Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай Құнанбаев

27 наурыз 2014, Бейсенбі
Сабақ тақырыбы: Абай Құнанбаев
Мақсаты: 1. Абай Құнанбаев өміріне және өлеңдерінің негізгі идеясы туралы түсіндіру.
2. Оқушыларды ақын бейнесі арқылы адамгершілікке, адалдыққа, сабырлыққа, қиындыққа төзе білуге, әділдікке баулу.
3. Танымдық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, шығармашылыққа баулу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі: сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтерін пайдалану
Пәнаралық б/с: тарих
Көрнекілігі: слайд

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру:
• Оқушылармен амандасу
• Сынып тазалығын тексеру
• Оқушыларды түгендеу
• Сабаққа көңіл аударту

ІІ. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе сөз
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе,
Адамдықты көздесең,
Жат тоқып ал көңілге.
/ С. Торайғыров/
Абай осы күнгі Семей облысындағы Шыңғыстауын жайлаған тобықты руының ішінде 1845 жылы 10 тамызда туған. Абайдың өз әкесі – Құнанабай, атасы – Өскембай, арғы атас – Ырғызбай.

Қ
Аталарының барлығы руы ішінде үстемдік жүргізген адамдар.
Ырғызбайдың бірнеше баласы болған. Олары: Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскембай. Өскембайы өзге балаларының ішіндегі ең артығы болады. Кеңгірбай Ырғызбай өлген соң оның орнына Өскембайды ұстайды. Сол күннің жолы бойынша батасын беріп, Өскембайды би қояды.

Өскембай орта жасқа келгенде, баласы Құнанбай ержетіп, атқа мінген. Құнанбай1804 жылы туған. Бұның шешесі Зере кісі ренжетпейтін жұмсақ мінезді адам болған. Мұның ақын болатын немересі – Абайдың бала, бозбала күнінде ауылдың бәрі Зерені «кәрі әже» дейді екен. Оның кәріліктің құлағы естімейтін болғандықтан, балаларына дұға оқытып үшкіртеді екен. Сонда өз қолындағы немересі – Абай кәрі әжесінің құлағына өлең айтып келіп үшкіреді екен.

Құнанбай өз тұсындағы ел билеушілердің көбінен қатал, салмақты болады. Ақыл - ой да, қажыр - қайратта, әмір билік батылдығы да және халыққа батқан қатты, кесек іс – қимылдары да бұның атын көпке мәлім еткен.

Абайдың шешесі Ұлжан Қаракесек ішінде Бертіс тұқымы болады. Ұлжан сабырлы, кең мінезді кісі болған. Абай балалық шағын сөз қылғанда, өз шешесіне қатты ырза болып, екінші анасы Айғызға іші ренжіңкірейді екен. Абай Айғыз бен Ұлжанның тел баласы. Ұлжан күндестікті көп сыртқа шығарып білдірмесе де, Айғыз сол жағынан белгі бергіш болса керек.

Ұлжанда тұқымының тауып айтқыш қалжыңшылдығы әбден болған. Анда - санда әлдеқалай айтып қалған сөздері қалжың болып, ел есінде ұмтылмай сақталады.
Абай кішкентай кезінде сырт мінез жағынан аңқау, нанғыш және тентек бала болса керек. Бірақ, сол кішкене күнінде өзге балалардан ерекше жері – үйге қонған қонақтардың әлдеқалай айтқан ертегі сияқты әңгімелерін құлай тыңдайды.
Абай он жасқа келгенде әкесі Семей қаласына әкеліп оқуға берген. Артынан бұдан шығарып, Ахмет Риза деген молдаға тапсырған. Абай Ахмет Ризада үш жыл оқиды. Өзі тұстас үлкен - кіші балалардың барлығынан сонағұрлым зейінді, ұғымтал және ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының бір оқып, бір - ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кітапқа қарамай жатқа айтып шығалатындай зерек болған. Сонымен, дәріс үстінде оқылатын сабақтарды ұғып білу Абайға өзге балалардан анағұрлым оңай тиген.

Әкесі оны билеу ісіне баули бастайды. Барлық балаларына қатал болған Құнанбай Абайдың өзгелерден артық екенін ертеден сезген. 13 жасында Абай әкесі берген бағытпен ел сөзіне кіріседі. Ең алғаш жылдарында әкесінің «барып - келінде» жүреді. Кейде қасына кісі қосып беріп, кейде жалғыз өзіне сөз тапсырып, ұсақ істер туралы келісім жасауға да ерік береді. Жас жігіт білген өнерін орнымен керегіне жаратып, келістіріп, көркейтіп сөйлейтін болған.
Негізі, Абайдың, үш әйелі болған. Олар: Ділдә, Әйгерім, Еркежан.

