Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Халықтың ғұмыры тілінде

01 қараша 2012, Бейсенбі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шарпекова Акмарал

Қазақ тілі (6 - сынып)
Сабақтың тақырыбы: «Халықтың ғұмыры тілінде» (Тіл мәдениеті)
Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушылардың сөз таптары бойынша алған білімдерін жүйелеу, сол білімдерінің практикалық ролін тереңдей таныту, сөз таптарының мәнін жетілдіру, жыл бойы алған білімдерінің нәтижелілігін көрсету.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға ана тілінің бай құдіреттілігі мен қасиетін сездіру, тіл үйренудегі ізденістердің қажет екендігін ұғындыру, тілі байдың өзі бай деген халқымыздың тілге деген махаббатын таныту.
Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйрету, ізденіс, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақ түрі: Іздендіру
Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы (ой шақыру, топқа бөлу, бес минуттық эссе - ой толғаныс), 5 жол өлең (Сэнкуэн)
Көрнекілігі: суреттер, маркерлер, графопроектор, кестемелер.

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру
І Оқушыларды топқа бөлу. (Геометриялық фигураларды таратып, сол бойынша үш топқа бөлемін. )
ІІ Ой шақыру
Балалар, барлығымыз бүгінгі сабақтың тақырыбына назар аударайық. Қазіргі сәттен бастап, осы сөздің сыры өз қолдарыңда. Осы нақыл сөздің мағынасын кім ашып береді?
ІІІ 5 минуттық эссе (ой толғаныс) Үй тапсырмасы
«Халықтың ғұмыры - тілінде» тақырыбында эссе жазу.
ІV Тіл байлығы - шешендердің сөзінде (Топтық жұмыс)
Мәтін беріп, оны мәнерлеп оқыту, мағынасын ашу, сөз таптарын ажырату, кодоскоптан мақал - мәтелдерді көрсету.
V Сурет бойынша әңгіме (Топтық жұмыс)
І топтың тапсырмасы:
Төмендегі тірек сөздерді қатыстырып, сурет бойынша әңгіме жаз.
Тақырып қой.
Тірек сөздер: ұлттық, спорт ойыны, жазық жерлерде, ат спорты, классикалық түрі, бапкер, шабатын бала, күтім, ат айдаушы, белгі, табандылық, батылдық, мініскер, аттарды, жылқы зауыты.
ІІ топ: Мына сурет бойынша әңгіме жаз. Тақырып қой.
ІІІ топ: Төмендегі суретке зер салып, қазақ халқының салт дәстүрлері, ұлттық ойындары туралы әңгіме жаз. Тіл, ой мәдениетіне көңіл бөл. Әңгімеге тақырып қой.

VІ Сықақ өлең шығаратын қабілетін қандай? (шығармашылық жұмыс)
І топ: «Ой» сөзін өлең жолдарында бірнеше мағыналарда қолданылып, сықақ өлең жаз.
ІІ топ: «Қой» сөзін өлең жолдарында бірнеше мағыналарда қолданылып, сықақ өлең жаз.
ІІІ топ: «Алма» сөзін өлең жолдарында бірнеше мағыналарда қолданылып, сықақ өлең жаз.
VІІ Төмендегі орны ауысқан мақал - мәтелдердің жүйесін тап.
1. Піл көтермегенді...
2. Өнер алды -...
3. Тіл -...
4. Тіл тас жарады,...
5. Тіл...
6. тиексіз
7. қылыштан да өткір тас жармаса, бас жарар,
8. қызыл тіл
9. тіл көтереді

VІІІ 5 жолды өлең (Сэнкуэн) («Сөз таптары» тақырыбында өлең құрастыру)

Нұсқау:
1. Бірінші жол тақырыпты суреттейтін сөз. (Зат есім)
2. Екінші жол тақырыпты суреттейтін сөз (Екі сын есім)
3. Үшінші жол іс - әрекетті көрсететін үш сөз (Етістік)
4. Төртінші жол төрт сөзден тұратын мағыналы сөйлем.
5. Соңғы жол синоним.

ІХ тапсырмалар.
1. Өлең сөздегі дала келбетін қара сөзбен бейнелеп жаз.
Дала. Дала. Сар дала!
Жапан түзде бір қараша Келем жалғыз, жаяумын...
... Созылып ұйықтап бел жатыр,
Төсін керіп көл жатыр,
Тыныш тәтті түс көріп
Суға - айнаға қаранып,
Салқынға леппен таранып,
Қамыс та тұр тербеліп...
2. Берілген мәтінді оқып, «Ананың сүті - бал, баланың тілі - бал» деген мақалдың мағынасын түсіндір. Өзіңнің кішкене бауырың болса, диалогтар арқылы әңгімелеп жаз.

Сәуле
8. Әпке, бүгін өте қызық түс көрдім, - деді Сәуле орнынан тұрып жатып.
9. Қызық болғанда, тіпті қызық!
10. Олай болса, айтып берші, тыңдайық?
11. Менен гөрі өзің жақсы білесің ғой, өзің айтшы.
12. Сенің көрген түсіңді мен қалай айтамын?
13. Сен де бірге жүріп едің ғой.

Х Рефлексия
1. Бүгінгі сабақтан не алдыңдар?
2. Нені білдіңдер?
3. Сабақтың пайдасы болды ма?
4. Құндылығы неде?

Шешендік сөздерден тіл үйрену жайында айтылған бір - екі шешендік сөзді жаттап келу.

ХІ Бағалау.
(Әр топтың спикерлері топ мүшелерінің білімдерін бағалайды).
4 534
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сауысқанның ұясы
Сауысқанның ұясы
Оқушылар мәтіннің мазмұнымен танысып, негізгі идеясын біле отырып, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді
С. Торайғыров «Шілде» өлеңі
С. Торайғыров «Шілде» өлеңі
Оқушыларды С. Торайғыровтың өмірімен танысып, өлеңінің идеясын ашу, білімдерін жан-жақтылы кеңейтеді, сөз байлығы кеңейеді, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді, өз ойын толық жеткізіп, өлеңнен негізгі түйінді таба білуге дағдыланады.
Қазақ тілі – ұлттық мәдени, рухани асыл мұра
Қазақ тілі – ұлттық мәдени, рухани асыл мұра
Тілді жасаушы – халықтың өзі. Сондықтан тіл халыққа қызмет етеді. Ана тілін қадірлемеген халықтың болашағы жоқ, себебі ана тілінсіз ұлт мәдениеті, ұлт әдебиеті жоқ. Ал әдебиетті мәдениет қаймағы деп қана қою жеткіліксіз.
Б дыбысы мен әрпі
Б дыбысы мен әрпі
Б дыбысы мен әрпін таныту. Б дыбысының ұяң дауыссыз дыбыс екенін аңғарады. Қазақ тілінде сөздердің басында ортасында келетінін меңгереді.
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету
Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Киевка №2 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бейсембекова Анар Сериковна
Қазақтың ұлттық тілінің шығу негізі мен қалыптасу жолы
Қазақтың ұлттық тілінің шығу негізі мен қалыптасу жолы
Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе лицейі. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дарменова Гүлбаршын Озбекбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×