Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дарынды және үлгермейтін оқушымен жұмыс жоспары және оқушының жұмыс дәптері

20 тамыз 2014, Сәрсенбі
Жеке оқушымен жұмыс дәптері (10 - сынып)

1. СӨЗДІҢ ТУРА ЖӘНЕ АУЫСПАЛЫ МАҒЫНАСЫ
1. Тура және ауыспалы мағынада тұрған мақал - мәтелдерден мысал келтір және олардың мағыналарын түсіндір.

2. Мына тіркестердің тура және ауыспалы мағыналарын тауып жаз.
Суық су, суық жер, суық жел, суық адам, суық торғай, суық хабар. Алтын жүзік, алтын қыз, ақша, алтын күз, алтын бесік. Таза үй, таза жер, таза бала, таза жүрек, таза еңбек, таза салмақ.

3. Жұмбақтың шешуін тап. Шешуінің тура және ауыспалы мағынасына байланысты мәтін құра.
Біз, біз едік, біз едік,
Біз жылтыраған қыз едік,
Таң атқанша жайылдық,
Таң атқан соң жойылдық.

2. ОМОНИМ. СИНОНИМ. АНТОНИМ
1. Омоним болатын сөздері бар өлең шумақтарын жаз.
--------------------
2 Төмендегі сөздерге синоним және омоним болатын сөйлемдер құра.
Жастық, ат, қою, жеңіл, бас.
--------------------------
3. Мәтіндегі сөздерден синоним, омоним, антонимдерге мысалдар жаз.

Қазақ тілі еш уақытта өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге жібермегендігі мыңдаған жыл тарихында айқындалған. Кейбір ұл - қыздарымыздың ана тілін білмеуі, не шала білуі мені қатты қынжылтады. Бұған ең алдымен, ата - ана кінәлі. (Б. Момышұлы)

3. ТҰРАҚТЫ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ
1. Төмендегі тіркестерге антоним болатын тіркестер тауып жаз.
Мұрнын көкке көтерді, қырық пышақ болды, жер - көкті басына көтерді, жер - көкке сыйғызбады, жұмған аузын ашпады.

2. Ішінде мына сөздер бар тұрақты тіркестерді жаз.
Көз, қол, жер, ит, ауыз, тістеді, шаш.
Үлг і: ашық ауыз.

3. Өлеңдегі тұрақты тіркестерді тауып, мағыналарын түсіндір. Өлең кімдікі? Тұрақты тіркестерді қатыстыра авторы туралы жаз.
Қырық пышақпен қыржаңдап тұрған түлкі,
О да осал жау емес қыран паңға.

4. КӘСІБИ СӨЗДЕР МЕН ТЕРМИН СӨЗДЕР
1. Қолөнершілікке және ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер жаз.
-----------------------
2. Мәтіндегі терминдерді тап және терминдердің жасалу жолдарын түсіндір.
Жезқазған аймағының экологиялық ахуалы мәз емес. Екі бүйірден Байқоңыр ғарыш аймағы мен Семей полигоны қыспаққа алып тұр. Ғарыш кемелерінің техникалық бөліктері мен атом қалдықтары - тептил көктен түсіп, жерді уландырып, ластап жатыр. Семей полигоны радиактивтік заттарды төңірекке сіңірді. (Ф. Темереева)

5. ДАУЫСТЫ, ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР
1. Екі шумақ өлең жазып, ішіндегі еріндік дауыстылардың астын бір, езулік дауыстылардың астын екі сыз.

2. Тұрақты тіркестерді жазып, мағынасын түсіндір және қатаң дауыссыздардың астын бір, үнді дауыссыздардың астын екі, ұяң дауыссыздардың астын ирек сызықпен сыз.

3. «Жеті жарғы» ережесі туралы не білесің?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
30 644
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Ойдың тура не ауыспалы мағынада айтылуы (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Ойдың тура не ауыспалы мағынада айтылуы (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып. Тақырыптар: 11. Ойдың тура не ауыспалы мағынада айтылуы 12. Көп мағыналы сөздер 13. Жаттығулар орындау 14. Омонимдер 15. Жаттығулар орындау
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Сабақтың мақсаты: 1) білімділік: оқушының өз бетімен жұмыс жасауына дағдыландыру, сөздің қандай мағына беріп тұрғанын ажырата білуге үйрету. 2) дамытушылық: әр сөздің қандай мағыналары бар екенін ажырата білуге үйрету.
Антоним
Антоним
Балалар, антоним грек тілінде anti – қарсы, onota - атау дегенді білдіреді.
Кембридж тәсілімен оқыту бойынша ашық сабақ жоспарлары
Кембридж тәсілімен оқыту бойынша ашық сабақ жоспарлары
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Өтебаева А.Е.
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бердіқожаева Меруерт
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарағайлы кенті, "№17 орта мектебі" КММ - нің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Түсіп Батима Мақсұтқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×