Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Антонимдерді қайталау

26 желтоқсан 2014, Жұма
Сабақтың тақырыбы: Антонимдерді қайталау
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың антонимдер туралы білімдерін жетілдіріп, тақырыптың мазмұны мен күрделілігін пайымдауға үйрету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Антонимдер туралы түсініктерін тапсырмалар арқылы бекіту;
Дамытушылық: Антонимдерді жаттығулар орындату арқылы тілін дамыта отырып, сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу;
Тәрбиелік: Тапсырмалар мен жаттығулар арқылы оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: бекіту сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: терме диктант, сәйкестендіру мен мақалдар кестесі, тест парақшасы
Пәнаралық баланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
а) сәлемдесу
b) Кезекшімен жұмыс
c) сыныпты түгендеу
II. Үй тапсырмасын сұрау
Сұрақ - жауап:
1. Антонимдер дегеніміз не?
2. Синонимдер мен антонимдердің байланысы қандай?
3. Антонимдердің сөз таптарына байланысы қандай?
III. Жаңа сабақ
Кіріспе:
Оқушылар бүгін антонимдер туралы түсінігімізді жетілдірейік. Антонимдер дегеніміз – бірі - біріне қарама - қарсы болып келетін сөздер. Мыс: үлкен - кіші, суық - жылы.

Антонимдер

Күн - түн
Алыс – жақын
Жақсы - жаман
Қатты – жұмсақ
Дос – дұшпан
Өлім - өмір

I. Балалар енді оқулығымыздағы 91 - жаттығуға назар аударайық? (мәтінді оқып, нені суреттелгенін баяндаңдар)
II. Антонимдік қатарларды тауып, сөйлем құраңыз?
Қысқа жең - Ауру
Алыс - Қымбат
Арзан - Жеңіл
Ауыр - Аласа
Ақ - Ыстық
Биік - Ұзын жең
Жаз - Жақын
Сау - Су жүрек
Суық - Қыс
Жүрек жұтқан - Қара

III. Тапсырмаларды орындап болсақ алдымызда тұрған оқулықтағы 92 - жаттығуға назар аударайық (мәнерлеп оқыңдар, мәтіннен антоним сөздерді табыңдар)

IV. Келесі тапсырмамыздың аты «Терме диктант»
Зат есімнен болған антонимдерді теріп жаз?
1. Алыс - жақын. 2. Ақ - қара. 3. Күн - түн. 4. Ерте - кеш. 5. Алу - беру. 6. Қыс - жаз. 7. Алғыс - қарғыс. 8. Ұзын - қысқа. 9. Ұл - қыз. 10. Келу - кету. 11. Арық - семіз. 12. Жақсылық - жамандық. 13. Көне - жаңа. 14. Қатты - жұмсақ. 15. Өлім - өмір. 16. Құпия - жария. 17. Дос - дұшпан.

V. Оқулықтағы 94 - жаттығуға назар аударайық (өлеңді мәнерлеп оқып, түсініктеріңізді айтыңыздар)
VI. Мына мақалдардағы қажетті жерге антоним сөздер қойып жазып, жаттап алыңыз
1. Қыста арбаңды сайла,
Жазда шанаңды сайла.
2. Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіріп айтады.
3. Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын,
Жаманның жамандығын айт, құты қашсын.

IV. Сабақты бекіту
Бүгінгі сабағымызды бекіту үшін мына тесттерге жауап берейік?
1. Лексика қай тілден енген?
а) грек
в) латын
с) орыс
2. Омоним болатын сөзді тап
а) қаз
в) теңіз
с) бала
3. Синонимді тап
а) қаз, бақ
в) әдемі, көркем
с) кіші, ертең
4. Антонимді тап
а) қара, білім
в) оңай, қиын
с) бүгін, кеш
5. Көп мағыналы сөзді тап
а) мая - мая
в) ата - баба
с) бас, көз
6. Антоним дегеніміз не?
а) Айтылуы әр түрлі мағыналары жақын сөздер
в) Жазылу бірдей, мағыналары әр түрлі сөздер
с) Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы сөздер

V. Сабақты қорытындылау
Сабақты қорытындылау үшін төмендегі сұрақтарды қою.
1. Антоним дегеніміз не?
2. Антонимдердің мағыналары қандай?
3. Антонимдердің жасалу жолы қандай?
4. Антонимдер ойды қалай жеткізеді?

VI. Бағалау.
Сабаққа белсенді қатысып, тапсырмалар орындауға ат салысқан оқушыларды бағалау
VII. Үйге тапсырма.
Оқулықтағы 96 - жаттығуды орындап келу
3 826
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Антонимдер
Антонимдер
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыра отырып, сабақта қолданылған қосымша материалдар арқылы дүниетанымдарын кеңейту.
Синонимдер (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Синонимдер (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып. Тақырыптар: 16. Синонимдер 17. Синонимдік қатар 18. Антонимдер. 19. Жаттығулар орындау 20. Табу
Антонимдер
Антонимдер
Сөз мағыналарынан алған білімдерін пысықтай отырып, мағыналары қарама - қарсы сөздерге мысал келтіре отырып, антонимнің анықтамасын оқушылардың өздері ойланып, шығаруға бағыт беру
Антонимдер
Антонимдер
Сабақтың тақырыбы: Антонимдер
Антонимдер
Антонимдер
Сабақтың тақырыбы: Антонимдер
Антонимдер
Антонимдер
Атырау қаласы, Абай атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Досжанова Райхан Лекерқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×