Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Септіктерді қайталау "Банк"

02 сәуір 2014, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыптары: Лексикалық тақырып: “Банк“
Грамматикалық тақырып: Септіктерді қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: септіктер тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін пысықтау; септік жалғауларын жалғап жазуға дағдыландыру, септік жалғауларын, сұрақтарын қаншалықты дәрежеде меңгергендіктерін байқау, негізгі білімдерін ұштай отырып тексеру; өткен сөздерді қайталау.
Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілеттерін, ауызша, жазбаша жаттығулар жүргізе отырып сауаттылығын дамыту; оқушылардың тез ойланып, жауапты дұрыс шапшаң, қайтара білуіне дағдылану, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Іскерлік қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың өз міндетін тиянақты орындауға үйрету; өз еліне, туған жеріне сүйіспеншілік сезімін ояту, экономикалық тәрбие беру, үнемділікке, іскерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білім мен әрекет тәсілдерін жалпылау мен жүйелеу сабағы
Сабақтың түрі: ойын сабақ.
Сабақтың формасы: топпен жұмыс
Сабақтың әдістері: интерактивті әдіс
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, интерактивті тақта, презентация

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
ә) кезекшінің есебі
б) Психологиялық дайындық.
2. Сабақтың барысын хабарлау:
Мұғалім: Қазақ тілі грамматикасының ең бір күрделі тарауы ''Септік жалғаулары '' туралы мағлұмат алдық. Енді осы алған білімдерімізді жинақтап, жүйелеп іскерлік ойын сабағы түрінде өткіземіз.

ІІ. 1. Сабаққа ену
● Балалар, банк дегеніміз не? /ақша салу, айлық, зейнетақы алу, несие алу/
● Атырау қаласында қандай банктер бар?
Банк (италянша bankо — үстел), Банк (ағылшынша «banco» -«айырбас столы» — ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, кредит беру, мемлекеттер, кәсіпорындар (фирмалар), мекемелер және жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен құнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен түрлі операциялар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі. Банктің пайда болуы мен дамуы тауар - ақша қатынастарының дамуымен тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың, сонымен қатар тұрғындардың уақытша пайдаланылмай бос тұрған қаражаттарын жинақтап, қажет етушілерге өсіммен уақытша кредит беру арқылы қаржы мұқтаждығын өтейді. Сөйтіп, Банктер аралық қызмет атқарып ақша пиасасында (рыногында) тауарға айналатын жаңа талап пен міндеттемені қалыптастырады. Міндеттеме мен талаптың пайда болу процесі қаржылық - делдалдық қызметтің негізін құрайды.

Сөздікпен жұмыс:
Несие - кредит
Құнды қағаздар - ценные бумаги
Шетелдік - иностранная
Тауар - ақша қатынастары - товарно - денежные отношения
♦ Ақша не үшін қажет?
♦ Оны қалай пайдалану керек?
♦ Банк несиені кімге береді? /жұмыс істейтін адамдарға және кәсіпкерлерге береді/
Дұрыс. Олай болса, біз банктың несие бөлімінде қызмет атқарушы болып жұмыс істейміз делік. Бірақ әр қайсымыздың атқаратын қызметіміз әртүрлі. Кімнің қандай қызмет атқаратынын білу үшін келесі VIP TEST бағдарламасындағы тест тапсырмаларын орындауымыз керек!

VIP TEST
1.”Несие"сөзі қай септікте тұрғанын тап
А) А. с. С) Б. с.
В) І. с. Д) Ж. с.
2. Ілік септігінде тұрған сөзді белгіле
А) қаржы С) қаржының
В) қаржыға Д) қаржыда
3. Барыс септігінің сұрағын белгіле
А) кімге? неге? қайда? С) кімге? кімді? нені?
В) кімдерге? кімді? нені? Д) кіммен? немен?
4. Табыс септігінің жалғауын белгіле
А) - ны,- ні,- қы,- кі,- ғы,- гі В) - ны,- ні,- ды,- ді,- ты,- ті
С) - ны,- ні,- шы,- ші,- ды,- ді Д) – нан,- нен, - дан,- ден, - тан, - тен
5. Жатыс септігінде тұрған сөзді белгіле
А) құнды қағаздарда С) банкпен
В) ақшаға Д) банктен
6. Шығыс септігінде тұрған сөзді табыңыз
А) экономикаға В) экономиканы
С) экономикадан Д) экономикамен
7. Көмектес септігінің сұрақтарын ата
А) кімде? неде? С) кімнен? неден?
В) кімге? неге? Д) кіммен? немен?
2. Тест жұмысы 2 ұпаймен бағаланады.
3. Осы нәтиже бойынша оқушылар үш ұжымға бөлінеді. Дұрыс орындалған тапсырмалардың нәтижесі арқылы қызмет орны тағайындалады.
4. Балдық жүйе бойынша сабақтың құрылымымен таныстыру.
5. Мұғалім оқушылардың алдында міндет қояды
● Үш фирма, «АО Мақсат», «Сауда – сервис», «Құрылыс сауда – сервис «Нұрсұлтан» банктен несие алуға ұсыныс берді. Бөлінген қызметтерін бойынша осы фирмаларды қадағалауларың керек.
6. Кестеге шыққан нәтижесін толтыру керек.

7. Негізгі бөлімі. анықтау Фирма сипаттамасын анықтау үшін, сұрақтарға жауап бересіздер. Жауап 2 ұпаймен бағаланады 8 слайд
1. Септіктердің атын атап, ретімен қойыңдар.
Банк дегеніміз не?
2. Септіктердің қызметін табыңдар. Сұрақтарын тауып қою.
Банк қандай қызметтер атқарады?
3. Септіктердің жалғауларын атаңдар.
Банктің пайда болуы мен дамуы немен тығыз байланысты?
8. Кестеге жауабын жазады және ең көп пайда көрген фирманы анықтайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 802
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Көмектес септік
Көмектес септік
Қазақ тіліндегі септіктерді меңгерту, сұрақтары мен жалғауларын жаттату. Көмектес септігінің тұрлаусыз мүше ретінде жұмсалатын білдіру. Көмектес септігінің басқа септіктерден ерекшелігіне тақталау.
Көмектес септік
Көмектес септік
Өткен сабақтармен сұрақтары мен жалғауларын жаттату. Көмектес септігінің тұрлаусыз мүше ретінде жұмсалатын білдіру. Көмектес септігінің басқа септіктерден ерекшелігіне тоқталу. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.
Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Сен қайдан келдің? Септіктерді қайталау.
Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Сен қайдан келдің? Септіктерді қайталау.
Астана қаласына қатысты мәтіндегі сөздерді лексикалық мағынасына сәйкес түсініп оқу, оқығанын мазмұндап айту дағдысын қалыптастыру
Шығыс септік
Шығыс септік
Қызылорда қаласы, Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Умиралиева Молдир Балгабаевна
Септіктер хандығы
Септіктер хандығы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Курмангожина Айнур Сериковна
Банк дегеніміз не?
Банк дегеніміз не?
Физика және экономика пәнінің мұғалімі Жунисова Нурзила Муратовна 5 сынып. Пәні: Қаржы сауаттылығы және экономика негіздері
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×