Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сан есімнің сөйлемдегі қызметі

15 қараша 2016, Сейсенбі
Қазақ тілі 7 сынып
Тақырыбы: Сан есімнің сөйлемдегі қызметі (екінші сағат)
Мақсаты: Тақырып бойынша алған ақпараттарды өмірде қолдана білуін қалыптастыру. Сан есімнің сөйлемдегі қызметі туралы білімдерін кеңейту. Сабақтан алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты: болжау жасау, сөйлемдерді талдау, салыстыру жасау арқылы оқушылардың қиялын дамытады. Ойын еркін жазуға үйренеді. Топтық жұмыс үрдісіне байланысты: бірлесе жұмыс жасай отырып, өз пікірін білдіруге, дәлелдеуге үйренеді.
7 модульдің қолданылуы: АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

Қолданылатын әдіс - тәсілдер: «Кім жылдам?»,»Миға шабуыл», «Ойлан тап», «Тапқырлығыңды таныт!»
Қолданылатын ресурстар: Жауап парағы, қима қағаздар, тақта
Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын сұрау
Білу
Түсіну
Қолдану
Талдау
Жинақтау
Бағалау

Рефлексия
Оқушыларды сұрақ белгісі арқылы топқа бөлу
Алтын ереже құру қажеттігі туралы айту.
Әр топқа бағалау парағын таратып беру.
Топ басшысы оқушыларды бағалап отыру

74 - жаттығу
«Миға шабуыл» Интерактивті тақтаға «Қайталау – оқу айнасы»
1 «Кім жылдам?» Сан есім қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр?
(дәптермен жұмыс)
Берілген « Сіз кіммен доссыз?» бейнеролигі бойынша тапсырмалар.
«Ойлан, тап!» Көп нүктенің орнына керекті сан есімдерді қойып жаз. Сөйлем мүшесіне талда.
«Кім жылдам?» Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талда.
«Даналық ағашы»
Оқушылар тақтадағы ағашқа түрлі - түсті алмаларды жапсыру арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
Қызыл – сабақ өте қызықты өтті. Маған бәрі ұнады.
Сары – маған сабақ ұнады, бірақ мен барынша орындай алмадым.
Көк – мен бәрін орындадым, алайда маған сабақ қызықты болмады.
Жасыл – менің ішім пысты, мен ештеңе орындамадым. Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.
Топ ішінде тәртіп ережелері талданып, сол арқылы сыныптың алтын ережесін құрады.
Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады.

Үй тапсырмасын оқиды
Мұғалімнің жазбалары:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түрлі – түсті сұрақ белгілері арқылы үш топқа бөлу.
Үй тапсырмасын сұрау.
Білу. «Миға шабуыл» Интерактивті тақтаға «Қайталау – оқу айнасы» әр түрлі деңгейдегі сұрақтар беріледі,
1. Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді? (дара, күрделі)
2. Реттік сан есімнің жұрнақтарын ата (ыншы, інші, ншы, нші)
3. Сан есімнің түрленуі дегеніміз не? ( жалғауларды қабылдауы)
4. Жинақтық сан есімдер қай жалғауларды қабылдайды? (барлық)
5. Жетіге дейін ғана саналатын қай сан есім? (жинақтық)
6. Топтау сан есімінің сұрақтарын ата (нешеден, қаншадан?)
7. Болжалдық сан есімге мысал келтір( отызға тарта, жүзге жуық)
8. Сан есім сөйлемде қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады? (барлық)
9. Сан есім ілік септікте заттанып тұрып қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады? (анықтауыш)
10. Сан есім қандай жағдайда баяндауыш болады? (Жіктеліп келіп немесе көмекші етістіктермен тіркесіп келіп)
11. Сан есім атау септікте тұрып қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады? (бастауыш)
12. Сан есім «Біз екі - екіден бөліндік» сөйлемінде қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр? (пысықтауыш)
13. Сан есім атау мен ілік септіктен басқа септіктердің бірінде келіп қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады? (толықтауыш)
14. «Мендегі бар кітап саны — жеті» сөйлемінде сан есім қай сөйлем мүшесі? (баяндауыш)
15. Бөлшектік сан есімге мысал келтір (бір бүтін оннан алты)
16. Жиырма бес, қырық алты сандары құрамына қарай қандай сандар? (күрделі)
17. Жинақтық сан есімнің сұрақтарын ата (нешеу, қаншау)
18. Шамалы, шақты, тарта, жуық көмекші сөздердің тіркесуі арқылы жасалатын сан есім? (болжалдық)
19. «Біреуінің іздегені – мен» сан есім қай сөйлем мүшесінің қызметін атқырып тұр? (анықтауыш)
Түсіну.
1 «Кім жылдам?» Сан есім қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр?
(дәптермен жұмыс)
І топ
1. Машинада үш адам отыр
2. Оның бірі — жалаңбас, кең маңдайлы, ғалым пішіндес адам.
3. Сен үйдің бесіншісісің.
ІІ топ
1. Облыста он бес аудан бар
2. Алтауы осында отыр
3. Жиналысқа қатысушылар бір - бірлеп сөйледі
ІІІ топ
1. Бестен үшті алса, екі қалады
2. Оның жасырған саны - он екі
3. Ат баспаймын деген жерін үш басады.

