Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Антонимдер

19 желтоқсан 2014, Жұма
5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Антонимдер
Сабақтың мақсаты: Білімділік - антоним сөздерді бір - біріне салыстыра отырып, анықтамасын оқушылардың өздері ойланып шығаруға бағыт беру,
Дамытушылық – оқушының білім мен танымын кеңейту және тез қабылдауына жол ашу, өз пікірін толық жеткізе алуына баулу, ойлау қабілетін арттыру;
Тәрбиелік – оқушыларды адамгершілік асыл қасиеттерге жетелей отырып, сөз өнерін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топпен жұмыс, тілдік талдау, топтастыру.
Көрнекілігі: оқушылардың таным қабілеттерінің даму деңгейін анықтауға бағытталған тапсырмалар, интерактивті тақтада слайдтар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақ барысы.
І. Мотивация. Ұйымдастыру, зейіндерін аудару. Оқушыларды топтарға бөлу. Топ жетекшілерін сайлау /дауыс беру арқылы/. Оқушы білімін есепке алу картасын слайдтан көрсетіп таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.
«Миға шабуыл». Әр топқа арнайы сұрақтар қоя отырып өткен сабақты еске түсіру:
1. Лексика дегеніміз не?
2. Омонимдердің анықтамасын айт. Мысал келтір.
3. Сіздер күнделікті өмірде омоним және синоним болатын сөздерді қаншалықты жиі қолданасыздар?
Омоним мен синоним сөздерге жазып келген өлеңдері мен мақал - мәтелдерін оқыту.

ІІІ. Мақсат қою. Жаңа тақырыпқа жазылған мысалды оқытып, өздеріне ереже шығарту, мақал - мәтелдер, жұмбақтар арқылы білімін кеңейту, антоним сөзі қай тілден шыққанын, жасалу жолдарын таныстыру.

ІV. Жаңа сабақ.
Өзіндік ізденіс – білім негізі.
Интерактивті тақтадан биік тау мен аласа таудың суреті, кактус гүлі мен адыраспан шөбін салыстыру арқылы оқушыларға не түсінгендерін және ереже шығару керектігін ескертемін.
- Балалар, антоним грек тілінде anti – қарсы, onota - атау дегенді білдіреді. Ендеше сіздер мысалдарға сүйене отырып қандай қорытындыға келдіңдер?
- Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы болып келетін сөздерді антонимдер деп атаймыз.
- Балалар, антоним мен жұрнақ арқылы жасалатын болымды, болымсыздық мағыналар бірдей емес. Оларды былайша салыстырып көруге болады.
Тақтаға жазылған мақал - мәтелдерді оқып, антонимдер мен болымды, болымсыздық мәндегі сөздерді табамыз.

• Антонимдер
1. Күштімен алысқан әлсіз өз қолын сындырады. (Сәйф Сарайи).
2. Жаман сөз жылатады,
Жақсы сөз жұбатады.
3. Білімді – алтын көзі ашылатын,
Надан жан – қара бақыр шашылатын.(Йүгінеки)
• Болымды, болымсыздық мағыналар
Піл күшті,
Піл күшті емес, тіл күшті.
Көп сөйлеген қалайда жақсы емес. (Құтып)
Білімді білімсіздің мыңын жеңер. (Йүгінеки)
Антонимдер ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің ең оңтайлы құралы. Мәселен, ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан мақал - мәтелдердің, жұмбақтардың құрамында антонимдер жарыса қолданылады.
1 - топ тапсырмасы:
Мағыналық жағынан бір - біріне қарама - қарсы болып келетін тұрақты тіркестерді ойлап жазу.
Ит арқасы қиянда – таяқ тастам жер. т. б.
2 - топ тапсырмасы:
Құрамында антоним сөздер кездесетін мақал - мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар ойлап жаз және мағынасына, жасалу жолына назар аударыңдар.
Мақалдар.
• Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.
• Дұшпан күлдіріп айтады,
Дос жылатып айтады.
• Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Жаңылтпаштар.
• Ақ тайлақ ақ па?
Қара тайлақ ақ па?
• Күн бе, түн бе,
Пілге мінбе.
• Екеуінің жасы шамалас,
Бірінің шашы – қара шаш,
Екіншісінің шашы ақ шаш аралас.
Жұмбақтар.
• Түнде бармын,
Күндіз жоқпын. /жұлдыз/

3 - топ тапсырмасы:
АНТОНИМ

• Сын есім
ауыр - жеңіл,
кең - тар,
ыстық - суық,
жас - кәрі
артық - кем,
аш - тоқ,
арық - семіз,
оңай - қиын
• Етістік
озу - қалу,
кету - келу,
қону - ұшу,
шашу - жинау,
ашу - жабу,
кіру - шығу,
күлу - жылау,
сату - алу
•Зат есім
өтірік - шын,
обал - сауап,
алғыс - қарғыс,
рахат - бейнет,
бақ - сор,
өмір - өлім,
пайда - зиян,
жаз - қыс,
күн - түн
•Есімдік
анау - мынау,
әне - міне,
осы - сол
•Үстеу
ерте - кеш,
ақырын - шапшаң,
жоғары - төмен,
алыс - жақын,
әрі - бері
Талантты, дарынды оқушыларға тапсырма. (жеке жұмыс)
Сурет бойынша өз шығармашылығына сүйене отырып әңгіме не өлең жазу (ішінде антоним сөздер болуы шарт).
Үлгірімі төмен оқушыларға тапсырма. Берілген мәтін сөйлемдері ішінен антоним болатын сөздерді тауып астын сызу.

V. Сергіту сәті. «Кім тапқыр?» ойыны. Мақалдың жалғасын табу.
Ашу................. (дұшпан)
Ақыл................ (дос).
Ақылдан жақын............... (дос) жоқ,
Ашудан жаман................ (қас) жоқ.

VІ. Бекіту кезеңі:
Ойды жинақтау мақсатында оқушыларға антонимдердің негізгі белгілерін анықтау тапсырылады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
31 405
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Антонимдер
Антонимдер
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыра отырып, сабақта қолданылған қосымша материалдар арқылы дүниетанымдарын кеңейту.
Антонимдер
Антонимдер
Сөз мағыналарынан алған білімдерін пысықтай отырып, мағыналары қарама - қарсы сөздерге мысал келтіре отырып, антонимнің анықтамасын оқушылардың өздері ойланып, шығаруға бағыт беру
Антонимдер
Антонимдер
Атырау қаласы, Абай атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Досжанова Райхан Лекерқызы
"Қысым" (қорытындылау сабағы)
"Қысым" (қорытындылау сабағы)
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы "Қалалық көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясы" КММ Физика, информатика пәндері жоғары санатты мұғалімі Кунусова Меруерт Орынгалиевна
Мұқағали Мақатаев “Фантазия"
Мұқағали Мақатаев “Фантазия"
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анар Арыстанғалиева
Антонимдер
Антонимдер
Жангелдин орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекенова Индира Қонысбекқызы Сыныбы: 5 Сабақтың тақырыбы: Антонимдер Сабақтың мақсаты: Білімділік - антоним сөздерді бір-біріне салыстыра отырып, анықтамасын оқушылардың өздері
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×