Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Буын және оның түрлері

04 наурыз 2016, Жұма
С. Аманбайұлы атындағы орта мектептің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Саякова Нургул

Сабақтың тақырыбы: Буын және оның түрлері
Сабақтың мақсаты: Білімділік – оқушыларға жаңа сабақ жайлы түсінік беру, сөздің буынын таба білуге, өз беттерімен жұмыс істеуге үйрету.
Дамытушылық – теориялық білімді практика жүзінде пайдалануға дағдыландыру, тапқырлыққа, шебер сөйлеуге, тілдік қорларын дамытуға баулу.
Тәрбиелік – бір - біріне көмектесуге, ұжымдыққа тәрбиелеу және тілін сүюге үйрету.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, тапсырмалар, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: кесте, сызбалар, үлестірме қималар, ребустар

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
А) оқушылармен амандасу
Ә) оқушыларды түгендеу
Б) оқушыларды психологиялық дайындау

2. Үй тапсырмасын тексеру
А) оқушылардың жазба жұмыстарын тексеру
Ә) ауызша өткен сабақтар бойынша ережелерді сұрау

3. Жаңа сабақты түсіндіру
Буын
Буын дегеніміз – сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек.
Мысалы: ба - ла - лар мек - теп - ке кел - ді
Түрлері
Ашық буын – жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталған буынды.
Тұйық буын – дауыстыдан дауыссызға аяқталған буынды атаймыз.
Бітеу буын – дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған (дауысты дыбыс ортада келетін) буынды атаймыз.
Балалар, енді кестеден түсінгендеріңді тақтадағы мысалдар арқылы дамытып көрейік.
1. А - ға, а - дам, а - та, қа - ла, ба - ла т. б
2. Ат, аз, ақ, өрт, ұл, ант, ас, т. б.
3. Тал, төрт, бар, жаз, кел, қарт, т. б.
Енді, оқушылар үш топ болып, бірнеше жаттығулар мен тапсырмаларды орындап көрейік.

4. Мағынаны ажырату. (кітаппен жұмыс)
1 - топ
298 - жаттығу. 1. Өлеңді оқып, неше жетім түрі айтылғанын және олардың себептерін айтыңдар.
2. Әрбір сөз неше буыннан тұратынын анықтап, оларды буын түрлеріне бөліп жазыңдар.
3. Сөздің түбірі, буынның қай түріне жататынын айтыңдар.
2 - топ
299 - жаттығу. 1. Мәтіннің тақырыбы өнер жайлы әңгімелеңдер.
2. Мәтіннің кейіпкері – Әл - Фараби туралы не білетіндеріңді, Қазақстанда Әл - Фараби қалай құрметтелетіні және оның себептері туралы айтып көріңдер.
3. Мәтіннен буын жігі ауысқан сөздерді табыңдар.
3 - топ.
300 - жаттығу. 1. Мәтіндегі ұлағатты сөздердің мәнін түсініп оқыңдар.
2. Әр сөздің құрамындағы буындардың түрлерін ажыратыңдар.
3. Осы ұлағатты сөздердің біреуін эпиграф етіп алып, сол мәселе туралы өз ойларыңды жазыңдар.

5. Ой сергіту сәті
Бұл тапсырма үш топқа да арналады.
Төмендегі әріптерге бірнеше сөздер құрап, сол сөздердегі буын санын және түрлерін анықтаңдар.
1 - топ
А
С
Т
2 - топ
Ш
Ә
Н
3 - топ
Қ
М
Е

6. Ойлан, тап!
Бұл тапсырмада әр топ өздері мақал - мәтел, жұмбақ, нақыл сөз ойлап тауып, буынға бөліп жазу керек.
Мысалы: Бі - лім - ді - лік - тің ең бас - ты фак - то - ры ту - ған ті - лін - де сөй - леу мен о - ны сый - лау - дан бас - та - ла - ды. (Г. Гегель)

7. Жаттығу талдау
1 – топ
301 - жаттығу. 1. Түсініп оқыңдар
2. Ғалым - жазушы М. Әуезовтің пікірін қалай түсінгендеріңді әңгімелеңдер
3. Мәтіннен басқа тілден енген сөздерді табыңдар.
2 - топ
302 - жаттығу. 1. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіріңдер.
2. мәтіндегі өздерің қалаған 3 сөзді буынға бөліп жазыңдар және оларды буын түрлеріне ажыратып айтыңдар.
3. көбелектің, тиіннің, құмырсқалардың қандай ерекшеліктерін байқадыңдар.
3 - топ
303 - жаттығу. 1. Мәтінді оқып, түсінгендеріңді әңгімелеңдер.
2. мәтіннен аралас буынды сөздерді тауып, жазып, буын түрлеріне ажыратыңдар.
3. Мәтіндегі барлық сөздің тек түбірін жазыңдар, негізгі түбір мен туынды түбірлердің айырмашылығын атаңдар.

Сабақты бекіту.
Мықты болсаң, шешіп көр.
Әр топқа жеке ребустар беріледі, сол ребустарда сөз жасырылған. Сол сөзді тауып, буын саны мен түріне қарай ажыратып берулерің тиіс.
Сабақты қорытындылау. Әр оқушыға үлестірмелі қима қағаздары таратылып, сол тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың жаңа сабақтан түйгендерін қорыту.

Үйге тапсырма:
1. 304, 305 - жаттығуларды орындау
2. Буын түрлеріне мысал сөздерден криптограмма құрып келу
Бағалау. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін ескере отырып, бағалаймын.

Толық нұсқасын жүктеу
9 000
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Буын түрлері
Буын түрлері
Буын туралы түсінік беру, буынның түрлерімен таныстыру және жасалу жолдарын үйрету.
Атаулы сөйлем
Атаулы сөйлем
Жай сөйлемнің құрамдық түрлерінен сөздердің білімдерін жетілдіру, жай сөйлемнің бір түрі атаулы сөйлем және оның жасалу жолдарын түсіндіру, атаулы сөйлемнің ерекшеліктерін меңгерту. үйрету
Буын
Буын
Буын туралы түсінік беру; оқушылардың есте сақтау қабілеті мен ойлау дәрежелерін дамыту; шығармашылыққа баулу, сауатты жазуға, жауапкершілік пен ұқыптылыққа баулу.
Буын түрлері
Буын түрлері
Маңғыстау обылысы, Бейнеу ауданы, Опорный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қуанова Ләззат Боранбайқызы
Буын түрлері
Буын түрлері
Ақтөбе қаласы, №26 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Асқарова Гүлмира Амангелдіқызы
Күрделі сөздерді қайталау
Күрделі сөздерді қайталау
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы,Тасқала ауылы, Қ. И. Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шакирова Айымкөз Қуатқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×