сұлтандарға қарсы күреске шақырып кеткен романтик. Ол – асыл сөздің кені, көркем тілдің ұстасы, ерлікке үндейтін жалынды үгітшісі.
- Ендеше балалар, патриот деп қандай адамды айтамыз?

Патриот - өз Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш - жігерін, қабілетін аямайтын адам.
Тақтаға сабақтың тақырыбы жазылады. «Қызғыш» сөзіне түсініктеме беріледі. Қызғыштай – қызғыштай қорыды, (қорғады) – қорғаштады, ара тұрды.
Жапан далада тізгінін бос тастап, бір салт атты кісі келеді. Бойында асынған қару - жарағы бар, қабағы салыңқы. Реңі жабырқау. Бұл өзі кешелері қол бастап, жалаң қылышпен жай отындай жарқылдап, хан жасағын, патша әскерлерін жапыра, ат ойнатқан кісі еді.

«Тәңірім салса, не амал бар!» Ағалап алдында ұстаған, бүкіл ел ардақтысы, көтеріліс басшысы батыр Исатай о Дүниелік болған. «Қаумалаған қарындас» та енді қасында жоқ, жападан – жалғыз, жапан түзде арыған атының тізгінін бос салып, аяңдап келеді. Аты тоқтап, әудем жердегі жарқыраған суға тігіле қарап қалыпты. Көл үстінде құс біткеннің зәресін қашырып, бір қарайған жүйткиді. Тәжірибелі жолаушы оның лашын екенін білді. Ол ойын жиды, оу, бұл таныс көлдің тұрақты күзетшісі - бір қызғыш бар еді ғой! Ол қайда? Сөйткенше болған жоқ, салт аттының көзі төбесінде шырылдаған қызғыш құсқа түсті. Бейшара – ай, ә! Ал мұның өзінің, батыр Махамбеттің, хәлі қалай бұл күнде?! Мұның «көлі» - елі қайда, бұл неғып айдалада арыған атымен жалғыз келе жатыр? О, тәубе, көл қорыған қызғыштың да, ел қорыған ер Махамбеттің де тағдыр талайы бірдей екен – ау! Осыған ұқсас бірдеңе бұрын да болған сияқты еді ғой... Жо – оқ. Ақын өзінің бір толғауын есіне түсірді.

Көшер еді - ау біздің ел,
Сонау Еділден бергі жатқан жердейін.
Қонар еді – ау біздің ел,
Арқада қоныс төлдейін,
Нұралыдан қалған көп тентек
Бүлдірмеген еді елімді
Лашын құс, бүркіт шайқаған көлдейін, -
деген болатын. Нақ соның кебі келіп тұр ғой, «Ереуіл атқа ер салмайдағы» айтқандары да айнымай алдынан шыққан. Ақындық болжам сөздің өститіні бар... Ақынның ерні жыбырлап, көзі тағы да төбедегі шырылдаған титімдей құсқа түсті.
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Қанатың қатты, мойның бос.
Исатайдан айрылып,
Жалғыздықпен болдым дос.
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Ел қорыған мен едім,
Мен де айрылдым елімнен.
Көл қорыған сен едің,
Сен де айырылдың көліңнен.
Аспанда ұшқан қызғыш құс,
Сені көлден айырған -
Лашын құстың тепкіні.
Мені елден айырған –
Хан Жәңгірдің екпіні.
Айтып, айтпай немене?
Құсалықпен өтті ғой,
Махамбеттің көп күні.

