Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің қалам – Астана

09 қараша 2015, Дүйсенбі
Астана қаласындағы №27 мектеп - лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Бакакова Айсулу Кожанбердыевна

Тақырыбы: Менің қалам – Астана
Мақсаты
Білімділік: Жаңа сабақ түсіндіру. Астана қаласы туралы толық ақпарат беру. Астананың көрікті жерлерін слайд арқылы көрсетіп, таныстыру. Тақырыпқа байланысты өлең оқу, әңгіме жазу, диалог құрастыру. Жай сөйлем және оның түрлеріне түсіндіріп, жаттығу, талдау жұмыстарын жүргізу.
Дамытушылық: Ауызша әңгімелеуге, сауатты жазуға үйрету. Ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың Отанға, еліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз елінің ұлтжанды азаматы болып өсуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: дәстүрлі
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, көрнекілік.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, география
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, суреттер, интерактивті тақта, жеке тапсырмалар.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу.
II. Үй тапсырмасын тексеру: Оқушылар, мен сіздерге үйге «Қазақстанның астаналары» тақырыбына шағын шығарма жазып келуге бергенмін. ( Әр оқушы өздерінің дайындап келген шығармалары бойынша сөйлейді).

III. Жаңа сабақ: Менің қалам – Астана. Жай сөйлем.
Біз сіздермен өткен сабақта Қазақстанның астаналарымен таныстық. Бүгінгі сабақта Қазақстанның бас қаласы, астанасы - Астана туралы өтеміз.
- Балалар, Астана, Қазақстан, туған жер туралы өлең оқу. (Осы тақырыпта оқушылар өздерінің өлеңдерін оқиды).

Ең бірінші Астана қаласының тарихына тоқталайық ( Астананың тарихына, көрнекті орындарына, бұрынғы атауларына трех - схема арқылы тоқталамыз және Астананың көрнекті орындарын слайдтан көру арқылы толық танысамыз). Астана - Қазақстанның саяси орталығы. Ол 1998 жылы 6 мамырда Қазақстанның астанасы болды. Астана аты бұрын Қараөткел, Ақмола ( 1830 - 1961жж), Целиноград (1961 – 1992жж) болған.
Астананың көрікті жерлері туралы оқушылар өздері дайындаған слайд арқылы айтып береді.
- Балалар жай сөйлем және оның турлерін өттік, сондықтан мына сұрақтарға жауап беріңіздер. Жай сөйлем дегеніміз не? Жай сөйлемнің қандай түрлері бар? (Жауаптарын мысалдармен дәлелдейді).
Жай сөйлем – бір тиянақты ойды білдіреді.
Жай сөйлемнің түрлері:
1. Жақты сөйлем - бастауышы бар немесе жасырын тұрады.
2. Жақты сөйлем - бастауышы жоқ және жасырын да тұрмайды.
3. Жалаң сөйлем – тек тұрлаулы мүшелерден тұрады.
4. Жайылма сөйлем – тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер де болады.
5. Толымды сөйлем - ойға қатысты мүшелердің барлығы қатысады.
6. Толымсыз мүшелер - ойға қатысты мүшелердің бірі түсіп қалған жағдайда.
7. Атаулы сөйлем - атап қана көрсетеді.
«Астана» мәтінін оқып, сұрақтарға жауап береді. Мазмұнын баяндайды. Жай сөйлемдерге морфологиялық, синтаксистік талдау жасайды.

Астана
Астана бұрын Қараөткел, Ақмола, Целиноград деп аталған. Астана Қазақстанның солтүстік аймағында орналасқан, сондықтан қысы суық, аязды, боранды, жауын - шашынды болады. Мұнда жүзден астам ұлт өкілдері тату - тәтті тұрады. 1998 жылдың 10 маусымда Қазақстанның жаңа астанасы Астана қаласының тұсаукесері болды. Республикамыздың жаңа астанасының құрылысына итальян, түрік, швейцар құрылыс фирмалар қатысты. Оның объектілерін салуға басқа да Еуропа Азия мемлекеттерінің көптеген фирмалары қатысты Жұрттың көз алдында астана Қазақстанның ең көркем қаласына айналып келеді.
Суретпен жұмыс: Бірнеше оқушы «Астана менің қалам» тақырыбына салған суреттері бойынша әңгімелейді. Қалған оқушылар жеке тапсырмаларды орындайды.

Жеке тапсырмалар.
1. Астана қаласының қандай мұражайлары бар? Бірнеше сөйлем жазып бір жай сөйлемге талдау жасаңыз.
2. Берілген сөйлемге талдау жасаңыз. Астана Есіл өзенінің бойында орналасқан.
3. Байтерек туралы не білесіз?
4. Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 23жыл. Осы жылдар ішінде қандай жетістіктерге жеттік, айтып беріңіз.
5. Төменде берілген сөйлемге талдау жасаңыз. Астанада үш жүздің төбе билеріне ескерткіш орнатылған.
«Менің Астанам» сұхбат жазу.

IY. Қорытынды: Сұрақ - жауап арқылы қорыту.
1. Қай жылы Астана Қазақстанның астанасы болды?(1997жыл 10 желтоқсан. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола атауы Астана деп өзгертілді.)
2. Астанам қай облыста орналасқан?(Ақмола облысы)
3. Астанаға қандай қалалар жақын? ( Қарағанды, Павлодар, Көкшетау, Жезқазған).
4. Астана қандай орталық?(Елорда - мәдени, саяси, экономикалық орталық)
5. Астанада қандай демалыс орындары бар?
6. Елорда қандай ғимараттар бар?(Ақорда, Окан Интер Континенталь)
7. Астанада қандай ескерткіштер бар?(Абай, Барыс, Астана - Байтерек)

Y. Үйге тапсырма: «Астана менің қалам» шығарма жазу.
YI. Бағалау: Оқушылардың білімдері мен белсендіктердің бағалау.
9 829
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Астана – көрікті қала
Астана – көрікті қала
Астана қаласындағы «Бәйтерек» монументі туралы ақпарат беру. Отанымыздың бас қаласы Астана туралы түсініктерін жетілдіру.
Астана – көрікті қала
Астана – көрікті қала
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар істей алады: Сурет бойынша мәтін құрастырады. Оқушылардың көпшілігі істей алады: Берілген мәтіннің мазмұнын түсініп, ойын жеткізеді.
Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Сен қайдан келдің? Септіктерді қайталау.
Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Сен қайдан келдің? Септіктерді қайталау.
Астана қаласына қатысты мәтіндегі сөздерді лексикалық мағынасына сәйкес түсініп оқу, оқығанын мазмұндап айту дағдысын қалыптастыру
Семей қаласы
Семей қаласы
септік жалғаулары бойынша алған білімдерін пысықтап, қайталау. Семей қаласы жайлы білімдерін толықтыру, тереңдету. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.
Қысқы демалыс. Сын есім
Қысқы демалыс. Сын есім
Өскемен қаласы. қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ахметова Маншук
Астананың көрікті жерлері
Астананың көрікті жерлері
Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Дүйсеке орталау мектебі Ағылшын тілі мұғалімі Сәбитова Әсия Қапезқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×