Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Синоним

19 желтоқсан 2014, Жұма
Сабақтың тақырыбы: Синоним
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: синоним тақырыбы бойынша оқушылардың алған теориялық білімдерін бекіту.
ә) дамытушылық: оқушылардың суретпен, мәтінмен жұмыс істеуге, сабаққа деген қызығушылықтарын, ізденушілік белсенділіктерін арттыру.
б) тәрбиелік: мысал мен мәтін арқылы оқушыларды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, сатылай кешенді талдау, әңгімелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта Activ Board 78, Activote құрылғылары, слайдтар, мамандық иелеріне арналған суреттер, тест, графикалық диктант

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен амандасып, түгендеу.
ә) «Тілек айту» тренинг.
б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты Н. А. Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясы арқылы саты - саты бойынша құрастырылған тапсырмаларды орындау арқылы біз синоним тақырыбын бекітеміз.

ІІ. Тақырыпты бекіту.
Сатылай кешенді талдауға жасалынған «Синоним» сызбасы арқылы тапсырмаларды орындау.
Сатымыздың бірінші тапсырмасы төмендегідей:
Берілген синонимдерге синонимдік қатар жазу қажет.
Сұлу,...,...,...,.... (әдемі, әсем, көркем, әрлі, ажарлы, шырайлы, келбетті, көрікті, реңді, өңді, т. б.)
Қуану,...,...,.... (шаттану, масаттану, масайрау, мәздену, мазаттану, т. б.).
Бірінші сатының тапсырмасын орындап шықтық, ендеше келесі саты тапсырмасын орындайық (әр саты бойынша қорытынды жасап тұру).

2 - тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Қазақ тілі сабағында қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудің сабақтастығын көрсету мақсатында «Мемлекеттік рәміздер» мәтіні алынып отыр. Оқушылар мәтіннен асты сызылған сөздерді оқып, синоним айтулары тиіс.
Мемлекеттік рәміздер
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы кезек күттірмейтін міндет ретінде оның мемлекеттік рәміздерін қабылдауды талап етті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата.
Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Тудан қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.
Тәуелсіз – егеменді; ту – байрақ; қыран – қырағы, көреген, жіті; заман – кезең, уақыт, дәуір; ғұмыр – өмір.
Екінші саты тапсырмасын ойдағыдай орындадық. Үшінші сатыда жұппен орындайтын тапсырма.

3 - тапсырма. Оқулықпен жұмыс. Оқулықтың 21 - бетінде берілген 1. 3.- жаттығуды орындау.
Қысқа жіп, шолақ жең, келте шаш;
Үнемі басқару, ылғи кешігу.
Бұл тапсырманы оқушылар тест түрінде орындап, жұп-жұбымен тексеріп, бір-біріне баға қояды.
Бір - біріміздің тапсырмаларымызды орындап шықтық, олай болса келесі саты тапсырмасына көшейік.

4 - тапсырма. Оқушыларға сұрақ қоя отырып, жауаптарына синонимдік қатар айтқызу (мамандықпен байланыс).
1. Суретте кім бейнеленген? (Иә, дұрыс айтасыңдар – дәрігер. Дәрігер сөзіне
қандай синоним сөздерді білесіңдер? Ақ халатты абзал жан, емші, емдеуші, дарушы, дарымшы).
2. Дәрігер кімді емдейді? (ауру, сырқат, науқас, кесел, дімкәс, дертті адамды).
3. Ал, мына суретте кім бейнеленген? (Иә, дұрыс айтасыңдар – мұғалім.
Мұғалім сөзіне қандай синоним сөздер бар? (Ұстаз, педагог, оқытушы).
4. Мұғалім кімді оқытады? (оқушыны). Ал, ендеше, балалар, сендер бүгінгі оқушы, ертеңгі кәсіби маман иесісіңдер.
Сатылы тапсырмаларды орындау арқылы, біз сатының келесі бір тапсырмасына да жеттік.

5 - тапсырма. Графикалық диктант. Синоним сөздердің екі сыңарын табу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
17 376
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ахмет Байтұрсынұлы «Қара бұлт», «Анама хат»
Ахмет Байтұрсынұлы «Қара бұлт», «Анама хат»
Ахмет Байтұрсынов - тілші, әдебиетші, көркемсөз шебері, ақын, аудармашы, қоғам қайраткері екенін таныту. Өлеңнің мазмұнын меңгерте отырып, идеясын ашу, сатылай кешенді талдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
«Қызықты грамматика» үйірмесінде «Сатылай кешенді» талдау технологиясын үйретудің тиімділігі.
«Қызықты грамматика» үйірмесінде «Сатылай кешенді» талдау технологиясын үйретудің тиімділігі.
Оқушылардың қызықты грамматика үйірмесінде сатылай кешенді талдауының ғылыми мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрлысын сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлеу.
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салаластың жасалу жолы туралы жаңа білім беру, кезектес салаластың құрамына енген жай сөйлемдердегі іс - әрекеттің кезектесіп келетіндігін, тек жалғаулық шылаулар арқылы байланысатындығын меңгерту; ә) дамытушылық: оқушылардың білім - білік,
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Атырау қаласы Жалпы білім беретін №6 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қабдешова Бақытжан Шапиховна
Сатылай кешенді талдау. Сәбит Мұқанов "Сұлушаш поэмасы"
Сатылай кешенді талдау. Сәбит Мұқанов "Сұлушаш поэмасы"
Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анар Арыстанғалиева Баяндама: Әдебиет сабағында «Сатылай кешенді талдау” технологиясын пайдаланудың тиімділігі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×