Абай 1840 жылы жасынан бастап әдебиетке ден қояды. Алайда ел іші оны өз еркіне жібермей, еріксіз ру тартысының таласына кіріктіріп отырды. Оған әртүрлі жала жауып істі етті. Ақын тіршілігінің ең ауыр қорытындысы 1897 жылдарды айқын көрініс тапқан. Ақын жылдан жыл өткен сайын өмірден қажып, шөге береді. Осы жылдарда өлімді де көп ойлайды. « Өлсем орным қара жер сөз болмайды» деген өлеңін шығарады.

Ақын өмірінің соңғы жылдарында көп өлең жазбай кетеді. 1903 жылдан бастап, біржолата өлең жазылмай қалады. 1903 - 1904 жылда баласы Мағауия көптен әлсіретіп жүрген құрт аурудан төсек тартып, жатып қалады. Бұ да әкесі сияқтанып, қырда отырып, көп оқып, өзінен - өзі қарастырумен көп білім алған еді. Ол жұмсақ мінезді болып, ел көпшілігіне аса сүйікті болған. Ол 1904 жылы жазғұтырым қайтыс болады.

Абайдың өзі өмірден қажып, талып, ендігі тіршілігін артық нәрседей санай бастаған еді. Өз сынынша: ажарсыз, мағынасыз өткен дәуіріне жалғыздық дертімен құлазып, жүдетіп, тоздыруға айналған. Соның барлығының үстіне Мағауия өлген соң Абай бір алуан ауруға айналады. Төсек тартып жатпаса да, отырып ауырады. Ешкіммен сөйлеспейді де, ешнәрсемен өзін жұбатпайды. Ауруын ешкімге көрсетпейді. Сонымен, Мағауияның өлімінен кейін қырық күн отырып, 23 маусымда 1904 жылы алпыс жасында дүниеден озған. Оның сүйегі Жидебайдағы өз қыстауының жанына қойылады.

ІІ Топпен жұмыс:
Әр топқа Абай өлеңдерін беремін.
1 - ші топқа «Әсемпаз болма әрнеге»
2 - ші топқа «Құлақтан кіріп бойды алар»
3 - ші топқа «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ»
1 Өз орындарында отырып, өлеңдердің негізгі идеясын ашу.
2. Бір - біріне түсіндіру.
3. Екінші топқа алмасып, түсіндіру
4. Өз топтарына қайтып келіп, түсінгендері бойынша сурет салу
5. Сурет бойынша әр топ өз оқығандарын жеткізу.

ІІІ Сергіту сәті.
ІҮ Р – ОҚУШЫ
А – КЛАСС
Ф – ЭССЕ, ӨЛЕҢ, ТОЛҒАУ, САЛЫСТЫРУ
Т – «АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ»

Ү Бекіту:
– Сонымен Абай қандай ақын?
– Қандай өлеңдері бар?
– Өлеңдерінің негізгі идеялары қандай?
– Абай заманы қандай еді?
– Абай әділетсіздікті қалай суреттеген?
– Абай отбасы туралы не білесіңдер?

ҮІ Үйге тапсырма:
1. Ақын Абайға мінездеме беру
2. Таңдаулы бір өлеңіне көркемдік ерекшелігі жағынан талдау жасау
18 680
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай және орыс әдебиеті
Абай және орыс әдебиеті
Абай, оның өмірі, шығармашылығын қалай меңгергенін анықтау. Өз бетінше іздендіруге, шығармашылық жұмысқа үйрету. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, сөздік қорын байыту.
Күз өлеңі Абай Құнанбаев
Күз өлеңі Абай Құнанбаев
Абайдың шығармалары арқылы туған елге деген махаббатты қазақтың ән өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу. Оқушыларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.
Абай атаның сөзін жақсы тыңдаймын. А. Құнанбаев.
Абай атаның сөзін жақсы тыңдаймын. А. Құнанбаев.
Тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру
Ғылым таппай мақтанба. Абай
Ғылым таппай мақтанба. Абай
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Р. Елебаев атындағы Құдықағаш орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шарипова Орынтай Хасеновна
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе
Әйтеке би ауданы, Комсомол селосы, Т. Жүргенов атындағы орта мектептің бастауыш класс мұғалімі: Искакова Шаригул Садуакасовна
"Қыс" Абай Құнанбаев
"Қыс" Абай Құнанбаев
Сарымсақова Айгүл Жәнібекқызы Ақтөбе қаласы, № 24 лингвистикалық мектеп - гимназиясының бастауыш класс мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×