Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Антонимдер

02 қаңтар 2014, Бейсенбі
Қазақ тілі 5 сынып
Сабақ тақырыбы: Антонимдер
Сабақтың білімділік мақсаты:
1) Антоним сөздер туралы мәлімет беру, білім деңгейін көтеру, тереңдету. Тақырыпты басшылыққа ала отырып, жаңа сабақты меңгерту.
2) Сөйлемдегі қолданысын, ойлау, іздену, табу, қиялдау, елестету, ой қорыту дағдыларын шыңдау және бір - біріне қарама қарсы мәнде айтылған сөздердің айырмашылығын анықтау.
Тәрбиелік мәні: сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, оқушылардың тіл байлығын дамытудың нәтижесі арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Дамытушылық мақсаты: оқушының білімін мен танымын кеңейту және тез қабылдауына жол ашу, өз пікірін толық жеткізе алуына баулу, ойлау қабілетін арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа материалды таныстыру сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер үлестірмелі қағаздар,(үлкенді - кішілі, ұзынды - қысқалы)
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, Венн диаграммасы, деңгейлік тапсырма, топпен жұмыс, топтастыру стратегиясы.
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылардың назарын сабаққа аудару
ә) сабақтың тақырыбы, оның мақсат - міндеттерін таныстыру

II. Жаңа сабақ.
1. Әділет пен ақылға
Сынатып көрген - білгенін
Білдірер алыс - жақынға
Солардың сөйле дегенін (Абай)
Тақтаға жазылған осы төрт өлең жолындағы алыс сөзі мен жақын сөзінің бір - біріне қарама - қарсы мәнде айтылғандығымен және қай сөз табында екендігін салыстыру.
Міне, осыдан қандай ой түйдіңдер деп оқушыларға сұрақ қоямын. Оқушылар «Қарам - қарсы мәнде айтылған сөздер, сондықтан антонимдер» деп жауап береді. Оқушылардың қарама - қарсы мәнде антонимдерді ажырата білу, білім - біліктілігін тексеру мақсатында «Кім шапшаң» ойынын жүргіземін. Ойынның шарты. Сыныпты екі топқа бөлемін, 1 - топты «Антонимдер», 2 - топты «Болымды - болымсыз антонимдер» деп атаймын да, үстелге үлестірме қағаздарға жазылған антонимдер мен болымды - болымсыз антонимдерді қоямын. Екі топ өз атаулары бойынша үлестірме қағаздарды өздерінің сандықтарына салады.

«Антонимдер» сандығына
Жақсы - жаман, ал - бер, ақ - қара, жылы - суық
«Болымды - болымсыз антонимдер сандығына
ал - алма, көр - көрме, көңілді - көңілсіз, бар - барма

Ойын соңында үлестірме қағазды дұрыс жинаған топты мадақтаймын. Антонимдер мен болымды - болымсыз антонимдердің мағынасының ұқсастығы мен айырмашылығы
Венн диаграммасы бойынша анықтау.
Антонимдер бір - біріне қарама - қарсы мәнде айтылады
Сыртқы тұлғалары жағынан да, дыбысталуы жағынан да өзгеше
Антонимдер жұрнақтар арқылы жасалып, болымды - болымсыз түрде өр басқа сөз табына қатысты болады

Оқулықпен жұмыс
89 - жаттығуды сынып болып талдаймыз.
а) 2 - 3 оқушыға тірек сөздерді тауып оқытамын.
ә) Мәтіндегі «Қандай әсем сөйлейді» деген сөз тілдің қандай сипатына байланысты айтылып тұрғанын анықтадық.
в) Әсем, тез, шебер, зор сөздерінің антонимдерін тауып жаздық.

III Жаңа материалды меңгергенін анықтау мақсатында деңгейлік тапсырма беремін.
1 - деңгейлік тапсырма: берілген мәтіннен антонимдерді табу. Сырты тыныш көрінгенмен, іші мазасыз. Мынау Жұмабек, Афаниевте, марқұм Қалқа менен әлдеқайда кіші, бірақ көргендері әлдеқайда үлкен. (Ғ. Мұстафин)
2 - деңгейлік тапсырма: сулы - құрғақ, алыс - жақын, көңілді - көңілсіз сөздерін қатыстырып сөйлем құра.
3 - деңгейлік тапсырма: берілген сурет бойынша әңгіме құрау (ішінде антоним болуы шарт)

IV Бекіту кезеңі
Ойды жинақтау мақсатында антонимдердің негізгі белгілерін анықтау тапсырылады. Оқушылар «топтастыру әдісі» бойынша төмендегідей жауап беруі тиіс.
Антонимдер
Әр түрлі сұрақтарға бөлек
Сөздердің тұлғалары жауап береді
Әр сөз табынан болады.
Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы мәнде

Оқушылардың білімін бағалау.
V Үйге тапсырма беру
8 840
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Антоним дегеніміз не?
Антоним дегеніміз не?
Синоним, антоним, омоним (сөздік қолдану, сөздерді ажырату және мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану) Антоним сөздерді ажырату мағынасын түсіну. Сөйлеу барысында қолдану, білу.
Антонимдер
Антонимдер
Сөз мағыналарынан алған білімдерін пысықтай отырып, мағыналары қарама - қарсы сөздерге мысал келтіре отырып, антонимнің анықтамасын оқушылардың өздері ойланып, шығаруға бағыт беру
Антонимдер
Антонимдер
Сабақтың тақырыбы: Антонимдер
Қарама – қарсы мағыналы сөздер (антоним)
Қарама – қарсы мағыналы сөздер (антоним)
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Алға қаласы, «Алға мектеп - бақшасы» ММ бастауыш сынып мұғалімі Давлетова Шолпан Избасхановна
Қарсы мәндес сөздер
Қарсы мәндес сөздер
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, №42 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сейпіл Гүлжан Жеткергенқызы
Антонимдер
Антонимдер
Жангелдин орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекенова Индира Қонысбекқызы Сыныбы: 5 Сабақтың тақырыбы: Антонимдер Сабақтың мақсаты: Білімділік - антоним сөздерді бір-біріне салыстыра отырып, анықтамасын оқушылардың өздері
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×