Иә, бәрі айна қатесі жоқ, тап осылардай. Осылайша тек қазақ поэзиясында ғана емес, әлемдік поэзиядағы да, бір элегиялық ғажайып көркем өлең дүниеге келді. «Туған жерге кіндігінен байлаулы болмаса (Ғ. Қайырбеков), бірі – басқа жерді жерлеп, екіншісі - басқа көлді көлдеп, қағаны қарық, сағанағы сарқ жүре бермес пе еді.»
(Оқушыларға мәнерлеп оқыту)

Көрнекілік арқылы өлеңнің идеясына тоқталу.
- Махамбеттің «Қызғыш құс» өлеңінде ақынның еліне, халқына деген сүйіспеншілігі, Отанына деген сезімі тамаша өрнектелген.
Ақын адамның көңіл күйін табиғат құбылыстарымен салыстыра егіздеуді шебер қолдана отырып, қызғыш пен өз тағдырын салыстырады. Қызғыш құстың көлсіз тіршілігі болмаса, ақынның туған елінсіз, туған топырағынсыз тіршілігі жоқ.
Махамбет көл қорыған қызғыштай елі үшін отқа түседі. Қызғыш құстың жауы – лашын, ал Махамбеттің жауы – Жәңгір. Елінен айырып, қуғынға ұшыратқан да – Жәңгір.

Көрнекілік: Адам және табиғат
Сондықтан да ақын:
Аспанда ұшқан қызғыш құс!
Сені көлден айырған –
Лашын құстың тепкіні;
Мені елден айырған –
Хан Жәңгірдің екпіні –
деп, қас жауының кім екенін айқын аңғартады. Немесе:
Айтып – айтпай немене?!
Құсалықпен өтті ғой,
Махамбеттің көп күні!!! –
деп, елі үшін қабырғасы қайысады, құсалықпен күн кешеді.
Сөздікпен жұмыс
Құсалық – құса болғандық (уайым, шер), қасіретке батушылық.
Құстар галереясы
Қызғыш – желкесінде қара қауырсынды айдары бар, кішкентай қоңыр ала құс.
Лашын – тепкіні қатты тегеурінді құс.

Топпен жұмыс
- Махамбеттің тағы да басқа қандай өлеңдерінен құстар бейнесін көре аламыз?
«Соғыс» (Қызғыштай болған асыл ер)
«Арғымақтың баласы» (Сұңқарлар үлгі алар деп)
«Мұнар күн» (Лашын қуға төнген күн)

«Орай да борай қар жауса» (Лашын, сұңқар жүн төксе, далада қалған сүйек деп, шеніне қарға жолар ма)
«Аймақ көл» (Егізімнен айырылып, мен де бір аққу болдым халықтан соң)
«Қаршыға деген бір құс бар» (Қаршыға деген бір құс бар, қанаты айдың астында)
( Осы өлеңдерден оқушылар үзінді оқып, мысал келтіреді, құстарды мысал оқып болғаннан кейін құстарды тақтаға іледі )
- Махамбет поэзиясында самғай ұшқан, шүйілген, еріксіз егіліп, мұңға
батқан, шырқай көтерілген құстар бейнесі – аса жиі бейнеленетін көркем образ.
Ендеше, Махамбет өлеңдерінен аққудан қызғыш құсқа дейінгі аралықтағы қанаттылар галереясын таба аламыз.
Өлеңге композициялық талдау жасау.
Өлеңді салыстыру.
«Соғыс» өлеңі «Қызғыш құс» өлеңі

Шумағы:
Тармағы
Буыны:
Ұйқасы:
Өлеңдегі бейнелі сөздер:
«5 жол өлең» құрастыру
1. Махамбет Өтемісұлы
2. ақберен ақын, адал дос
3. өлең жазды, күресті, өкінді
4. сегіз қырлы, бір сырлы
5. батыр

