Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазтуған жырау (күнделікті сабақ жоспары)

30 қыркүйек 2016, Жұма
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ әдебиеті 9 сынып
Тақырыптар:
76. Қазтуған жырау
77. Доспамбет жырау
78. Шалкиіз жырау
79. Ақтамберді жырау
80. Үмбетей жырау


Сабақтың тақырыбы: Қазтуған жырау
Сабақтың мақсаты: а) Қазтуған жыраудың еңбектеріне тоқтала отырып, шығармаларының идеялық мазмұнынын талдау, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау, қорытынды жасау;
ә) білімділік танымын, шығармашылық қабілетін, тілдік қорын, ізденістерін арттыру;
б) еңбексүйгіштікке, мамандық таңдай білуге, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, тірек сызбалар т. б
Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Ол өзін "айдаса қойдың көсемі", "сөйлесе қызыл тілдің шешені", "буыршынның бұта шайқар азуы", "бидайықтың көл жайқаған жалғызы" деп таныстырады. Қазтуған жырау тайпалар көсемі, отты биі, әскербасы, орақ тілді шешен, арқалы ақын болған. Қазтуған жырларының арқауы - туған елі, кіндік кескен, кір жуған жері. Оны ақын тебірене жырға қосады.

"Салп - салпыншақ анау үш өзен,
Салуалы менің ордам қонған жер",
"Жабағы менен тайы тең,
Жары менен сайы тең",
"Ботташығы бұзаудай,
Боз сазаны тоқтыдай,
Балығы тайдай тулаған,
Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,
Балығы көлге жылқы қаптырмас,
Сөйткен менің, Еділім", —
деп, Еділіне перзенттік қалтқысыз сезімін емірене өрнектейді. Ақын өз жырларында батырлықты, ерлікті, елдікті дәріптейді. Оның жырындағы:
Балдағы алтын құрыш болат,
Ашылып шапсам деп тартар,
Сусыным қанға қанар деп,
Азамат ердің баласы
Жабыққанын білдірмес,
Жамаңдар мазақ қылар деп, —
деген жолдардан мұны байқау қиын емес.
Өзі де қылышын "сары жүн оққа толтырған" батыр болған.
Кітаппен жұмыс: Кітаптан «Салп - салпыншақ үш өзен». өлеңін мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Қазтуған жыраудың шығармаларын оқып келуге беремін.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
4 386
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы»
Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы»
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен еңбектеріне тоқтала отырып, әңгіменің идеялық мазмұнына талдау, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау, қорытынды жасау;
Қазтуған жырау. «Алаң да алаң, алаң жұрт» өлеңі
Қазтуған жырау. «Алаң да алаң, алаң жұрт» өлеңі
Қазтуған жырау және оның толғаулары туралы жан - жақты мәлімет беру, шығармаларының көркемдік әлемін таныту, жырларының шығу тарихы мен шығарма мазмұнына әдеби талдау жасату;
Бұқар жырау Қалқаманұлы (күнделікті сабақ жоспары)
Бұқар жырау Қалқаманұлы (күнделікті сабақ жоспары)
Бұқар жыраудың еңбектеріне тоқтала отырып, шығармаларының идеялық мазмұнынын талдау, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау, қорытынды жасау
Ахмет Йасауи хикметтері (күнделікті сабақ жоспары)
Ахмет Йасауи хикметтері (күнделікті сабақ жоспары)
Ахмед Ясауи өзінің «Хикмат» атты өлеңінде софылық ілім негіздерін баяндайды, тұрмыс - тіршілікке тартымды кеңестер береді, байлыққа құмар болмауға шақырады, әділеттілікті жақтайды.
Ақтамберді жырау
Ақтамберді жырау
Астана қаласы, №36 орта мектебінің қазақ тілі әдебиеті пәні мұғалімі Тұрсынхан Г. Т
Лиро - эпостық жырлар
Лиро - эпостық жырлар
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Кошбаева Алтынгүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×