Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылық жолы

20 қаңтар 2015, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылық жолы
Сабақтың мақсаты: 1) ақын өмірі туралы қосымша мәліметтер беру,
2) өлеңдерінің идеялық тақырыптық мазмұнын ашу,
3) туған елін, жерін сүюге, қорғауға, батылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: іздендіру.
Әдісі: баяндау, талдау, жинақтау.
Көрнекілігі: Махамбеттің, Исатайдың, Жәңгір ханның суреттері, кітаптар көрмесі, слайд бетшелері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
XIX ғасыр әдебиеті өкілдерінің шығармаларына шолу.

ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Қазақ елі ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздікке қолымыз жетті. Осы Тәуелсіздікке жету жолында талай тарихи өр тұлғаларымыз өмірін қиды. Рухты қалыптастыратын үлгі етерлік тұлғалар тарихымызда жетерлік. Соның бірі әрі бірегейі - Махамбет Өтемісұлы.
Махамбет Өтемісұлы 1804 жылы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында Нарынның Бекетай құмында туған. Өтемістің он баласы болған. Соның бірі, яғни екіншісі Махамбет болған. Ол жас күнінде хан ордасында тәрбиеленген. Себебі, оның ата - тегі би болған. Кейін Махамбет халықтың мұңын, зарын көріп, жүрегімен жоқтаған. Көтеріліс бастағаны үшін, 1829 жылы абақтыға қамалады. Сол кезде көптеген көтерілісті бастаушы Исатай Тайманұлы болатын болса, қостаушы Махамбет болған. Махамбет 1846 жылы өз үйінде қастандықпен қаза табады. Бейіті Атырау облысы Махамбет ауданы Қараой деген жерде орналасқан.

Махамбет - халық ақыны. Оның арманы - хан ордасын шабу, Баймағамбет сұлтанның басын алу, ең үлкен арманы - Ресейдің қол астында қалған Еділді қайтарып алып, оған ел қондыру, елді малға толтыру.

Еділдің бойы - ен тоғай,
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге,
Мал толтырсам деп едім.- деп халыққа теңдік әперуді аңсайды.
Махамбет шығармаларының тағы бір қыры - образ сомдау шеберлігі. Шығармадағы Исатай батырдың, Жәңгір ханның Баймағамбет сұлтанның және өзінің - Махамбет ақынның - бейнелері жасалған. Яғни Махамбет - күреске шақырушы болса, Исатай Махамбет идеясын жүзеге асырушы, бірінің жолында екіншісі жан берген нағыз достықтың үлгісі екенін де айтқан жөн. Ал Махамбеттің Жәңгір ханға өткір өлең арнауының себебі, патшалы Ресейге адал қызмет етіп, халықты отарлық саясаттан қорғай алмауына байланысты. Не айтса да халық көкейіндегі сөзді айтты.
Сыныптағы оқушыларды екі топқа бөлемін:
1 - топ: «Әдебиетшілер» тобы
2 - топ: «Тарихшылар» тобы

ІV. «Жылдар сөйлейді» стратегиясы
1663 - 1756 жылдар - Төле би өмір сүрген жылдар;
1667 - 1764 жылдар – Қаз дауысты Қазыбек би өмір сүрген жылдар;
1644 - 1700 жылдар - Әйтеке би өмір сүрген жылдар;
1834 жыл - Біржан салдың туған жылы;
1166 жыл - Ахмет Иассауидің қайтқан жылы;
1465 - 1560 жылдар - Шалкиіз жырау өмір сүрген жылдар;
1668 - 1781 жылдар Бұхар жырау Қалқаманұлы өмір сүрген жылдар;
1723 жыл - Жоңғар қалмақтарының қазақ жерін басып алу мақсатымен жасаған ең күшті шабуылы болған жыл («Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»);
1743 жыл - қалмақ елімен дипломатиялық қарым - қатынас орнатқан жыл;
1755 жыл - Жоңғар қалмақтарына Қытай шабуыл жасаған жыл;
1723 - 1741 жыл - қазақтардың қалмақтарға соңғы жорығы;
1511 - 1523 жылдар - «Жеті жарғы» заңының билігі жүрген кез;
1748 - 1819 жылдар - Шал ақынның өмір сүрген жылдары;
1818 - 1881 жылдар - Шортанбай Қанайұлы өмір сүрген жылдар;
1802 - 1871 жылдар - Дулат Бабатайұлы өмір сүрген жылдар;
1804 - 1846 жылдар - Махамбет Өтемісұлы өмір сүрген жылдар;
Қай топтың оқушылары көп жауап берсе, соғұрлым көп балл алады.

V. Дәптермен жұмыс.
Хронологиялық кестемен жұмыс:
Жылдар. Негізгі оқиғалар.
1804 жылы Махамбет Өтемісұлы Батыс Қазақстан облысы Нарындағы Бекетай құмында туған
1824 - 1828 жылдар Махамбет Жәңгір хан ордасында
1829 жыл Калмыков қамалында тұтқында
1830 жыл Түрмеден қашып шығады
1833 - 1836 жылдар Көтеріліске дайындық
1836 жыл 14 көкек Қиялымола көтерілісі
1837 жыл 15 қараша Гекке бастаған жазалаушы отрядпен шайқас
1838 жыл12 шілде Исатайдың қазасы
1834 жыл наурыз Махамбеттің тұтқындалуы
1846 жылдың қараша айында 42 жасында Махамбет дүние салады.

VІ. Оқулықта берілген өлеңдерін талдау.
VІІ. Сабақты бекіту: Оқыта үйрету ойыны арқылы жүзеге асырылады. Оқушылар тақырып бойынша қиын сұрақтар құрастырып, мұғалімге тапсырады. Сұрақтар құрастырылып болған соң, оқушылар кез келген сұрақты алып, дауыстап оқып, тлық жауап беруге тырысады.
VІІІ. Сабақты қорытындылау: Екі топқа тапсырма жазылған парақтар таратылады.
ІХ. Оқушылардың білімін бағалау.
Х. Үй тапсырмасы: Махамбеттің бір өлеңін жаттау, ерлік туралы мақал - мәтелдер дайындап келу.
6 571
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы өздігінен білім ала отырып, өзара білім алмастыру. Өлеңдерінің тақырыбы мен автор идеясын ашу, әдеби теориялық тұрғыдан талдау жасау дағдыларын қалыптастыру.
Махамбет - күрескер ақын
Махамбет - күрескер ақын
Атырау облысы, Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ. И. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мурзагулова Гүлжан Жардемқызы
Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі
Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, №1 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тусупбекова Жанар Куанышевна
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Ксупова Базаркул Жарылкасыновна
Махамбет Өтемісұлының өмірі, ерлігі
Махамбет Өтемісұлының өмірі, ерлігі
[right]Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Дөң орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмағазина Гүлсім Шаймерденқызы
Махамбет – өр рухты ақын
Махамбет – өр рухты ақын
Мұғалім: Бекенова Индира Сабақтың тақырыбы: Махамбет – өр рухты ақын
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×