Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Асыл сөз (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)

14 қыркүйек 2016, Сәрсенбі
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ әдебиеті 6 сынып
Тақырыптар:
1 - сабақ. Асыл сөз
2 - сабақ. Батырлар жыры. «Қобыланды батыр» жыры
3 - сабақ. «Қобыланды батыр» жырының композициялық құрылысы
4 - сабақ. «Қобыланды батыр» жырының кейіпкерлері.
5 - сабақ. «Алпамыс батыр» жыры


1. Сабақтың өтілетін мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Асыл сөз
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға сөз құдіреті, әдеби сөйлеу, әдебиеттің оқырман алдында алатын орны жайлы түсінік беру.
ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін дамыту, шығармашылыққа баулу.
б) тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: кіріспе сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, бекіту, қорытындылау, бағалау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бүктемелер, рефераттар, бейнелі суреттер. Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: Ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен Сәлемдесу.
э) Кезекші мәлімдемесі.
б) Журнал бойынша түгелдеу.
2) Жаңа сабақты түсіндіру.
а) Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға сөз құдіреті, әдебиет пәнінің өзгешеліктері, шығармалар тарихы жайлы түсіндіремін.
Балалар!
Сендер сыныптан сыныпқа аттаған сайын сөз өнерінің тылсым сырына дендей еніп келе жатырсыңдар. Әдебиет оқулығы - бүл орайда сендерге бағыт - бағдар сілтеп, кеңесші болатын көшбасшы пән. Байқап отырғандарындай, жыл сайын сендерге үсынылатын шығармалардың ауқымы да ұлғайып, түр - сипаты да күрделеніп келеді. Сонымен бірге сендер оқулық материалдарымен ғана шектеліп қалмай, өздеріңе ұнаған шығармаларды іздеп жүріп құмарта оқып жүрген де боларсыңдар. Көркем әдебиетпен шынайы достасқан адам өзіне мәңгілік ақылшы дос тапқандай, бар ынты-шынтысымен кітапқа беріледі. Ол бейне бір сиқырлап алғандай өз құдіреті не табынта тарта береді. Оның әсер - қуаты шексіз де шалқар...
Өлең оқыған кезде сендер ерекше елітіп, көркем де көрікті әлемге енесіңдер, ақынның жүрек лүпілімен бірге толқып, дәл бір өз көкейлеріңдегі сыр шертіліп жатқандай әсерленесіңдер; жақсыға сүйініп, жаманға күйінесіңдер; сөзбен салынған суретке көзбен көргендей тәнті боласыңдар; ақынның арман - мұңы ел мұратымен ұласып, қиялдарыңа қанат бітіреді. Кекіректеріңде өзің оқып түйсінген, өзіңе ғана таныс ғажайып әлем пайда болады. Одан алатын әсер - қуатты қарапайым тілмен жеткізудің өзі қиын.
Ал небір қызғылықты, шытырман, тарихи оқиғаларға құрылған әңгіме, повесть, романдарды оқығандағы әсерлерің ше? Бар дүниені ұмытып, сол оқиғалардың ішінде жүргендей етене араласып кетпейсіңдер ме? Өздеріңмен пікірі, ой дүниесі, іс - әрекеті үйлесетін сырлас достар табасыңдар, олардың жақсылықтарына қуанып, ағаттықтарына қапаланасыңдар. Сол сияқты бар болмыс - бітімімен жиіркендіретін жағымсыз бейнелермен де жүздесіп, олардың әрбір әрекетіне іштей күрес ашасыңдар. Жақсылық пен жамандықтың мәңгілік күресіне құрылған тіршіліктің жанды суреттерінен тұратын көркем әдеби ет күрделі табиғатымен сендерді бірде күлдіріп, бірде жылата отырып, өмірді өнер арқылы тануға баурайды.
Көркем әдеби ет үгіт - насихат айтпайды; неден жерініп, неден ғибраттану жөнінде нұсқау да бермейді; ол өмірдің мөлдіреген жанды көрінісін сендердің алдарыңа жайып салады да, одан алатын тағылымды әркімнің өз талғам-таразысына қалдырады. Көркем әдебиеттің құдіреттілігі де осында. Осы құдіреті мен ол өнердің барлық түрінен жоғары тұрады.

