Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай Құнанбаев "Ескендір" поэмасы

28 қаңтар 2015, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасы.
Сабақтың мақсаты: білімділік – поэманың мәтіні арқылы идеясын ашу, кейіпкерлеріне мінездеме жасау, кешенді талдай білу дағдыларын қалыптастыру;
Дамытушылық – поэманы мазмұндау, талдау, кейіпкерлерді мінездеу арқылы оқушылардың тілін, ой - өрісін дамыту, түрлі тапсырмаларды орындау арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру:
Тәрбиелік – поэмадағы Абайдың гуманистік идеясы арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу, іскерлікке, ізденіске, таным белсенділігін арттыруға баулу.
Сабақтың әдісі: интерактивті, топтық, кешенді талдау, сұрақ - жауап, ассоциация.
Сабақтың типі: білімді жинақтау сабағы
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекі құралдар: Абай портреті, кітаптары, слайдтар
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, математика, биология, география.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі:
а) Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.
ә) Кіріспе сөз.
б) Қызығушылықты ояту. «Тұлғаны таны»
1. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақшылық.»деген ұлағатты сөздің авторы кім? (Абай)
2. Шығыс елінде Зұлқарнайын деген атпен белгілі тарихи тұлға, грек қолбасшысы кім? (Ескендір)
3. Әлемдегі ең алғашқы ұстаз, бірнеше ғылымдардың атасы саналатын кім? (Аристотель)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Жоспар бойынша «Ескендір» поэмасының мазмұнын сұрау.
А) Патшаның жорығы
Ә) Бұлаққа кездесу
Б) Ескендірдің бұйрығы
В) Қақпаға кездесу
Г) Күзетшінің сөзі мен сыйы
Ғ) Өсиет(ақыл сөз).
Өсиет – көпшілікке айтылатын уағыз, келелі кеңес түріндегі өлең.

ІІІ. Негізгі бөлім.
“Ескендір ”поэмасы – Абай поэмаларының ішіндегі елеулісі, ақынның гуманистік ой - пікірлерін тереңірек танытатыны. Шығыс елдерінде Ескендір Зұлқарнайын деген атпен тараған, Еуропада Александр Македонский деген атпен белгілі грек қолбасшысының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған.
Ескендір тақырыбын Еуропа ақындарымен қоса, Шығыстың Фирдоуси, Низами, Жәми сияқты ақындары да жыр еткен.
«Ескендір» поэмасының кейіпкерлерін атап өтейікші: Ескендір, Аристотель, күзетші және мифтік образдар.

Қане енді Ескендір патшаға мінездеме берейік.
Топтастыру.
Слайд көрінеді. Оқушылар Ескендір патша суретінің айналасына оның мінез - құлқын жазады.

«Сен білесің бе?» слайды көрінеді.
Бұл бөлім бойынша гиперсілтеме жасалған батырмаларда қазақ әдебиеті, қазақ тілі, тарих, математика, география, биология пәндерінен сұрақтар жасырылады.
Сұрақтар:
1. Қазақ әдебиеті: «Ескендір» поэмасының композициялық құрылысын айтып бер.
2. Тарих: Ескендір Зұлқарнайын тарихта қандай атпен белгілі және қай жылдары өмір сүрген?
3. Қазақ тілі: Поэма қай стильде жазылған?
4. Математика: Филипп ІІ патша Александр (б. з. б. 356 - 323) 13 жаста болғанда Аристотельді (б. з. б. 384 - 322 ж) ұстаздыққа шақыртқан екен. Аристотель сол кезде неше жаста болған?
5. Биология: Поэмада адамның қай мүшесі туралы сөз болады? Құрылысын айтып бер.
6. География: «Ескендір» поэмасында сөз болатын Македония шаһары қай елде орналасқан?

Кешенді талдау.
1. Шығарма аты: «Ескендір»
2. Авторы: А. Құнанбайұлы
3. Тақырыбы, идеясы: адамдық қасиетті сақтау, көрсеқызарлыққа салынбау, ынсапсыздықты жеңе білу
4. Жанры: поэма
5. Оқиға кезеңі: б. з. б. ІҮ ғасыр
6. Шумақ саны: 42
7. Әр шумақта: 4 тармақ
8. Ұйқас түрі: қара өлең ұйқасы
Білімді бекіту сұрақтары.
1. Әлемді қаһарымен сескендірген Ескендірге кімнің сөзі тосқауыл болды?
2. Білек күшінен білім мен даналық күшінің басымдылығы дастанда қалай суреттелген?
3. Тарихи тұлға әрекеттерін алға тартуда Абай нені айтпақ болған? Бүгінгі заман үшін өнегелік жағы неде?
4. Сюжет дегеніміз не?

Қорытынды.
Поэмада Абай жауыздықты, ынсапсыздықты әшкерелей отырып, өмірдегі, жеке адамдар басындағы ондай қан құмарлық, көрсеқызарлық сияқты адамгершілікке жат пиғыл мен жауыздық іс - әрекеттерді ақылдың, білімнің, парасаттың, адамгершіліктің жеңіп шығатындығын, білек күшінен білімнің, парасат пен даналық күшінің артықшылығын көрсете білді. Абай өзінің басқа да шығармаларында адам болу идеясын жоғары қояды. Бүгінде біз адамдық туралы сөз еткенде Абайға соқпай кетпейміз. Биыл Абай атамыздың туғанына 170 жыл толып отыр. Бүгінгі ұрпақ келешекке Абай тәлімін жалғастырулары керек.
«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деген Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен сабақты қорытындылаймын.

Үй тапсырмасы: «6 неліктен?» техникасын пайдаланып «Ескендір» поэмасының мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып көріңдер.
Бағалау. Бағалау парақтары бойынша қорытынды бағаларын анықтаймын.
28 470
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Поэмаға талдау жасай отырып, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы жайында игерген білімдерін тереңдету, поэманың идеясын, мақсатын ұғындыру.
Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы
Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы
Көркем туындыны түсініп, мәнерлеп оқуға және идеялық - тақырыптық негізін, ой астарын түсінуге үйрету, поэманың тереңіне бойлату, ақынның образ жасау шеберлігін ұғындыру.
Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы мен қара сөздері
Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы мен қара сөздері
Атырау қаласы, №2 орта мектебінің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Унгаралиева Назгул Имашевна
Абай Құнанбаев “Ескендір” поэмасы
Абай Құнанбаев “Ескендір” поэмасы
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Ксупова Базаркул Жарылкасыновна
Абай Құнанбаев "Ескендір" поэмасы
Абай Құнанбаев "Ескендір" поэмасы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, Жангелдин атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бигелдинова Жаңылдық Қуанышқызы
Сатылай кешенді талдау. Сәбит Мұқанов "Сұлушаш поэмасы"
Сатылай кешенді талдау. Сәбит Мұқанов "Сұлушаш поэмасы"
Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анар Арыстанғалиева Баяндама: Әдебиет сабағында «Сатылай кешенді талдау” технологиясын пайдаланудың тиімділігі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×