Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы

26 қазан 2015, Дүйсенбі
«Балқаш қаласы жалпы білім беретін
типтік мектеп - интернаты» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Махтбекова Замира Айталымовна

6 сынып «Шыңдау» курсы
Факультатив курсы сабағының тақырыбы: Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:- Оқушылардың Ы. Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы бойынша білімдерін кеңейту
Сабақтың міндеттері: - оқушыларды іздене білуге дағдыландыру;
- ой – өрістерін дамыту, ойларын жеткізе білуге төселдіру;
- елін, жерін сүюге, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: бекіту сабағы
Сабақ әдісі: сұрақ – жауап, бағыт – бағдар беру, СТО элементтері
Көрнекілік: Ы. Алтынсарин портреті, өмірі мен шығармашылығы жайлы слайд материалдары, кітап көрмесі, семантикалық карточкалар

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Магнитафоннан Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» өлеңі тыңдалады.
Мұғалім: - Балалар, бұл кімнің өлеңі? Өлең қалай аталады?
(Оқушылар жауап береді)
Мұғалім:- Дұрыс айтасыңдар, балалар, ендеше біз бүгінгі сабағымызды
Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арнаймыз. Біз бүгін 2 топқа бөлініп жұмыс жасаймыз. (Оқушылар өздері ұсыныс жасайды 1 топ – «Әдеп»; 2 топ – «Қанағат»)
- Балалар, неліктен өз топтарыңызды былай атадыңыздар, соған тоқталып өтсеңіздер (әр топ өз топтары жайлы айтып береді)

1-топ «Әдеп»: - Біз Ы. Алтынсариннің көптеген әңгімесін оқыдық. «Әдеп» әңгімесі бізге ұнады.
Мұғалім: - Әңгіме мазмұнына тоқталып өтсеңіздер.
Оқушы: - Мұнда ел басқарған әкім туралы айтылады. Бірде әкім бір бай адаммен жолығып қалып, әңгімелесіп тұрады. Олардың қастарынан бір шаруа адамы өтіп бара жатады. Сонда әкім оған басын иіп амандасады. Бай айтады: - Сіз халыққа танымал адамсыз. Халқыңыз сізді сыйлайды. Қарапайым шаруаға неліктен соншалықты иіліп, сәлем бердіңіз деп сұрайды.
Сонда әкім айтады:
- Ешбір ілім-білім үйренбеген мұжық сонша иіліп әдептілік көрсеткенде менің оған амандаспай әдепсіздік танытқаным дұрыс емес қой. Одан әдепсіз болып қалайын ба? – депті.
Әңгіме бізді адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелейді, сондықтан әңгіме атымен өз тобымызды атадық.
2-топ «Қанағат» - Бізге де Ыбырай атамыздың әңгімелері ұнады. Мәселен, «Қанағат» әңгімесінде көпке танымал Әлі деген адамнан бір адам келіп: - Байлық қайдан табылады? – деп сұрайды. Әлі айтады:
- Қанағат ете білсең, қанша мал көп болса да қанағаты жоқ адамдар байлыққа жеттім деп ойламайды. Қолында барына қанағат ете білген адамның көңілі тыныш, жақсы өмір сүреді. Сондықтан да қанағат ете білген дұрыс, қанағат – байлықта - деп жауап беріпті Әлі. Әңгіме адамды қанағатшыл болуға, тоқтам жасай білуге, сабырлыққа тәрбиелейді. Сондықтан біз әңгімедегі негізгі ойды өзімізге үлгі етіп, тобымызды «Қанағат» деп атадық.
Мұғалім: - Балалар «әдеп», «қанағат» сөздерін қалай түсінесіңдер? Олардың ұқсастығы неде? (Венн диаграммасы орындалады)
«Әдеп, қанағатшылдық» туралы қандай мақал – мәтел білесіңдер?
Оқушылар жауабы:
1-топ:(бірнеше мақал – мәтел айтады)
1. Әдепті бала арлы бала,
Әдепсіз бала сорлы бала.
2. Әдептіліктің белгісі иіліп сәлем бергені.
2-топ:(бірнеше мақал – мәтел айтады)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 619
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы»
Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы»
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен еңбектеріне тоқтала отырып, әңгіменің идеялық мазмұнына талдау, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау, қорытынды жасау;
Ыбырай Алтынсарин әңгімелері
Ыбырай Алтынсарин әңгімелері
Ы. Алтынсариннің шығармашылығымен тереңірек таныстыру, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу, Ы. Алтынсариннің ел болу идеясының өміршеңдігіне көз жеткізу;
Ахмет Байтұрсынов өмірбаяны мен шығармашылығы
Ахмет Байтұрсынов өмірбаяны мен шығармашылығы
Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығынан білімдерін пысықтау, халқы үшін жасаған еңбектерінің мәнінің жоғары екендігін ұғындыру. оқуға, білімге деген қызығушылығын ояту, қазақ әдебиетін құрметтеуге тәрбиелеу.
Cегіз аяқ өлеңі
Cегіз аяқ өлеңі
Қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының өнегелі өмір жолына шолу жасап, шығармашылығы жайлы жан - жақты білім беру; ұлы ақынның өмірін өнеге тұтып, оқушыларды адами қасиеттерге баулу, өзін - өзі ұстай білуге, адамгершілікке, жауапкершілікке
Ыбырай Алтынсарин «Өнер білім бар жұрттар», «Жаз»
Ыбырай Алтынсарин «Өнер білім бар жұрттар», «Жаз»
Астана қаласы «Техникалық колледжі» МКҚК қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы Махметова Жанаргуль Койшыбаевна
Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог
Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Ақжар қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Қалитова Гаухар Кентайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×