Бекіту сұрақтары:
1. Махамбет Өтемісұлы қай жерде дүниеге келген?
2. Махамбет қай жерде жерленген? ( Қараой)
3. Жергілікті ақын - жазушылардың Махамбетке арнаған қандай шығармаларын білесіңдер?
4. Махамбет арманына жетті ме?
Махамбеттің «Қызғыш құс» өлеңінен қандай қасиеттерді бойыңа сіңірдің?
Жауабы
а)
ә)
Осы қасиеттердің қайсысы қазіргі жастар бойында кездеспейді?
Жауабы
а)
ә)
Сабақты қорытындылау
- Бүгінде, құдайға шүкір, заман – біздікі! Дәуір де өзіміздікі!
Ғасыр да біздің игілік ғасырымыз болуға тиіс. Міне, қазіргі таңда Қазақстан – егемен ел, өз еркі өзіндегі азат, өз алдына дербес мемлекет. Бүгінде біздің басшымыз қазақ елінің еркіндігіне тұсау етіп қарауылға қойған құқықсыз хан емес, өзіміз қалап, сайлап, ел еркіндігін қорғайтын мәртебелі Президент.
Ақыры жетті күн бүгін,
Ақырып теңдік сұраған.
Түнектің түріп түндігін,
Ат міндің сұлу құладан.
Парызың бүгін өтелген,
Әр ізің жатыр жаңғырып.
Азаттық туын көтерген,
Ақынның жыры мәңгілік!

Бағалау.
Үй тапсырмасы: өлеңді жаттау, тірек сөздерді пайдалана отырып «Махамбет - патриот ақын» тақырыбында шағын шығарма жазу
Махамбеттің «Қызғыш құс» өлеңінен қандай қасиеттерді бойыңа сіңірдің?
Жауабы
а)
ә)
Осы қасиеттердің қайсысы қазіргі жастар бойында кездеспейді?
Жауабы
Махамбеттің «Қызғыш құс» өлеңінен қандай қасиеттерді бойыңа сіңірдің?
Жауабы
Осы қасиеттердің қайсысы қазіргі жастар бойында кездеспейді?
Жауабы
Қызғыш құс Лашын Қаршыға
Аққу Құзғын Сұңқар
- Махамбеттің тағы да басқа қандай өлеңдерінен құстар бейнесін көре аламыз?
«Соғыс» (Қызғыштай болған асыл ер).
«Арғымақтың баласы» (Сұңқарлар үлгі алар деп).
«Мұнар күн» (Лашын қуға төнген күн).
«Орай да борай қар жауса» (Лашын, сұңқар жүн төксе, далада қалған сүйек деп, шеніне қарға жолар ма).
«Аймақ көл» (Егізімнен айырылып, мен де бір аққу болдым халықтан соң).
«Қаршыға деген бір құс бар» (Қаршыға деген бір құс бар, қанаты айдың астында).
67 961
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнделікті сабақ жоспары топтамасы. Ахмет Байтұрсынов Өгіз бен бақа
Күнделікті сабақ жоспары топтамасы. Ахмет Байтұрсынов Өгіз бен бақа
Күнделікті сабақ жоспары, әдебиет 5 сынып. Тақырыптар: 26. А. Байтұрсынов «Өгіз бен бақа» 27. М. Өтемісұлы Соғыс 28. М. Өтемісұлы «Қызғыш құс» өлең тілі туралы мәлімет. 29. Ы. Алтынсарин «Өзен» 30. Ы. Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?» атты
Махамбет Өтемісұлы Қызғыш құс өлеңі
Махамбет Өтемісұлы Қызғыш құс өлеңі
Отанын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу, ерлік пен елдікті, батырлықты дәріптеу, олардың бойында қызығушылық, ізденушілік қабілеттерін арттыру.
Ыбырай Алтынсарин «Өзен» өлеңі
Ыбырай Алтынсарин «Өзен» өлеңі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №125 С. Сапарбеков атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Асанова Жаннат Шымырбекқызы
Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі
Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, №1 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тусупбекова Жанар Куанышевна
Махамбет Өтемісұлы «Қызғыш құс» өлеңі (5 класс)
Махамбет Өтемісұлы «Қызғыш құс» өлеңі (5 класс)
ШҚО, Аягөз қаласы, № 3 жалпы орта білім беретін мектеп КММ қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Жұмаханова Отангүл Бейсекқызы
Махамбет Өтемісұлы "Қызғыш құс" өлеңі
Махамбет Өтемісұлы "Қызғыш құс" өлеңі
Атырау облысы, Исатай ауданы, Нарын селосы, Нарын орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қапылова Бибігүл Тастанбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×