Мәселен, сәулет, сурет, мүсін өнерлерінің туындыларын тамашалап, көз сүйсіндіруге болады. Немесе музыка өнерінің небір ғажап шығармаларын тыңдап, сезім күйіне бөленесіңдер. Бұлардың барлығы да өнер туындылары, барлығы да өзінше құдіретті. Бірақ олардың ешқайсысы сөз өнеріндей өмірдің толыққанды көркем бейнесін сомдай алмайды. Сөз құдіреті арқылы сендер небір тамылжыған табиғат суретін, келісті тұлғаны, әсем ғимаратты көз алдарыңа елестете аласыңдар, ән мен күйдің әуені құлақтарыңда тұрғандай сезімге де бөленесіңдер. Тарихтың терең қойнауына саяхат жасап, өткен бабалар ғұмырына қанығып, бүгінгі замандастарыңның тыныс-тіршілігіне үңіліп, арман-мұңын бөлісе аласыңдар.
Суретші өз ойын бояу арқылы құбылта жеткізсе, сазгер әуен арқылы сезім қылын шертеді. Әдебиетте мұның барлығы тілдің құдіреті арқылы жасалады. Тіл - көркем әдебиеттің бірінші құралы. Тіл болғанда, ол - шешен тіл, әсем де әсерлі көркем тіл. Тілдің Мұндай құдіреті н сарқа пайдалану тек талантты ақын - жазушылардың ғана талайына жазылған. Сондықтан халық ондай асыл сөзді ерекше құрметтеп, қадір тұтады, ұрпақтан ұрпаққа өнеге етеді. Әрине, дарынды сөздің көркем әдебиетке айналуының өзіндік қыр - сыры, ішкі заңдылықтары болады. Көркем әдебиетті басқа ғылыми әдеби еттерден, тіпті оған бір табан жақын келетін пән - тарихтан да өзгешелейтін ерек сипаттары бар. Әдебиет тарихи оқиғалардың жылнамасы да емес, өмірдің немесе әлдекімнің басынан өткен шытырман оқиғаның көшірмесі де емес. Ол — өмір шындығының қаламгер жазушы қиялымен, дүниетанымымен байытылған көркем суреті. Жазушы өмірде болған қандай тарихи оқиғаны суреттемесін, оны ең алдымен өз ой елегінен өткізеді, олардың ең басты сипаттарын анықтап, өз пайым - парасатының көрігіне сала отырып, қайта қорытады, жаңа мән - мағына үстейді, көркемдік нәр береді, сөйтіп, оқырманға ұсынатын дүниесінің мазмұны мен көркі астасқан жанды бейнесін жасайды. Былайша айтқанда, шындықты образ арқылы бедерлейді. Яғни көркем әдебиеттегі өмір суреті, адам келбеті - көркем бейне (образ) арқылы сомдалады. Көркем бейне жасауда суреткер әрқилы тәсілдерді қолданады. Оны әдебиеттану ғылымы зерделейді. Оқулықтағы материалдармен таныса отырып, сендер әдеби - теориялық ұғымдар жөнінде (әсірелеу, шендестіру, өлең, әңгіме, повесть, баллада, т. б.) алғашқы мағлұмат аласыңдар. Бұлар сендерге көркем әдеби етті тереңірек түсініп, байыптай ұғынуға жолбасшы болады.
Нағыз көркем әдеби етті тума дарын, қас шебер, сөз зергері туғызады. Шынайы дарын — ілуде біреудің ғана маңдайына жазылатын тәңірдің сыйы. Жазушы дарыны өз халқының ұлттық мәдениетінің нәріне суарылып, ана тілінің кәусарынан сусындап, еңбекпен шыңдалып барып кемелденеді. Оқырман жүрегіне жол тауып, халық көңіліне мәңгіге ұялайтын болады. Қуатты ой, өрнекті тілден бас құраған құнарлы өнер шығармаларын ел мәңгіге есінде ұстап, ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп жеткізіп отырған. Сендерді сол асыл сөз әлемі шақырады.
Міне осылайша әдебиеттің рөлі жайлы айтып болған соң мынадай тапсырма беремін:
1. Өздерің оқыған шығармадан алған әсерлерің жөнінде әңгімелеңдер. Ондағы суреттелген оқиғаларды күнделікті өмірмен салыстырыңдар.
2. Әдебиеттен алған әсерлеріңді сурет, музыка шығармаларымен салыстырыңдар.
3. Жазғы демалыс кезінде оқыған шығармаларыңның кейіпкерлері жөнінде әңгімелеңдер, олар саған несімен ұнады?
4. Оқыған шығармаларыңда қандай жаңа сөздер мен сөз тіркестерін кездестірдіңдер? Өздеріңе ұнаған шумақтарды, суреттеулерді көшіріп жазып, жаттап алыңдар.
5. «Өнер алды - қызыл тіл» дегенді қалай түсінетіндеріңді өз сөздеріңмен баяндаңдар.

Сабақтың қорытындысы:
І. Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.
2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
3. Үйге тапсырма: Жазғы демалыста оқыған шығармаларыңның біріне талдау жасап,
жазып келіңдер.
Тексердім:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 428
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Батырлар жыры туралы түсінік. Қамбар батыр жыры
Батырлар жыры туралы түсінік. Қамбар батыр жыры
Батырлар жыры -- ауыз әдебиетінің қомақты да асыл мұрасы. Оларда елін сыртқы жаулардан қорғау, елінің, халқының тәуелсіздігін сақтау мұраты басым. Қазақтың батырлар жырларында тарихи оқиғалардың ізі жатыр.
«Қобыланды батыр» жыры. Кейіпкерлер бейнесі
«Қобыланды батыр» жыры. Кейіпкерлер бейнесі
Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама - қарсы суреттеулерді табу.
Алпамыс батыр жыры
Алпамыс батыр жыры
Батырлар жыры туралы түсініктерін кеңейту, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру; Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін арттыру;
Қобыланды батыр жыры туралы түсінік
Қобыланды батыр жыры туралы түсінік
Қобыланды батыр жыры жайлы толық түрде түсінік беру. ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін дамыту, шығармашылыққа баулу.
Батырлар жыры «Қамбар батыр» жыры
Батырлар жыры «Қамбар батыр» жыры
Батырлар жыры, олардың тақырыбы мен ортақ идеясы, халық тарихымен байланысын түсіну, кейіпкерлері, халық арманы туралы түсінік беу. Батырлар жырларын тақырып, мазмұн жағынан өзара салыстыра отырып таныту.
Батырлар жыры «Қобыланды батыр»
Батырлар жыры «Қобыланды батыр»
Мухамедрахимова Гульжанар Жаскайратовна - бастауыш сынып мұғалімі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×