Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Фонетика. Тіл дыбыстары

24 мам 2014, Сенбі
Сабақтың тақырыбы: Фонетика. Тіл дыбыстары.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділігі: Оқушыларға фонетика туралы түсінік беру, тіл дыбыстарының адам өміріндегі маңызы, құрамдары туралы ұғым беру, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
Ә) Дамытушылығы: Оқушылардың сауаттылығын, тілін дамыту, танымдылығын арттыру.
Б) Тәрбиелігі: Орындалатын тапсырмалар арқылы бір - бірін тыңдауға, сыйлауға дағдыландыру. Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдттар.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тәнтану.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Әнұранды орындау.
Үй тапсырмасын сұрау: Лексикадан өткенді қайталау.
232 - жаттығуды орындап келу. Оқушылардың дәптерлерінен тексеремін. Ауызша 3 - 4 оқушыға оқытамын.

Үй жұмысын қорыту:
"Кім жылдам" сұрақ - жауап.
1. Ойды әдепті, сыпайы етіп жеткізу?
2. Айтылуы бірдей, мағынасы басқа сөздер?
3. Айтылуы әр түрлі, мағынасы бірдей сөздер?
4. Дөрекі, әдепсіз сөздер?
5. Атын тура айтуға болмайтын сөз?
6. Сөз байлығын зерттейтін сала?
7. Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы сөздер?
8. Қолданудан шығып, аз айтылатын сөздер?
9. Белгілі бір кәсіпке айтылатын сөздердің түрі?

ІІІ. Жаңа сабағымыздың тақырыбы: Фонетика. Тіл дыбыстары.
Фонетика -(гректің «фоне» деген сөзі негізінде қолданысқа енген) Фоненің мағынасы - дыбыс, үн, дауыс. Фонетика - тіл дыбыстарының жүйесін, жасалуы мен ерекшеліктерін, әр түрлі сипаты мен бір - бірімен тіркесу заңдылықтарын зерттейтін тіл білімінің саласы.
Тіл дыбыстары, біріншіден, адамның дыбыстау мүшелері арқылы пайда болып шығатын дыбыстар, екіншіден, белгілі жүйелік сипаты бар, саны шектеулі ғана дыбыстар, үшіншіден, белгілі ұғымды білдіретін сөз құрайтын ең кіші тілдік бөлшек болып табылады. Сөйтіп, тіл дыбыстары жеке тұрғанда ешбір мағына білдірмей, мәні болмаса да, белгілі бір жүйемен, тәртіппен тіркесуі арқылы бір ұғымның атауы болып табылатын, мағынасы бар сөзді құрайды.

Мына сөздерге назар аудартып, сөздердің қандай өзгеріске ұшырап тұрғанын айтқызу:
Бас, тас, жас, қас, нас
Ескек, кек, ек
Қал, лақ, түс, сүт, кел, лек.

Тіл дыбыстары кестедегі сөйлеу мүшелері арқылы жасалатынына назар аударту( слайд арқылы түсіндіру), тыныс жолы мүшелері, ауыз және мұрын қуысы мен иек, жақ жатады. Тыныс жолына өкпе мен көмей, желбезек (дауыс шымылдығы), ауыз қуысына тіл, ерін, езу, тіс, таңдай, кішкене тіл жатады. Тіл дыбыстары осы мүшелердің қатысуы арқылы жасалады да, сол мүшелердің ерекшеліктеріне қарай дыбыстардың сипаты анықталады.
Үн - өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырамай еркін шығуынан пайда болады.
Салдыр - өкпеден шыққан ауаның сөйлеу мүшелерінің біріне соқтығып, кедергіге ұшырауынан пайда болады.
Осы үн мен салдырдың дыбысқа қатысуына қарай тілдегі дыбыстар дауысты және дауыссыз болып келеді.
“Әліпби” сөзі араб алфавитінің алғашқы екі әрпі – алиф пен би атауларының бірігуінен жасалған. Әліпби жазуда қолданылатын әріптердің рет тәртібі дегенді білдіреді. Әліпбидегі көрсетілген таңбалар - әріптер. Әріп - дыбыстың жазудағы таңбасы.
Оқулықпен жұмыс:
233 - жаттығу: Төмендегі сөздердің дыбыстарын мүмкіндігінше өзгерте отырып, олардың сөз мағынасына тигізетін әсерін бақылау.
Сал, жат, тас, тық, қаш, жан.
Сал – жал, тал, қал
Жат – сат, қат, бат, тат

