Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абайдың табиғат лирикасы

11 сәуір 2015, Сенбі
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
«Ғ. Мұратбаев атындағы №17 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Сейтқасымова Т.

Сабақтың тақырыбы׃ Абайдың табиғат лирикасы.
Білімділік мақсаты: Оқушыларға Абай өлеңдерін барынша терең меңгерту, жатқа айту, өлеңді талдау машығын жетілдіру, теориялық ұғымдарды түсіндіру, этнографиялық танымдарын кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушыларға эстетикалық, экологиялық тәрбие беру, олардың поэзия, саз өнері, бейнелеу өнері секілді көркем өнер дүниесіне сүйіспеншіліктерін арттыру. Абай ұлылығын терең сездіру, туған табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жарыс сабақ (топтық)
Әдіс – тәсілі: Баяндау, «Ой қозғау», «Дөңгелек стол», Топтық жарыс.
Пәнаралық байланыс: Тарих, ән - күй.
Көрнекілік: Сұрақты тапсырмалар салынған конверт. Ақын портреті, Абай сөздері жазылған плакаттар, қосымша дидактикалық материалдар, О. Сүлейменов, М. Мақатаев суреттері.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру. Қызығушылықты ояту.
«Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы өлмейтұғын артына сөз қалдырған»,- деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін де жарқын бейнесімен, жалынды жырымен бізбен бірге жасасып келеді.
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма,- деп ақынның өзі айтқандай, «соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп», тар жол, тайғақ кешу өмір кешкен, өкініш пен өксігі көп, қайғысы мен қасіреті мол қараңғы қапас өлкеде де ел мұңын «асау жүрегінен» ағыта, шабытты жыр ғып төккен алып, қазақтың бас ақыны атанған ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығымен танысқан болатынбыз.
Жаңа сабағымызды бастамас бұрын, біз тек қазақ елі ғана емес, бүкіл дүние жүзі таныған Абай атамыз туралы не білеміз? Өткенді пысықтау мақсатында " Абай әлемі" тақырыбында берілген сұрақтарға жауап берейік!
2. Туған жерін ата. (Семей облысы, Шыңғыстау тауының бөктері.)
3. Ақын қайда жерленді?
4. Абай шығармаларының тұңғыш жинағы қай жылы шықты? 1909ж
5. Абайдың өскен ортасы, туған – туыстары туралы не білесің?
6. Абай қай жылы әкімшілік, билік жұмыстарына араласты? 1858ж
7. Қай жазушы Абайды: "Қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі", – деп бағалады. (Мұхтар Әуезов)
8. Абай алғашқы өлеңдерін кімнің атынан жазды?
9. А. Құнанбаев қай жылы «Ескітам» медресесінде дәріс алды? 1853 ж
10. Семейдегі Абай оқыған медресе қалай аталған? ( Ахмет - Риза.)
11. Абайдың қандай өлеңдерімен таныстың?
(«Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әрнеге», «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Жаз», «Күз», «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай», «Жазғытұры», «Адамның кейбір кездері», «Құлақтан кіріп бойды алар»т. б.
12. Абайдың қандай күйлерін білесіңдер?
(«Желдірме», «Май түні», «Торы жорға»)
13. Абайдың әндері «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Бойы бұлғаң», «Татьянаның хаты», «Қор болды жаным»
14. Ахмет Байтұрсынов 1913 жылы "Қазақ" газетінде жарияланған мақаласында Абайды қалай бағалады? («Қазақтың бас ақыны» деп бағалады.)

Тарихи сынақ хат

Олай болса, бүгінгі сабағымызды Абай атамыздың жылдың 4 мезгіліне арналған өлеңдерімен ары қарай жалғастырмақпыз.
Абай. Абай. Ұлы Абай, дана Абай,
Дана Абайым – қасқайған нән қарағай.
Қазағымның бұйырыпты бағына
Ғасырда бір туылатын дарам - ай.

Ұлы Абайым, саңлағым нар тұлға,
Өшпестей ғып із қалдырдың артыңа.
Табиғаттың сан қырынан жүрекке
Орнықтырып ұялатты жыр тұлғаң!
Жаңа сабақ.
Бүгін біз Абайдың табиғат лирикасы жайында сөз етпекпіз. Ең алдымен «лирика»деген сөзге түсініктеме беріп алайық. Лирика дегеніміз ақынның ішкі жан дүниесінің сезім күшімен тебірене толқуы, өз басының көңіл - күйі, күйініш - сүйініші тән. Лириканың 4 түрі бар.

