Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әйтеке би

05 мам 2014, Дүйсенбі
ТАҚЫРЫП Әйтеке би Байбекұлы
МАҚСАТЫ: Қазақтың атақты биі Әйтеке туралы толық мәлімет беру, тақырыптың негізгі идеясын ашу, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, білімділікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Әйтеке бидің өмір тарихын, қазақ әдебиеті мен тарихында алатын орны туралы, шешендік өнері туралы мағлұмат беру
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕРІ: Жаңа тақырыпты меңгереді, білімдерін толықтырады; Бір - бірінің ойына пікірлерін еркін қоса алады.
Бір - бірімен қарым - қатынасы қалыптасады.
Бағалау: Үш шапалақ, Екі жұлдыз бір тілек, смайликтер
Ресурстар Power point беттері, интерактивті тақта, стикер, плакат
Сабақ кезеңдері
[b]Мұғалімнің іс - әрекеті
І І. Қызығушылықты ояту. Сергіту сәті.
а) Оқушылармен амандасу
ә) Психологиялық дайындық
б) Топқа бөлу. Топқа бөлемін
(суретті қағаздар арқылы )
Оқушылардың іс - әрекеті
Оқушылар батырлар, билер, хандар есімдері бойынша топқа бөлінеді.
ІІ. Мағынаны тану.
Әр топқа берілген тапсырма бойынша оқушылар тақырыпты талқылайды.
1 тапсырма:
Әр топ жаңа тақырыпты өз беттерімен оқып шығады және жұпта, топта жұмыс жасап, жоба қорғайды.
1 - топ. «Өмірдерек»
2 - топ. «Атадан қалған асыл сөз» (Афоризмдер, сөзге хас шеберлігі)
3 - топ.. «Қанеки, тілім, сөйлеші». Әйтеке би бейнесін жасау.
Әр топ мүшелері «Кластер әдісі» бойынша тақырыпты қорғайды.
2 - тапсырма
«Иә», «Жоқ» стратегиясы бойынша Әйтеке би өмірі мен шығармашылығынан не білетіндері анықталады.
1. Әйтеке Байбекұлы Өзбекстанда өмірге келген.
2. Әйтеке қалмақ ханы Қоңтажымен кездескен. 3. Әйтекені Жалаңтөс баһадүр тәрбиелеген.
4. Әйтеке «Қарлығаш би» атанған.
5. Әйтеке 1667 жылы дүниеге келген.
6. «Елінен айрылған ер бақытсыз, жерінен айрылған ел бақытсыз...»даналық сөзін Әйтеке би айтқан ба?
7. 25 жасында Кіші жүздің бас биі болған.
Оқушылар бүгінгі сабақта нені біліп, не түйгендері туралы ойлары бойынша пікір алмасады, өз ұсыныс - тілектерін стикер арқылы жапсырады.
ІІІ. Рефлексия.
«Бүгінгі күннің сөйлемі» әдісі. Оқушылар бүгінгі сабақ тақырыбына байланысты бір сөйлем жазады.
. Үй тапсырмасы
«Дананың сөзі – ақылдың көзі»тақырыпты терең оқып, мәнжазба дайындау.

Әйтеке би жайлы мағлұмат

ӘЙТЕКЕ Байбекұлы (23.03. 1644, Өзбекстан, Қазбибі тауы, Қызылша м. — 1700, Өзбекстан, Нұрата ауд. Сейітқұл қорымы) — казақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының төртқара руынан шықкан. Әмір Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, кырғыз, қазақ, кұрама жұрты "Синесоф буа" (жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің - үшінші ұрпағы. Ә. Қоканға (1622 — 35) хан болған Ақшаның немересі, Самарқан өмірі (1622 — 56) Жалаңтөс баһадүрдің немерелес туысы. Әйтеке бес жасында ауыл молдасынан сауатын ашқан.

Шешендік касиетінің ерте танылуына әкесі Байбек пен Қосуақ бидің айрықша ықпалы тиеді. Алайда жеті жасынан бастап аталары Ақша хан мен Жалаңтөс баһадүр Әйтекені өз тәрбиесіне алады. Ол өуелі Самарқандағы Ұлықбек медресесінде, кейін Жалаңтөс баһадүр салдырған, сән-сәулетімен әйгілі "Тіллә-кари" (Алтынмен апталған), "Шердор" (Арыстанды) медресесінде оқиды. Дін, құқық, аспан әлемі, жағырапия, тарих, математика пәндерін, араб, парсы, шағатай, өзбек тіддерін меңгеріп шығады. Әйтеке Ақша атасынан ел басқару, елшілік байланыстар жасау жолдарын үйренсе, Жалантөс атасынан әскери қолбасшылық дәстүрлер мен дағдыларға жаттығады. Баланын он екі жасында Жалаңтөс атасы, он бес жасында Ақша атасы дүниеден озады. Әйтеке медресені бітірісімен туған ауылына оралып, әкесі Байбекпен, ұстазы Қосуақпен бірге ел баскару істеріне араласады.
35 886
0
  • 60
2 дауыс


Жаңалықтар
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себебі, тарихи маңызы
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себебі, тарихи маңызы
Тақырыптың мазмұнын аша отырып, Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себебі мен тарихи маңызымен таныстыру.
Үш арыстың үлгілері
Үш арыстың үлгілері
Өлең мазмұнын талдау арқылы шешендік сөздердің идеялық мәнін аша білуге, ізденіс жұмыстары арқылы танымдық қабілеттерін жетілдіруге жағдай жасау. Өзара қарым - қатынастарын шынайы дамытуға ықпал ету.
Бақылау жұмысы
Бақылау жұмысы
оқушыларға тақырыпты жан - жақты меңгерту, қосымша мағлұмат беру;
Рабғузи «Қарлығаштың адамға достығы», «Лұқман Хакім» қиссалары
Рабғузи «Қарлығаштың адамға достығы», «Лұқман Хакім» қиссалары
Жазушы өмірінен қысқаша мәлімет беру. Қиссалармен таныстырып, мазмұнындағы негізгі ойды ұғындыру.«Қарлығаштың адамға достығы» әңгімесін қазақ ертегісімен салыстыру
Билер сөзі – нақылдың көзі
Билер сөзі – нақылдың көзі
Қызылорда қаласы, М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Керимханкызы Актоты
Қазақтың төбе билері
Қазақтың төбе билері
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ селосы, №43 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Сағатов Балқан Рымбайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×