Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күлтегін жырлары

28 қараша 2012, Сәрсенбі
Атырау облысы,
Исатай ауданы, Зинеден селосы, Ю.Гагарин атындағы
орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жарылғасова Гүлшат
Сабақтың тақырыбы: Күлтегін жырлары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік - Күлтегін жырлары туралы терең түсіндіре отырып, көркемдік ерекшелігін ұғындыру. Оқушылардың ізденімпаздыққа, шығармашылыққа деген ынталарын арттырып, білімдерін кеңейту.
Дамытушылық - Орхон ескерткіштерінен табылған жырда айтылатын негізгі мәселелерді таныстыра отырып, жырдағы тұлғаларға жан-жақты сипаттама беру.Өзіндік ерекшелігі мен құндылығын бағалау.
Тәрбиелік - оқушыларды ізденуге жетелеу, отанды сүюге баулу, тарих тағылымдары арқылы тәлімді тәрбие беру.
Сабақтың түрі: іздену сабағы
Сабақтың әдісі: іздендіру, баяндау, жинақтау, салыстыру, талдау,пікірлесу, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: қосымша оқулықтар,интерактивті тақтадан көрсетілетін слайдтар.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу.
Сабаққа қатысын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Ежелгі дәуір әдебиеті туралы не білеміз?
2. Неліктен біз ежелгі дәуір әдебиетін төл әдебиетіміздің тарихының басы деп есептейміз?
3. Ежелгі дәуір әдебиетіне жататын қандай шығармаларды білесің?
4. Бұларды зерттеп, әдебиетіміздің тарихына қосуға, елге танытуға үлес қосқан қазақ ғалымдарын атаңдар.

ІІІ. Жаңа сабақтың мазмұны.
1. Ой шақыру. Секен Тұрысбековтың «Күлтегін» күйі ойнатылады.
Интерактивті тақтадан көне түркі алфавитінің, тас ескерткіштердің суреті көрсетіледі.
«Түркі халқының атақ-даңқы өшпесін... »(«Күлтегін»жырынан.) сөзіне оқушылардың назары аударылады.

Орта Азияның түркі тайпалары руна жазуын қолданған, ал араб әліпбиін кейінірек, X ғасырда ислам дінінің енуіне байланысты пайдаланған.Әлемге әйгілі Орхон ескерткіштері тастарының бетіне осы руна жазуымен көптеген жырлар жазылған(VIII).Оларды алғаш тапқандар: швед офицері Иоганн және орыс ғалымы Н.М.Ядринцев (XVIII-XIXғғ.).Құлпытастарға қашалып жазылып, бізге жеткен осы бір ғажайып жазуларды ғылымда руналық жазулар деп атайды.Ол жазуларда VIIғ. іргелі мемлекеті - Түркі қағанатының құрамындағы рулардың өзара жауласуы, жорықтары мен соғыстары суреттеледі.Кейіннен Орхон - Енисей ескерткіштері атанған жырлардың негізгі ойы – елдің тәуелсіздігін, береке-бірлігін сақтауға шақыру.

Жырда айтылатын негізгі мәселе
1.Түркі қағанатының тәуелсіздігінен айырылған 630-680 жылдар.
2.Түркілердің тауғаштарға бағыныштылығы;
Бірі - тауғаштың алтын-күмісіне, жібек матасына алданып қалуы;
Екінші – таққа отырған ұрпақтарының жігерсіздігі;

2. «Күлтегін» жырын мәнерлеп оқып, түсіндіру.Оқушыларға мәнерлеп, үзінді оқыту.
Оқулықпен жұмыс. Жырдың көркемдік ерекшелігін білдіретін сөз айшықтарын теріп жазу.Мысалы:
«от-су қылмадым»,
«түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым»,
«тізеліні бүктірді, бастыны еңкейтті»;

3.Жырдағы тұлғаларды топтастырып, сипаттама беру.
Күлтегін
Тоңұқұқ
Білге қаған
Елтеріс
Қапаған
Елбілге ана,
Тауғаш халқы
Ұмай ана

Қүлтегін- жырдағы оқиғаны ұйымдастырушы негізгі тұлға.Оны түркі халықтарының ерлік туралы ұғымының жиынтық бейнесі деуге болады.Күлтегінде түркілерге тән ержүрек, өршіл,қайсар, қайтпас мінез бар.Елдің «Сондай батырым болса» деген арманына сай нағыз батыр.
47жас жасаған әскербасы,Бумын,Қапаған, Істемі қағандардың ұрпағы, Білге қағанның туған інісі, жырдағы ең өзекті тұлға, эпостық образ.

