Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ тілінен күнделікті жоспар. Жинақтық, болжалдық сан есімдер.

16 қыркүйек 2016, Жұма
Қазақ тілі пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар. 6 сынып
барлығы: 102 сағат.
ІІ тоқсан
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 6 сынып.
Тақырыптар:
11. Жинақтық, болжалдық сан есімдер.
12. Топтау, бөлшектік сан есімдер
13. Сан есімнің емлесі.
14. Сан есімнен өткенді қайталау.
15. Есімдік туралы түсінік. Жіктеу есімдігі.


12. Сабақтың өтілетін мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Жинақтық, болжалдық сан есімдер.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға жинақтық және болжалдық сан есімдер жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой - пікірін калыптастыру.
ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ - жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Кезекші мәлімдемесі.
3. Журнал бойынша түгелдеу.
4. Жаңа сабаққа дайындық.
ә) Үй тапсырмасын сұрау.
1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
3. Дәптерлерін алмастыру.
4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау. Білімді тексеру кезеңі.
а) Сан есім деген не?
ә) Құрамына қарай нешеге бөлінеді?
б) Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
в) Есептік, реттік сан есімдер деген нс, олар қалай жасалады?
б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Жинақтық және болжалдық сан есімдер» тақырыбы жайлы түсіндіремін.
Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу, қаншау деген Сұрақтарға жауап береді. Бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге - ау, - еу жүрнағы жалғану арқылы жасалады.
Болжалдық сан есімдер заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжалдап керсетеді де, қанша, неше, қаншадан сияқты сұрақтарға жауап береді.
Түсінгенін тексеру. Жинақтық сан есім деген не? Ол қалай жасалады? Болжалдық сан есім деген не? Ол қалай жасалады?
Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 169 - жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Берілген есептік сан есімдерден болжалдық сан есімдер жасап, оларды сөзбен жазыңдар.

Келесі тапсырма: 170 - жаттығу жұмысының орындалу шарты төмендегідей: Сөйлемдерді көшіріп жазып, болжалдық сан есімдердің жасалу жолына көңіл бөліңдер, оларға сұрақ қойыңдар.
Келесі тапсырма: 171 - жаттығу жұмысының орындалу шарты мынадай: Берілген сан есімдерді қатыстырып, ауызша сөйлемдер құраңдар.

Жаңа сабақты бекіту жұмыстары. 1. Сөзжұмбақ шешкізу. Сөзжұмбақты дұрыс шешкен кезде, тігінен болжалдық, деген сөз шығады.
1. Араның сыйы (бал)
2. Мұздасаң жылытатын (от)
3. Ешкінің баласы (лақ)
4. Жыл мезгілі (жаз)
5. Жеміс аты (алма)
6. Балшық түрі (лай)
7. Тынығатын күн (демалыс)
8. Суық сезінің антонимі (ыстық)
9. Жыл атауы (қоян).
2. Сюжетті суреттерді ала отырып мәтін құрау. Мәтіндегі сөйлемдер - ден сан есімді табу.

З. Үлестірмелі кеспе қағаздарымен жұмыс.
№1 Жинақтық сан есімді тап. Біреу, екеу, жетеу, От пен отын, көсеу, Сонда бәрі нешеу? №2
Жұмбақты шеш. Сан есімді тап. Екі айнасы, Екі найзасы бар. Төрт сылдырмағы, Бір шыбыртқысы бар.
№3 Жұмбақты шеш. Сан есімнің түрін ажырат. Төртеуі тұрады, Біреуі жейді. Біреуі аула сыпырады.
№4. Болжалдық сан есімдерді тап. Қалай жасалғанын ата. Жиырма бестей арғы атамыз, Сонша жасап бергі атамыз. Өз атамыз — жиырмада, Бізге сол жас бұйырмай ма?

Сабақтың қорытындысы:
1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
3. Үйге тапсырма: 167 - жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Ребусты
шешіңдер. Құрамында сан есімі бар не мақал, не мәтел, не нақыл сөз бойынша өздерің де
рубус құраңдар.
Келесі тапсырма: 168 – жаттығу жұмысының орындалу шарты төмендегідей: Екеу, үшеу, төртеу боп ойнайтын ойын түрлерін естеріңе түсіріңдер. Жинақтық сан есімді, өздерің білетін ойын туралы сөйлем құрастырып жазыңдар.
Тексердім:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
3 415
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жинақтық сан есім. Алматыға барғанда.
Жинақтық сан есім. Алматыға барғанда.
- Сан есім дегеніміз не? - Сан есімдер қалай топтарға бөлінеді? - Есептік сан есімдерге мысал келтіріңдер. - Реттік сан есім қалай жасалады? - Жинақтық сан есімнің жұрнақтарын ата.
Мәтін және сөздің мағынасы. Күнделікті сабақ жоспары
Мәтін және сөздің мағынасы. Күнделікті сабақ жоспары
Мәтін және сөздің мағынасы жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой - пікірін қалыптастыру. Ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.
Тест. Қазақ тілі 6 сынып
Тест. Қазақ тілі 6 сынып
Қазақ тілі 6 сынып. ІІ тоқсанда өткен тақырыптар бойынша тест жұмысы.
Сан есім
Сан есім
Атырау облысы, Атырау қаласы № 3 мектеп - гимназиясы орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні мұғалімі Юсупова Айнур Мадениетовна
Сан есімдердің біздің өміріміздегі маңызы
Сан есімдердің біздің өміріміздегі маңызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Жекеева Гүлнар
Жинақтық, болжамдық сан есімдер
Жинақтық, болжамдық сан есімдер
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бақытжанова Зина Айдарбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×