Л и р и к а
Философиялық саяси махаббат табиғат
Абайдың тәрбиелік мәні зор лирикаларының бірі – табиғат лирикасы. Табиғат Абайға оның ақындық шабытына түрткі болған үлкен дүние. Ақын жаны мен табиғаттағы ұқсастық, табиғаттың жаңарып жасаруы, жаралануы ақынның ішкі сезім пернелеріне қозғау салып, сол сезімді ақын қағаз бетіне түсірді. Сылдырап аққан бұлақтан, жаз жайлаудан, тіпті қаһарлы қыстан да сұлулық іздейді. Табиғатты жырламаған, оны өз әніне қоспаған ақын кемде - кем. Бірақ Абай салып кеткен жол, ақын жырлаған табиғат, әрине, өзгеше. Табиғат – адам өмір сүрер, тіршілік етер ортасы. Онсыз өмір жоқ. Міне, осы табиғат көріністерін, оған бөлінген қазақ даласындағы өмірді, тұрмыс - халді суреттеуге Абайдың көптеген өлеңдері арналған және Абайдан бұрын табиғат көріністерін мұншалық терең әрі жан - жақты жырлаған ақын болған емес. Табиғат лирикасы - Абайдың ұлы талантын, биік мәдениетін танытатын өлеңдер. Әсіресе, жылдың төрт мезгілі туралы жазылған өлеңдері бейнеті мен зейнеті мол мал баққан шаруаны, құты мен жұты аралас аумалы - төкпелі күй кешкен көшпелі ауылды, сол дәуірдегі қоғамдық қарым - қатынастың әр алуан белгілерін анық, қанық бояумен көрсететін, өз заманының айнасы боларлық сұлу шығармалар. Табиғатқа жан бітіруді ұлы Абай өзінің орыс классиктерінен үйренген. Бұл өлеңдерін ақын 1886 - 1890 жылдар аралығында жазған. Біз бүгін Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты «Қыс», «Жазғытұры», «Күз», «Жаз» өлеңдеріне байланысты жарыс сабақ өткізбекшіміз.

Жарысқа 2 топ қатысады.
Оқушыларды топқа бөлу. Топ басшысын сайлау.
Ой қозғау: «Дөңгелек стол» стратегиясы бойынша берілген ақ парақтарға жыл мезгілдері туралы сипаттап жазады.
1 топ.
Серік – Біздің тобымыздың аты – «Қыс»
- Қыс белгісі – қарды біз төсбелгі етіп алып отырмыз.
Күз - жыл мезгілінің ішіндегі ең бір сұлу да байлықтың символы. Күз мезгілі келісімен оқушылардың сабақ оқу мезгілдері тұспа - тұс келеді. Күзде барлығы қыстың қамын ойлап, жаз бойы бағып - қаққанын жинай бастайды. Сөйтіп, күз өзінің қоңырқайлығын, әсемдігін қысқа беріп, жер бетін аппақ көрпемен оранғандай күйге түседі. Қыс – тазалық пен пәктіктің белгісі.

2 топ.
Жанар – біздің тобымыздың аты – «Көктем». Көктемде айнала жасыл түске айналады. Сондықтан біз жасыл түсті, гүлдерді төсбелгі етіп алдық.
Көктем - тіршілік атаулының жанданып, жаңалыққа талпынар кезеңі. Көктемде қыс бойы қардың астында жатқан барлық табиғат байлығы бой көтеріп, жаңара түседі.
Ал, жаз - жадыраған жылылықтың, қуаныштың, сүйіспеншіліктің әсерін беретін жайлы кезең. Жазды суреттеген қай жазушының туындысын қарасақ та жылылықтың лебі есіп тұрғандай әсер береді.
Иә, өзіміздің туып - өскен оңтүстік өңірінің де өзіндік ерекшелігі бар. Біз бұл тұста кеңінен мақтана аламыз. Өйткені жыл он екі айдағы 4 жыл мезгілінің біздің өңірде барлығы болады. Біз олардың әрқайсысының ерекшелігін толық көре аламыз.
Олай болса,
Қара сөзі, қара өлеңі қарымды,
Толғайды Абай мұңым менен зарымды.
Абай сынды дана туған халықтың,
Ұл - қызы да болу керек дарынды, - деп жарыс сабағымызды бастаймыз.

Жарыс 6 бағыт бойынша өтеді.
1. «Поэзия»
2. «Теория»
3. «Ән - күй»
4. «Этнография»
5. «Жүйесін тапқан сөз жүрекке жетеді» Даналық ойдан дән ізде!
6. «Экология»
Жарыс сабақтың мақсаты - сендердің өнер - білімдеріңді жан - жақты байқау. Әр бағыттың арнайы сұрақ тапсырмалары бар.