3. Қүлтегін бейнесіне жан-жақты талдау жасау.
Күлтегін - атқа мықты,бекем бекзада деген сөз.
Күлтегін тұлпарлары - Алып шалшы ақ айғыр, Азманақ, Қарагер, Башғы боз ат

Күлтегін өмірінің жырда әртүрлі жас белесімен айқын сипатталуын теріп жазып көру.
...інім Күлтегін жеті жаста қалды...-7жас;
...Он жаста...інім Күлтегін ер атанды...-10 жас;
...Он алты жасқа келгенде. ...ел-жұртын сонша молайтты...-16 жас;
Жиырма бір жасында Чача Сеңүнмен айқастық...-21 жас;
Күлтегін жиырма алты жасқа келгенде...-26 жас;
Күлтегіннің жиырма жеті жасында. ..-27 жас;
Күлтегін сол соғыста отыз жаста еді...-30жас;
Күлтегін отыз бір жаста еді...-31жас;
Күлтегін өлгенде қырық жеті жаста еді...-47 жас;

4. Жырды батырлар жырымен салыстыру.
«Күлтегін» жыры
Қойға шапқан бөрідей,
Талқандап қуып береді...
Әкем қағанның
қосыны бөрідей,
Талқандап қуып
береді...
Айдарлысын құл қылды,
Тұлымдысын тұл қылды...
Бек ұлдары құл болды,
Пәк қыздары күң болды...

«Қобыланды» жыры...........
«Алпамыс» жыры............


5.ВЕНН диаграммасы.

6.Сөздік жұмысы.
Қаған-хан.
Білге-ақылды, данышпан,білікті.
Шад, ата бектер-әскер басшылары
Тоғыз оғыз- тайпаның аты.

IV.Қорытынды.
Батырлар жыры – елдікті,
«Күлтегін»жыры- елдікті,
Исатай-Махамбет-еркіндікті,
Желтоқсан көтерілісі-тәуелсіздікті ту етті, сол үшін күресті.
« Бүкіл түркі халқы үшін
Түн ұйқымды төрт бөлдім,
Жанып күйдім, өрт болдым» («Күлтегін»жырынан.) деген жыр жолдарын бүгінгі күнмен байланыстыр.(Өзіндік пікірін сабақтан алған әсерімен байланыстыру).

V.Үйге тапсырма.
Жырды түсініп оқып, үзінді жаттау.
«Жыршы тастар –әлемнің керемет таңғажайыбы » (ойтолғау жазу.)
59 725
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оғыз - нама жыры
Оғыз - нама жыры
Оғыз - нама жырының табылу тарихымен, оның қазақ тіліне аударылып баяндалу тарихынан мағлұматтар беру. Шығарманың құндылық мазмұндарын айқындау, идеясын табу.
Орхон - Енисей ескерткіштері. «Күлтегін» жыры
Орхон - Енисей ескерткіштері. «Күлтегін» жыры
Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдени мұраларының бірі – Күлтегін ескерткіші. Орхон - Енисей жазуына жататын маңыздылығы жағынан баға жетпес құнды дүние.
Әл - Фараби "Қашықтасың туған жер", "Бауырым қанша сүйгенмен"
Әл - Фараби "Қашықтасың туған жер", "Бауырым қанша сүйгенмен"
Әл - Фараби "Қашықтасың туған жер", "Бауырым қанша сүйгенмен" Топтық жұмыс арқылы оқушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз - Әл - Фараби өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беру;
Эвфемизм мен дисфемизмдер
Эвфемизм мен дисфемизмдер
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Маханбетова Күнсұлу Нұраддинқызы
Халық ауыз әдебиеті. Тұрмыс-салт жырлары, түрлері, олардың ерешеліктері
Халық ауыз әдебиеті. Тұрмыс-салт жырлары, түрлері, олардың ерешеліктері
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Б. Аманшин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Махамбетова Сандуғаш Сағынғалиқызы
Үндістан. Мемлекеттік құрылымы мен құрамы. Табиғат  жағдайлары мен ресурстары
Үндістан. Мемлекеттік құрылымы мен құрамы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары
Байқоңыр қаласы, № 8 Ю. А. Гагарин атындағы мектептің География пәні мұғалімі Измамбетова Айбарша Итеменовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×