Шығармашылық жұмыс. «Кім шапшаң?»
І. Берілген сөздерге тиісті дыбыстарды қойып, сол сөздерге синоним тауып жаз. Жы.. дам, сабы.. лы, с.. лемдесу, әлпе...
2. Төмендегі антоним сөздерді үлгі бойынша жұп - жұбымен жаз.
Ұл. Суық. Жаман. Ақ. Күн. Қыз. Жақсы. Қара. Жылы. Түн. Түзу. Тату.
Қатты. Ұзын. Араз. Жұмсақ. Қысқа. Жас. Көп. Кәрі. Аз. Қисық.
Үлгі: Түзу - қисық, жұмсақ - қатты.

234 - жаттығу: Төмендегі сөздердің дыбыс санын көбейту арқылы мағынасы басқа - басқа сөздер жасаңдар.
Ала, алау, алақан. Ат, ата, атақ, атаулы. У, уық, уылдырық.
Ыс, ыссы, ыстықтау. Ас, аспа, аспалы.

Сергіту сәті.
Адасқан әріптерді орнына қой. "Кім тапқыш?"
Б, ы, а, л, қ. Н, у, а, ы, р, з.
З, м, а, н, а. Ә, л, я, и.

235 - жаттығу Метаграммаларды шешіңдер.
Егер т - дан бастасаң -
Биіктердің биігі.
Егер д - дан бастасаң -
Қиындардың қиыны.
Екеуін де алып тастасаң,
Балықшының бұйымы (тау, дау, ау)

Егер б - дан бастасаң -
Түтіндей боп көшемін.
Егер н - дан бастасаң -
Жап - жасыл боп өсемін.
Жеке өзімді тастасаң -
Ішкен жанға кеселмін (бу, ну, у)

Г - ден баста, мен кілең.
Ажарымын өмірдің.
К - ден баста, енді мен.
Қалдығымын көмірдің (гүл, күл)

К - ден егер бастасаң -
Шомыласың суына
Ш - дан егер бастасаң -
Жазда аунайсың құмына (көл, шөл)
Мақал - мәтелдердің мазмұнын ашу.
Берілген мақалдардың баламасын (мағыналас сөзін тап)
1. Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалыпты.
2. Көрмес - түйені де көрмес.
3. Кімнің тарысы піссе - соның тауығы.
(Жағымпаз, аңғармаушылық, сенгіштік)
1. Фонетика нені зерттейді?
2. Әріп пен дыбыстың айырмашылығы неде?
3. Сөйлеу мүшелеріне нелер жатады?

Сабақты бекіту:
Венн диаграммасы.

Үйге тапсырма: Фонетика. Тіл дыбыстары
Бағалау
31 776
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Буын үндестігі
Буын үндестігі
Буын үндестігі туралы түсінік беру, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
Тіл дыбыстары
Тіл дыбыстары
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Тіл дыбыстары туралы бастауышта алған білімдерін еске түсіре отырып, тіл дыбыстары туралы кеңінен түсінік беру.
Ұяң дауыссыздар (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Ұяң дауыссыздар (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Дауыссыздар салдыр мен үннің қатысына қарай: қатаң, ұяң, үнді болып үш топқа бөлінеді. Салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалған, бірақ үннен салдыры басым дауыссыз дыбыстарды ұяң ұяң дауыссыздар деп атаймыз. Ұяң дауыссыздар мыналар: б, в, г, ғ, д, з,
Ы - І дыбыстарын ажырату
Ы - І дыбыстарын ажырату
[Ы] және [І] дыбыстары қатысты сөздерді дұрыс айтуға жаттықтыру, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту 2. балалардың танымдық қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. Фонетика - фонематикалық есту қабілетін арттыру. Өз
Фонетика туралы түсінік. Тіл туралы түсінік
Фонетика туралы түсінік. Тіл туралы түсінік
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылы, Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Құмарова Құралай Тұрғалиқызы
Тіл дыбыстары
Тіл дыбыстары
Астана қаласы, «№66 мектеп - лицей» мемлекеттік мекемесі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Толеубаева Самал Жақсылыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×