Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қыстырма сөздер. Театр, кинотеатрдағы жағдай арқылы сөйлеу

01 сәуір 2014, Сейсенбі
Тақырып: Қыстырма сөздер. Театр, кинотеатрдағы жағдай арқылы сөйлеу

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру, грамматикалық тақырыптармен ұштастыру.

Міндеттері:
1. Білімділік: Жалпы театр, оның ішінде Қазақ театры туралы алған білімдерін жетілдіріп, алған білімдерін тәжірибеде қолдануға үйрету; Қыстырма сөздердің жасалу жолдары, қолдануына байланысты түрлерін ажырата алу, тілдік қарым - қатынаста қолдана білу. Сөздік қорын молайту. (таныстыру; анықтама беру, түсіндіру, әр түрлі карталар мен сызбаларды түсініп оқуға үйрету; танымдық белсенділігін арттыру;)

2. Дамытушылық: Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін жаттықтырып, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету; сөйлеу әрекеті дағдыларын шыңдау; дүниетанымын кеңейту, сауатты жазуға, интерактивті тақтада белсенді жұмыс жасай алуға баулу.
(сараптай білу, салыстыра білу, негізгіні табу қабілеттерін дамытуды жалғастыру; себеп - салдарлы байланыс орнату; мысал келтіру; әдебиетпен, картамен, сызбамен, кестемен жұмыс істей білуді қалыптастыру және т. б.)

3. Тәрбиелік: Қазақ театр өнерінің шеберлерін қадір тұтуға, өз заманымыздың озық ойлы, кең өрісті, мәдениетті азаматын тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі, мәдениеттану, тарих.
Оқыту әдістері: шығармашылық ізденіс, сын тұрғысынан ойлау әдістері, баяндау, сұрақ – жауап. Сабақты толық меңгеру үшін дамыта оқыту, ақпараттық, модульдік технологияларды қолдану.(ауызша: әңгімелеу, хабарлау, дәріс, кітаппен жұмыс, пікірталас) көрнекілік: көрнекі құралдарды көрсету, көрнекі құралдарды дайындау әдісін, бейне материалдарды орындау техникасын үйрету, жұмыс істеу әдістерін көрсету және т. б.) тәжірибелік: тапсырмалар, жаттығулар орындау; тәжірибелік жұмыстар, жобалар жасау, орындау)
Сабақты жабдықтау: интерактивті тақта, слайдтар, бейнеролик, дыбыстық қондырғылар (құлаққап, аудиоплеер, дербес компьютер, «Диалог» лингво қондырғысы).
(кесте қағаздар, аудио және бейне материалдар, көрнекіліктер)

Күтілетін нәтиже:
1. Жаңа сабақтың негізгі тақырыбын біліп, түсіну.
2. Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана алу.
3. Лексикалық тақырыптың мән - мазмұнынан ғибрат алу.
4. Грамматикалық тақырыпты түсіну арқылы сауатты жазу, ойын еркін жеткізе алу, тілдік қарым - қатынасқа түсу.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу;
- Оқушыны түгендеу;
- Кезекшінің рапорты;
- Сабақтың тақырыбын айқындау (слайд түрінде берілген сөзжұмбақты шешу арқылы, сөздік жұмысы да осы арада жүргізіледі – жасырын сөздер: (театр киім ілгіштен басталады, театр ғимараты – здание театра, С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театры, театр маусымы - театральный сезон);

1. Кіріспе сөз
- Сабақтың тақырыбын, мақсаты мен міндеттерін айқындап беру;
- Сабақ барысында атқарылатын жұмыстардың түрлері мен ретімен таныстыру;

ІІ. Негізгі кезең:
1. Үй тапсырмасын тексеру;
- Топ студенттері өткен тақырып бойынша өздері таңдаған Қазақстан жұлдыздары туралы мәлімет береді;
- Бір оқушы Қазақстан жұлдыздары туралы слайд жасап келеді;
- 1 - 2 оқушы сүйікті әнші жұлдызының өлеңін айтады.
Театр және кинотеатрлар туралы жалпы шолу: Оқытушы өткен сабақтың тақырыбымен жаңа сабақ тақырыбы арасындағы байланысты, жалпы театр туралы, оның ішінде қазақ театры жөнінде қысқаша мағлұмат беріледі. Сондай - ақ тақырыпты ашу барысында сұрақ - жауап, ой - түрткі әдістерін қолданылады. Жалпы театр әлемі туралы, кинотеатрлар туралы не білесіңдер?, не айта аласыңдар? - деген жалпылама сұрақтар болады.
Қосымша мәлімет ретінде мұғалім аудиотаспадан «Өнернама» бағдарламасынан алынған Асанәлі Әшімовпен жүргізілген сұхбаттан үзінді беріледі. Бұл аудиотаспа құлаққап арқылы тыңдалады. Тыңдалым арқылы студенттер түсінгендерін, есте сақтағандарын айтып беруі тиіс.