1 бағыт – «Поэзия»
1 тапсырма. Әр топтың мүшелері бірін - бірі жалғастырып, өлеңді мәнерлеп жатқа айту керек.
«Абай барлық қазақтың мақтанышы ғана емес, ар - ұяты, ұлттық намысы. Абай шыққан биік, Абай бойлаған тұңғиық қазақ халқының шыққан шыңы, ой түбіне сүңгіген тереңі. Абай қазақ поэзиясының тәңірі, қарасөзінің пайғамбары ғана емес, қазақ рухының жиынтығы, қазақ ұлтының көсемі. Сондықтан Абайды оқымаған, сөзін көңіліне тоқымаған, тым құрыса бір ауыз өлеңін жатқа да білмейтін оқушылар болмауға тиіс».

2 тапсырма. Оқушылар өлеңдерінің шығу тарихымен таныстырады.

Абайдың «Қыс» өлеңі оқылады. (оқушы оқиды)
«Қыс «өлеңінің шығу тарихы Абай ізбасарларының бірі Тұрағұл өз естелігінде: «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды»» деп өлең қылғаны 1884 жылы Семей өңірінде қыс қатты болып, ел жұтаған, мал қырылған екен. Қыста жауған қар сәуір айында еріген екен. Сондықтан Абай атамыз «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды» деп қыс бейнесін зор тұлғалы адам ретінде сипаттаған.
«Жаз» өлеңіндегі ауыл - Абайдың өз ауылы. Абайдың аяңшылы – Абайдың Әбдірахматпен алған аяңшыл Күреңтөбел аты. Айқайшы шалы – сол жылы өз аулымен көрші болған Әнет Бармақ деген шал. Құс салып жүрген жас жігіттер, өзінің балалары – Ақылбай, Әбдірахман болатын деп өз естелігінде Абайдың айырылмас досы Көкбай ақын баяндаған.

«Жазғытұры» өлеңінің шығу тарихы Көкбай ақын өз естелігінде: «1880 жылдан бастап, 1886 жылдарға шейін Абай өз өлеңдерін Көкбай сөздері деп беріп жүрді. 1886 жылдың жазында ел жайлауға шықты. Абай аулының ең өрістеп барып орнықпақ болған аулы Бақанас өзенінің бойы еді. Көш жүріп кетті, біз Абаймен бірге бірнеше кісі болып артынан келдік. Осы жылы Абай ауылында доктор Долгополов та қонақта еді. Ауыл Бақанастың бойындағы Көкбейіт деген жерге қонып жатыр екен. Абай қонып жатқан ауылды көріп: «Осы суретті өлең қыл»,- деді. Мен біраз өлең қылып едім, жақтырмады да, өзі жазбақшы болды. Сонымен үй тігіліп болып, бәріміз жиналған соң, Абайға келіп едім: « Өлең Көкшенің бойынан асайын деді ғой» деді. Мен « Асса, басында мен қолқалап алған нәрсе емес. Енді ретін тауып өзіңіз қайырып алыңыз» деп қалжыңдадым. Сөйтсем, сол күні «Жазды күн шілде болғанданы» жазған екен. Оқып берді. Өзі жазған өлеңіне өзі аз да болса қанағат қылғанын көргенім сол. Менің қалжыңыма орай қылып: «Сен соғымыңа бір ту бие ал, ал мен енді өлеңімді өзім алайын» - деді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
28 750
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай Құнанбайұлы «Ғашықтық құмарлықпен – ол екі жол...» өлеңі
Абай Құнанбайұлы «Ғашықтық құмарлықпен – ол екі жол...» өлеңі
Абай ұлылығын терең сезіндіру, оқушыларға Абайдың махаббат лирикасына жататын өлеңдері тақырыбы жағынан, көркемдік сипат - өзгешелігін терең меңгерту, жатқа айту, өлеңді талдау машығын жетілдіру;
Абай Құнанбайұлы. «Ғашықтық құмарлықпен – ол екі жол...» өлеңі
Абай Құнанбайұлы. «Ғашықтық құмарлықпен – ол екі жол...» өлеңі
Абай Құнанбайұлы. «Ғашықтық құмарлықпен – ол екі жол...» өлеңі. Абай ұлылығын терең сезіндіру,
Абай Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі
Абай Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «Ғ. Мұратбаев атындағы №17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Сейтқасымова Т.
Абайдың табиғат лирикасындағы физикалық құбылыстар
Абайдың табиғат лирикасындағы физикалық құбылыстар
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Касенова Ж. О Физика пәнінің мұғалімі: Осипова Ақбаян Айдархановна
Абайдың табиғат лирикасы
Абайдың табиғат лирикасы
Түркістан қаласы, № 15 М. Жұмабаев атындағы мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Өмірәлиева Майя Жетыбайқызы
Абайдың табиғат лирикасы
Абайдың табиғат лирикасы
РФ Алтай Республикасы, Қосағаш ауданы қазақ тіл мен әдебиет пәндерінің мұғалімі Актанова Токжан Мудиновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×