Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұқағали Мақатаев (күнделікті сабақ жоспары)

30 қыркүйек 2016, Жұма
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ әдебиеті 9 сынып.
Тақырыптар:
56. І. Есенберлиннің поэзиясы
57. М. Мақатаев (1931 - 1976)
58. Ілияс Жансүгіров
59. Мұхтар Әуезов (1897 - 1961)
60. Мұхтар Әуезовтің әңгімелері, повестері(1897 - 1961)


Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев (1931 - 1976)
Сабақтың мақсаты:
а) Ақынның өміріне қысқаша шолу, поэзиясына талдау жасай отырып, ақын өлеңінің идеясын, мақсатын ұғындыру;
ә) ақиық ақынның жырларымен таныстырып, оқушылардың поэзия туралы түсініктерін сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту;
б) оқушыларға поэзияны сүйе отырып сұлулық пен махаббатты тануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, газеттер
Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау.
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Қазақ поэзиясында өзіндік жарқын із қалдырған дарынды ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев 1931 жылы ақпанның тоғызы күні Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Қарасаз деген жерде дүниеге келген. Анасы Нағиман Батанқызының айтуынша: «Мұқағалидың әкесі Сүлеймен шаруа адамы еді.... Тиын деген енем бар еді...
Мұқағали бастауыш сыныптарды Қарасаз өңіріндегі шағын ауылдарда оқып, үлкен мектепті аудан орталығы – Нарынқолдағы интернатта бітіріп шықты. Ауқаттылардың балалары Алматыға барып, үлкен оқу іздеп жатқанда, ол ауылдық кеңесте хатшы болып қызметке тұрды. Он төрт - он бес жасынан жаза бастаған өлеңінен қол үзген жоқ. Төбесі аласа үйге қалың - қалың кітаптарды үйіп тастап, бірінен кейін бірін оқитын да жататын. Ауылдың атқамінерлері сол кезде - ақ таңданатын: «Нағиман шеше, сіздің тентегіңіз осынша орысшаны қайдан үйреніп жүр» - дейтін... Сөйтсем, өзін - өзі оқытыпты ғой, шырағым».
М. Мақатаевтың ақындық қабілеті бала кезінде - ақ белгі берген. Бала кезінен көптің назарына іліккен Мұқағали ауыл арасындағы қағыс - айтыстарға да түсіп, әріптестеріне алдырмайды екен. 1962жылы Алматыға көшеді. Қазақ радиосында директор, «қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі болады.
өлеңдері «Отыздан асып барамын», «дариға, домбырамды берші маған», «Фариза», «Бір бала» т. б.
поэмалары: «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек! Райымбек»

Кітаппен жұмыс: Кітаптан Мұқағалидың өлеңдерін мәнерлеп оқиды.
Тақтамен жұмыс: Тақтаға бір шумақ өлеңін жазып құрылысына қарай талдайды.
Сен сүйген // орман // көлдерде 1 шумақ
Жыл сабып // құстар // келгенде 4 тармақ
Көк жиек // сонау // белдерден 11 бунақ
Сағынам // сағым көргенде 8 буынды.
Білімді бекіту: Оқушыларға тест сұрақтары беріледі
Білімді бағалау: Оқушыларды жауаптарына қарай бағалаймын.
Үйге тапсырма: М. Мақатаевтың өмірбаянын және поэзиясын оқып келуге беремін.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
2 327
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Поэмаға талдау жасай отырып, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы жайында игерген білімдерін тереңдету, поэманың идеясын, мақсатын ұғындыру.
Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой» күнделікті сабақ жоспары
Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой» күнделікті сабақ жоспары
Жамбыл Жабаевтың шығармаларынан мәлімет бере отырып, «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.
М. Мақатаев «Елім барда», «Анау – аспан, мынау – бақ» өлеңдері
М. Мақатаев «Елім барда», «Анау – аспан, мынау – бақ» өлеңдері
ХХ ғасырдың біртуар тұлғасы, поэзияның Хантәңіріне айналған ақын Мұқағалидың өміріне шолу жасай отырып, ақынның поэзиясына талдау жасап өлеңінің идеясын, мақсатын ұғындыру
Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ОЖББМ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Нұрғалиева Марзия Мубаракқызы
Мұқағали Мақатаев «Қайран, Қарасазым-ай!»
Мұқағали Мақатаев «Қайран, Қарасазым-ай!»
Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Қайран, Қарасазым - ай!»
Мұқағали Мақатаев
Мұқағали Мақатаев
Жамбыл обылысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кемпрекова Жанар Жансериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×