Мәтінмен жұмыс («Қазақ тілінен жұмыс дәптері» - 150 бет):
Қазақ театры туралы
Театр ойын - сауық орны. Мұнда ойын - сауықтан басқа драмалық шығармалар, мәдени шаралар да өтеді. Театр ең алғаш Грецияда ашылған.
Қазақ театр өнері ежелден келе жатқан салт - дәстүрлерімізге негізделген. Үйлену салты, шілдехана тойымен байланысты өтетін ойын - сауықтар, ақындар айтысы, т. б. дәстүрлеріміз театр өнерінің алғашқы көріністері болған.
Кейін халқымыздың талантты өнерпаздары шағын труппалар құрып, ел аралап, жәрмеңкелерде өнер көрсеткен. 1917 жылы Ойқұдық жайлауында (қазіргі Семей облысы, Абай ауданында) М.Әуезовтің «Еңлік - Кебек» трагедиясы тұңғыш рет қойылды.
Кейіннен 1925 жылдың аяғында Қызылорда қаласында тұңғыш музыка театры ашылды. Театр шымылдығы 1926 жылы ақпанның 13 - де М. Әуезовтің «Еңлік - Кебек» трагедиясымен ашылды.
Театр алғаш рет құрылған жылы онда Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Қалибек Қуанышбаев, Елебек Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, Жұмат Шанин, Шара Жиенқұлова және тағы басқа өнер тарландары қызмет етті. Олар театр тарихына өшпес із қалдырды. 1934 жылы қазақ драма театрының құрылуына негіз болды. Бұрынғы қазақ музыкалық театрының орнында қазір Н. Бекежанов атындағы облыстық театр ғимараты тұр.
Бұл күнде Қазақстанның барлық облыс орталықтарында драма театрлар ашылды. Соңғы жылдары театр репертуары байи түсті.

Тапсырмалар:
А1. Мәтінді оқып, орыс тіліне аудар.
А2. Сұрақтарға жауап бер.
1. Театр деген не?
2. Тұңғыш музыка театры қашан ашылды?
3. 1934 жылы қандай театр ашылды?
В1. Мәтінді оқып, өз сөздермен әңгімеле.
С1. Мәтінге байланысты сұрақ - жауап жүргізу.

2. Грамматикалық тақырып – Қыстырма сөздер.
Сөйлемдегі ойға, айтылу мәніне жазушының, сөйлеушінің көзқарасын білдіретін оқшау сөздің түрін қыстырма сөз дейміз. Мысалы: біздің ойымызша, биылғы жыл табысты болмақ. Театр актерлері үшін, әрине, көп жағдай жасау керек.
Қыстырма сөздің ерекшеліктері:
1. Айтушы, жазушы өз көзқарасын білдіреді.
2. Басқа сөздерден оқшауланып, ерекше интонациямен айтылады.
3. Қыстырма сөз болып модальды сөздер және сөз тіркестері жұмсалады.
Слайд - кестемен жұмыс

Жаңа сөздермен жұмыс. Қазақ тілін үйрету сайтынан алынған сөздерді мына қыстырма сөздермен байланыстыру: Шынында, мүмкін, меніңше, бақытыма қарай, сөйтіп.
Берілген сөздермен сөйлем құрастырып, компьютерде теру.
Осы уақытта басқа екі оқушы театр тақырыбына қыстырма сөздерді пайдаланып диалог құрады.

3. Бекіту жұмыстары:
«Актерлік шеберлік» ойыны
1. Анасын 8 Наурыз мерекесімен құттықтап жатқан бала
2. Ұялы телефонының қайда шырылдап жатқанын білмей жүрген қыз.
3. Ғашық жүрек.
4. Жауға шауып келе жатқан жауынгер.
5. Ән салып тұрған әнші қыз.
«Іші - сырты» стратегиясы бойынша флипчартпен жұмыс (ішіне – сахна, көрермен, актер, маусым; сыртына – кен байытушылар, флотаторлар, зауыт, колледж).

ІІІ. Қорытындылау:
1. Өнер туралы мақалдарды оқып, түсіндіру.
1. Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
2. Өнерлінің өрісі ұзақ.
3. Өнерлі жігіт өрде озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар.

2. Пысықтау сұрақтары:
1. Балалар, бүгін біз қандай тақырып бойынша сабақ өттік?
2. Өздеріңе қандай әсер қалдырды бұл сабақ?
3. Сендерге сабақ ұнады ма?
4. Несімен ұнады?
5. Несімен ұнаған жоқ?
6. Келесі сабағымыздың қалай өтетінін қалар едіңдер?

ІV. Үй тапсырмасы:
Сөздікті, ережені жаттап алу.
Біздің облысымыздың театрлары туралы жазып келу.
V. Бағалау
11 083
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қыстырма сөздер
Қыстырма сөздер
Қыстырма сөздердің сөйлем ішіндегі атқаратын рөлін, жалпы ойға қосатын әртүрлі мағыналық реңтерін байқату, сөйлем ішінен қыстырма сөздерді таба білуге, қыстырма сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге үйрету. Қыстырма сөздерді орынды қолдана
Қаратпа сөздер. Қыстырма сөздер
Қаратпа сөздер. Қыстырма сөздер
Оқшау сөздер, олардың түрлерін түсіндіре отырып, қаратпа және қыстырма сөздерді сөйлемнен ажыратуға үйрету; Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіріп, шешендік өнерге
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер туралы мағлұмат беру, екі түбірдің бірігуі арқылы жасалып, тұтас бір ұғымды беріп, бір сұраққа жауап беретінін ұғындыру. Сөйлем ішінен біріккен сөздерді таба білуге, әртүрлі түбірлерден біріккен сөздер жасап алуға үйрету.
Зат есім
Зат есім
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №11орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сарсенова Сәуле
Қазақ театрлары
Қазақ театрлары
Сабақтың тақырыбы: Қазақ театрлары. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру, грамматикалық тақырыптармен ұштастыру.
Қыстырма сөз
Қыстырма сөз
Тақырыбы: Қыстырма сөз Мақсаты: 1. Қыстырма сөздің сөйлем мүшесі болмайтындығы т. б қасиеттерімен тереңірек таныстыру. 2. Өтілген тақырып пен жаңа сабақты ұштастыра отырып, сөздік қорларын, жазу дағдыларын, ойлау қабілеттерін арттыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×