Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қобыланды батыр жыры туралы түсінік

13 қаңтар 2018, Сенбі
Әдебиет 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Қобыланды батыр» жыры туралы түсінік
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға батырлар жыры, олардың өзге жырлардан айырмашылығы, "Қобыланды батыр" жыры жайлы толық түрде түсінік беру.
ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін дамыту, шығармашылыққа баулу.
б) тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге,
адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, бекіту, қорытындылау, бағалау, сөздікпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бүктеме, бейнелі суреттер, реферат.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жүмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: кіріспе, ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен сәлемдесу.
ә) Кезекші мәлімдемесі.
б) Журнал бойынша түгелдеу.

Үй тапсырмасын сұрау
Сөз құдіреті жайлы сұраймын.
2. Қосымша сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қорытындылай - мың
3. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

Жаңа сабақты түсіндіру.
Батырлар жыры - көлемі жағынан да, мазмұн - мәні жағынан да қазақ фольклорында ауқымды орын алатын аса көрікті жанрлардың бірі.
Батырлар жырының басты тақырыбы - ерлік, батырлық, елді сыртқы жаулардан қорғау. Елді, жерді сүю, Отан қорғау мәселесі - қай жырдың болмасын алтын арқауы. Онда ел басынан өткен елеулі оқиғалар нақты бейнеленбегенмен де, тарихи кезеңдердің тобы айқын байқалып отырады. Елдің әрідегі ескілігін жырға қосатын көне эпостарда («Құламерген», «Жоямерген», «Дотан батыр», «Құбығүл», т. б.) тарихи оқиғалар тым көмескі тартып, қиял - ғажайыптық сипат басым болса, одан беріректе туған қаһармандық эпостарда («Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Едіге», «Қамбар», т. б.) тарихи оқиғалар сілемі нақтырақ көрініс береді. Ал аты мәлім тарихи тұлғаларды (Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Кенесары, Наурызбай, Ағыбай, Есет, Жанқожа, т. б.) жырға қосатын шығармаларда тарихи деректілік тіптен басым. Яғни батырлар жыры - елдің азаттықка ұмтылған күрес жолының ерлік шежіресі. Халықтың елге қорған болған айбынды адал ұлдарына сөзден соққан ескерткіші.
Батырлар жыры елдің сан ғасырлық тарихын, ерлік дәстүрін, кезеңдік оқиғаларға деген халық бағасын, алдан күткен үміті мен аңсар - мұратын көркем жинақтап бейнелейді. Ол тарихтың салқар кешінде жиі қайталанатын соғыстар мен шайқастардың жылнамасы емес, ел есінде ерекше қалған елеулі оқиғаларды жинақтай бейнелейтін көркем туынды. Халықтың оны ерекше қастерлеп, сүйсіне жырлап, ұрпақтан ұрпаққа мұра етуінің тағы бір сыры ондағы отаншылдық идеяның ерекше асқақтығында. Халықтың арман - мұңының үнемі алдыңғы кезекте тұратындығында.
Батырлар жырын фольклордың басқа эпикалық жанрларынан өзгешелейтін өзіне төн белгілері бар.
Ең алдымен оның басты каһарманы - батыр. Батырлар жырының барлығында ол әдеттен тыс жағдайда дүниеге келеді. Бір балаға зар болған ата - анасы оны тәңіріден тілеп алады. Ғайыптан туған ол жастайынан алып күштің иесі және тез ер жетеді. Алғашқы ерлігін өзіне жар таңдау сапарында көрсетеді. Оның жары да өзіне сай ер мінезді, ақыл - парасатқа бай, сезімтал, айнымас жолдас болып келеді. Жырда батырмен ажырамастай бірлікте сипатталатын бейненің бірі — оның аты. «Ат — ердің қанаты» деген нақылға берік халық жырларында ат - батырдың ең жақын серігі. Батырдың аты жырда ерекше әсірелене суреттеледі. Ол «алты ай жорытса арымайтын» жауға мінетін тұлпар ғана емес, қысылған жерде батырға ес қосатын ақыл иесі болып көрінеді. Сол сияқты батырлар жырында "Қобыланды сонда сөйлейді, сейлегенде бүй дейді», «Қорамсаққа қол салды, бір салғанда мол салды» деген сияқты тұрақты қайталаулар болады.
Батырлар жырының сюжеттік желісі батырдың балалық шағынан басталып, түрлі жорықтарын, ерлік істерін баяндайтын қызғылықты оқиғаларға құрылады. Олардың жаумен шайқасы аса тартысты, жау батырлары кейде оның өзінен де қайратты болып келеді. Бірақ азаттық, әділдік жолындағы батыр күресі әрқашан жеңіспен аяқталады. Жыр ағымымен келетін батырлық эпостардың тілі аса көркем, айшықты шектен тыс кішірейтіп суреттейтін әсірелеулер мол. Батырлар жырын жыршылар сазды мақаммен апталап жырлайтын болған.

Жаңа сабақты бекіту
1. Ертегілер мен батырлар жырларын салыстырыңдар, қандай
айырмашылықтар байқайсыңдар?
2. Батырлар жырында ерлік, батырлық, ел қорғау мәселесінің, алдыңғы кезекте болатындығы неліктен деп ойлайсыңдар?
3. Батырлар жырына тән сипаттар қандай?
4. Батырлар жырының кейіпкеріне айналған қандай тарихи тұлғаларды білесіңдер? Олар тарихта қандай ерліктер көрсеткен?

Мәтінмен жұмыс.
• Мәтінді бір - бірден оқып, түсінгендерін баяндайды.
• Сөздікпен жұмыс жасайды.

Сабақтың қорытындысы.
Бағалау:
• Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Үйге тапсырма:
• "Қобыланды батыр" жырын оқып, мазмұндау, мәтін бойынша сурет салу.
9 473
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Батырлар жыры туралы түсінік. Қамбар батыр жыры
Батырлар жыры туралы түсінік. Қамбар батыр жыры
Батырлар жыры -- ауыз әдебиетінің қомақты да асыл мұрасы. Оларда елін сыртқы жаулардан қорғау, елінің, халқының тәуелсіздігін сақтау мұраты басым. Қазақтың батырлар жырларында тарихи оқиғалардың ізі жатыр.
«Қобыланды батыр» жыры. Кейіпкерлер бейнесі
«Қобыланды батыр» жыры. Кейіпкерлер бейнесі
Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама - қарсы суреттеулерді табу.
Алпамыс батыр жыры
Алпамыс батыр жыры
Батырлар жыры туралы түсініктерін кеңейту, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру; Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін арттыру;
Әбдіжәміл Нұрпейісов «Балықшылар»
Әбдіжәміл Нұрпейісов «Балықшылар»
Ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой - пікірін қалыптастыру.
Батырлар жыры «Қамбар батыр» жыры
Батырлар жыры «Қамбар батыр» жыры
Батырлар жыры, олардың тақырыбы мен ортақ идеясы, халық тарихымен байланысын түсіну, кейіпкерлері, халық арманы туралы түсінік беу. Батырлар жырларын тақырып, мазмұн жағынан өзара салыстыра отырып таныту.
Батырлар жыры «Қобыланды батыр»
Батырлар жыры «Қобыланды батыр»
Мухамедрахимова Гульжанар Жаскайратовна - бастауыш сынып мұғалімі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×