Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кел, Жаңа жыл!

28 қаңтар 2017, Сенбі
Тақырыбы: Кел, Жаңа жыл!

Мақсаты:
Жаңа жыл мерекесі туралы тақпақтарды меңгеру, барыс және жатыс септіктерінің жасалуын қайталау, сөйлеу дағдысын қалыптастыру, есте сақтау, сауатты жазуға дағдылану.
Күтілетін нәтиже:
Балалар өлең шығара алады, барыс және жатыс септіктерін ажырата алады, сөздік қорлары молаяды, ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады, еркін сөйлейді, идея айтады, қорытынды жасайды.
Сабақтың түрі: ашық сабақ.
Сабақтың әдіс – тәсілі: ИКТ, сұрақ – жауап, аударма, сөзжұмбақ, ыстық орындық, ИНСЕРТ, блоб ағашы.
Қолданылған модульдер: АКТ, СТО, жас ерекшеліктеріне сай тапсырмалар, дарынды оқушылар, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, көшбасшылық, бағалау
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, үлістерме қағаздар, көрсетілім.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, бейнелеу өнері.
Сабақ барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі.
А) амандасу
Ә) ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін оқушылар бір - біріне жақсы тілектер айтады. Мысалы: Мен саған бақыт тілеймін.
Б) кезекшімен сұхбат

II. Үй жұмысын тексеру. Ыстық орындық әдісі арқылы Жаңа жыл туралы тақпақтарды сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ
1) Сөзжұмбақ шешеміз:
1. Шыршаның түсі
2. Біздің елордамыз
3. Аю – ол не?
4. Қыста не жауады?
5. Қыстың бірінші айы
6. Қазір қай жыл мезгілі?
7. «Снеговик» сөзінің аудармасы
- Балалар, сөзжұмбақта қандай негізгі сөз жасырынып тұр екен? Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не жайлы болмақ? Дұрыс, бүгінгі тақырыбымыздың аты - Жаңа жыл және грамматикалық тақырыбымыз – барыс және жатыс септіктері. 2) Ассоциация. Топтастыру.
Балалар, Жаңа жыл сөзін естігенде қандай сөздер ойларына келеді? Жаңа жылда біз не істейміз? (ән айтамыз, би билейміз, сыйлық сыйлаймыз, тілек айтамыз)

3) Грамматикалық тақырыпты қайталау.

4) Кеспе қағазбен жұмыс. Жұппен орындау.
1 - тапсырма. Төмендегі сөздерге барыс, жатыс септіктерінің жалғауларын жалғап жазыңдар.
Аяз Ата, қыс, қар, ертеңгілік, Жаңа жыл, мереке, мезгіл, әшекей, ән, дастарқан, аққала, шырша. (интерактивті тақтада дұрыс жауапты қарап тексереді)

5) Сөздік жұмыс.
тойлады – праздновали
қуанышты – радостный
сықырлайды – скрипит
қызығына тоймаймыз – не нарадуемся
ертеңгілік – утренник
бақытты бол – будь счастлив

6) Ауызша тапсырма. 2 - тапсырма, 106 - бет.
Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.

7) Оқулықпен жұмыс. 3 - тапсырма.
Мәтіннен барыс және жатыс септігінде тұрған сөздерді көшіріп жазып, оларға сұрақтар қойыңдар.
Мысалы: мектепте – Ж. с. қайда?
мерекесіне – Б. с. несіне?

8) Оқушыларға өлең құрастыру үшін дайын ұйқастар беріледі, 3 минуттың ішінде өлең шығару керек.
.......................... салқындайды,
.......................... сықырлайды,
............................ аппақ боп
........................... жылтырайды.

.......................... ойнаймыз,
.......................... тоңбаймыз,
........................... шаттанып
........................... тоймаймыз.
1 511
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша туралы білімдерін дамыту, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Тілін, сөздік қорларын дамыту.
Inkscape векторлық графикасының редакторы
Inkscape векторлық графикасының редакторы
Inkscape бағдарламасының интерфейсін қолданып, бағдарламамен жұмыс жасау тапсырмалары арқылы, құралдармен командаларды қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.
Anger. (Ашуланшақ, ренжігіш)
Anger. (Ашуланшақ, ренжігіш)
Оқушылар өкпелеу сөзінің бірнеше синонимдерін біліп, оларды күнделікті және жұптық топтық талқылауларда қолданады және сөздік қорлары молаяды.
Көбейту, бөлу кестесін пысықтау
Көбейту, бөлу кестесін пысықтау
Өткен сабақтарды пысықтау тапсырмаларын орындау. Тапсырмаларды орындау барысында ойлау, есте сақтау дағдысын қалыптастырып, сыни ойлауға үйрену.
"Құстар айтысы" үнді ертегісі
"Құстар айтысы" үнді ертегісі
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, "М. Ломоносов атындағы орта мектеп" КММ бастауыш сынып мұғалімі Абраимова Н. С.
Қазақша сөйлейміз
Қазақша сөйлейміз
СҚО, Тайынша ауданы, Тайынша қаласының №2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рамазанова Сырға Қайырбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×