Қолдану.
1. Берілген « Сіз кіммен доссыз?» бейнеролигі бойынша тапсырмалар.
І топ Сан есімдерді араластырып бейнероликке байланысты өз пікіріңді жаз.
ІІ топ Достық туралы мақал жазып морфологиялық талдау жаса( тақтамен жұмыс)
ІІІ топ Сан есімдерді араластырып бейнероликтің тәрбиелік мәнін ашып жаз.

1. «Тапқырлығыңды таныт!» Адасқан сөздерді өз орнына қойып мақал - мәтел құрастыр, сан есімдер қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын анықта. (Тақтада қорғау)
І топ
1. Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді
2. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
3. Отыз тістен шыққан сөз, Отыз руға тарайды.
ІІ топ
1. Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы болсын
2. Бірінші байлық – денсаулық, Екінші байлық – ақ жаулық, Үшінші байлық – он саулық.
3. Біреу жаныңа жолдас, біреу малыңа жолдас

ІІІ топ
1. Мыңның жүзін білгенше, Бірдің атын біл.
2. Жеті қарақшыны таныған, жеті күнде адаспас.
3. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
Талдау. «Ойлан, тап!» Көп нүктенің орнына керекті сан есімдерді қойып жаз. Сөйлем мүшесіне талда.
І топ
Білекті........ жығар,
Білімді........ жығар. (мақал)
ІІ топ
Атадан...........,
Анадан..............,
Жалғыздық көрер жерім жоқ. (Абай)
ІІІ топ
Аласыға........ аз, бересіге............... көп.(мақал)
Жинақтау. «Кім жылдам?» Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талда.
І топ
1. Екеумізді достасқан тілек қосты.
Айнымайтын сенімді жүрек қосты.
2. Кедейлердің бір - екі жүз қарасын көрдік
3. Қырық үйдің ортасында екі жүздей қой - ешкісі бар

ІІ топ
1. Сексен көл Көкшетаудың саясында
2. Арада екі жаз өтті
3. Жиырма бесінші мамырда туыппын

ІІІ топ
1. Әйелің жақсы болса.
Бірінші - иманың,
Екінші - жиғаның.
2. Екеуіне сүйсінумен өтермін.
3. Ән айтатын өнерпаздар — осы үшеуміз.
Сабақты бекіту. Семантикалық карта

Маңғыстау селосы, Мұнайлы ауданы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Базарбай Әсия Базарбайқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 655
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғабиден Мұстафин. Дауылдан кейін романы
Ғабиден Мұстафин. Дауылдан кейін романы
Ғабиден Мұстафин. Дауылдан кейін романы Мақсаты: Тақырып жайлы оқушылар түсіне отырып топпен романның кейіпкерлерімен танысады, сипаттау арқылы білімдерін жетілдіреді.
Адам – мәдениетті жасаушы
Адам – мәдениетті жасаушы
7 модульдің қолданылуы АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Елдің жаңа орталығы – Астана
Елдің жаңа орталығы – Астана
Қазіргі Елорда Астана қаласы жайында, оның тарихы, Алматыдан астананы Ақмолаға көшірудің алғышарты жайында оқушыларға жалпылама мағлұмат беру, Елорда жайында білімдерін кеңейтуге жағдай жасау.
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Зат есімнің септелуі
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі мен зат есімді қайталау Өз білімін тәжірибеде қолданады;
Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
Сын есімнің сөйлемдегі қызметін меңгерту, өткен сабақтармен байланыстыру, сөйлем ішіндегі сын есімнің қызметін дұрыс табуға, оқушының өзіне талдату арқылы өздігінен қорытынды шығарту.
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелу жүйесін және септік жалғауларының емлесін меңгереді, сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білуге үйренеді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×