Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кіріспе сабақ (күнделікті сабақ жоспары 6 сынып)

18 қыркүйек 2016, Жексенбі
Қазақ тілі пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар. 6 сынып
барлығы: 102 сағат.

Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 6 сынып.
Тақырыптар:
1. Кіріспе сабақ
2. Қазақ тілінің қоғамдық рөлі.
3. Әдеби тіл және оның нормалары.
4. Әдеби тіл мен мәтіннің байланысы.
5. Сөз байлығы және мәтін


Сабақтың тақырыбы: Кіріспе сабақ.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға қазақ тілі — қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тілі екендігі жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой - пікірін
қалыптастыру.
ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: кіріспе сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, Сұрақ - жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Кезекші мәлімдемесі.
З. Журнал бойынша түгелдеу.
4. Жаңа сабаққа дайындық..

ә) Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға кіріспе сабақ жүргіземін..
Адам баласы тек білім арқылы ғана дүниені таниды, табиғаттың құпия сырларын ашады, ғылымды дамытады, техниканы өрістетеді, қоғамды ілгері бастырады. Білім арқылы өткен тарихын таниды, одан тағылым алады және болашағын болжап, келешекке бағыт белгілейді.
Білім, ең алдымен, тіл арқылы, әсіресе, ана тілі арқылы игеріледі. Демек, тіл, яғни ана тілі — білімнің негізгі құралы. Сондықтан ана тілінің осындай қасиетін ерекше бағалап, оны қадірлей білу керек. Ана тілі арқылы басқа халықтардың тілін оқып үйрену де жеңіл. Сонда ғана адамзат білімді меңгеріп, ғылымды игеріп, сол арқылы халқына, еліне пайда келтіре алады. Бұл айтылғандарды ақындардың өлеңдері мен халықтың өзі тұжырымдап шығарған мақал - мәтелдері де дәлелдей түседі.
Балалар, Бұл - жол басы даналыққа,
Келіңдер, түсіп, байқап, қаралық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?!
Даналык — өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та! (А. Байтұрсынұлы)

Сұрақтар мен тапсырмалар.
1. Өлеңдерді мәнерлеп оқыңдар.
2. Даналық, өшпес жарық деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
3. Бар қиынды тек қана ғылым жеңбек деген сөйлемді қалай түсінесіңдер?
4. Ахмет, Сұлтанмахмұт, Ыбырай аталарыңның осыдан әлденеше жыл бұрын айтқан ойлары қазір қалай дәл келіп тұрғанын түсіндіріп көріңдер.
5. Тастан сарай салғызды, Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызды, Аты жоқ құр арбаны мың шақырым жерлерге... барғызды. Адамды құстай ұшырды. Теңізде жүзді балықтай деген пікірлердің әрқайсысына бүгінгі өмірден нақты мысалдар келтіріңдер

6. Мақал - мәтелдерді оқып шығып, мәніне назар аударыңдар.
7. Өнер - білімге байланысты өздерің басқа да қандай мақал - мәтелдерді, нақыл сөздерді білесіңдер?
8. Оқу - білімге қатысты мақал не нақыл сөз шығарып жазыңдар. Сабақтың қорытындысы:
1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
3. Үйге тапсырма: өзіндік жұмыс: оқу, білім, өнер, еңбек, адалдық тақырыптарында мақал - мәтелдер мен нақыл сөздер жазып келіңдер.
Тексердім:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


6, 7, 8, 9, 10 сабақтарды қарау
11, 12, 13, 14, 15 сабақтарды қарау
16, 17, 18, 19, 20 сабақтарды қарау
21, 22, 23, 24, 25, 26 сабақтарды қарау
ІІ тоқсан 1, 2, 3, 4, 5 сабақтарды қарау
6, 7, 8, 9, 10 сабақтарды қарау
11, 12, 13, 14, 15 сабақтарды қарау
11 571
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілінен күнделікті жоспар. Жинақтық, болжалдық сан есімдер.
Қазақ тілінен күнделікті жоспар. Жинақтық, болжалдық сан есімдер.
Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу, қаншау деген Сұрақтарға жауап береді. Бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге - ау, - еу жүрнағы жалғану арқылы жасалады.
Сын есімнің жасалуы (күнделікті сабақ жоспары 6 сынып)
Сын есімнің жасалуы (күнделікті сабақ жоспары 6 сынып)
Сын есім құрамы жағынан негізгі сын есім және туынды сын есім болып бөлінеді. Ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде жұмсалатын сын есімді негізгі сын есім дейді. Мысалы; қара, көк, биік, таза, жақсы, сары, терең, т. б.
Сөздің түрлері. Атауыш, көмекші және одағай сөздер (қазақ тілінен күнделікті сабақ жоспары)
Сөздің түрлері. Атауыш, көмекші және одағай сөздер (қазақ тілінен күнделікті сабақ жоспары)
Сөйлемде қолданылған сөздердің мағыналары бірдей бола бермейді. Сөздердің көпшілігі белгілі бір ұғымның атауы болады да, жеке тұрғанда белгілі бір лексикалық мағынаны білдіреді.
Лексикадан өткенді қайталау. Күнделікті сабақ жоспары
Лексикадан өткенді қайталау. Күнделікті сабақ жоспары
Бүгінгі жаңа сабақта оқушылардың лексика тарауы бойынша алған білімдерін тексеру мақсатында жаттығу жұмыстарын жүргіземін. Алғашқы орындалатын тапсырма: 49 - жаттығу жұмысының шарты. Сөз тіркестерін, тұрақты тіркестерді жөне күрделі сөздерді бөлек -
Мәтін және сөздің мағынасы. Күнделікті сабақ жоспары
Мәтін және сөздің мағынасы. Күнделікті сабақ жоспары
Мәтін және сөздің мағынасы жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой - пікірін қалыптастыру. Ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.
Күнделікті сабақ жоспарлары. Ана тілінің қызметі
Күнделікті сабақ жоспарлары. Ана тілінің қызметі
Қазақ тілінен күнделікті сабақ жоспарлар (5 сынып) Тақырыптар: 1. Ана тілінің қызметі 2. Әдеби тіл туралы түсінік. 3. Әдеби тілдің ерекшеліктері. 4. Мәтін 5. Мәтіннің тақырыбы, құрылымы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×