Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Төлеген Айбергеновтің "Ана" өлеңі

03 қараша 2017, Жұма
Әдебиет (8 - сынып)
Сабақтың тақырыбы: Төлеген Айбергеновтің "Ана" өлеңі
Мақсаты: - Ақын өмірімен таныстыру, өлеңді оқи отырып талдау.
- Оқушылардың тіл байлығын дамыту, ғылыми тілде сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
- Адамгершілікке, ананы құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа ұғымды меңгерту.
Сабақтың әдісі: Мәнерлеп оқу, баяндау, сұрақ - жауап, өлең құрылысына СКТ жасау.
Сабақтың көрнекілігі: Мультимедиа, (слайдтар)
Пәнаралық байланыс: Биология, география, физика пәндері.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Өткенді пысықтау
ІІІ Жаңа сабақ барысы
Төлеген Айбергеновтың “Ана”өлеңі
Өлеңді сатылай кешенді талдамас бұрын автордың өмірбаяны жөнінен мағлұмат беріледі.
Өлеңнің тақырыбын анықтау үшін алдымен өлең мәтінімен танысып, оқып, әр шумаққа мәтіндік талдау жасалады.
Өлең шумақтарына мәтіндік талдау жасау барысында мына суреттер пайдаланылды.
Жүрек Ай Жер тартылыс күші
Өлеңге мына саты бойынша сатылай кешенді талдау жасалады.
“Ана”өлеңі
1. Авторы – Төлеген Айбергенов. 8. 03. 1937 жылы Қарақалпақтың Қоңырат жерінде дүниеге келген. Чехов атындағы жеті жылдық мектепте оқыды. Чехов атындағы жеті жылдық мектепте оқыды. 1957 жылдан бастап баспасөздерде өлеңдері жариялана бастады. 1959 жылы Низами атындағы педагогика институтын бітірді. Өлең құрылысына жаңалық енгізген ақын. 1959 - 1962 жылдары Қоңырат орта мектебінде мұғалім. 1959 - 1962 жылдары Қоңырат орта мектебінде мұғалім. Қазақстан Жазушылар одағының әдебиетті насихаттау бюросында ұйымдастырушы. 1967 жылы өмірден өтті. 1974 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді. Жастарға арналған Т. Айбергенов атындағы әдеби сыйлық бар.
2. Өлеңнің тақырыбы - ақынның ана атаулыға сүйіспеншілігі, құрметі, махаббаты.
3. Өлеңнің идеясы - ана атаулы жанды сыйлауға, құрметтеуге, аялауға ақырады. Идея дегеніміз автор тақырып арқылы өмір шындығын суреттегенде, оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өзінің арманын, қиялын, мақсатын, мүддесін білдіреді.
4. Жанр түрі – лирика, өлең. Өлең дегеніміз – қиыннан қиыстырылып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.
5. Өлеңде 6 шумақ бар. Шумақ дегеніміз аяқталған біртұтас ойды білдіреді.
6. Өлең 26 тармақтан тұр. Тармақ дегеніміз - өлеңнің әр жолы.
7. Өлеңде 4 бунақтан тұр. Бунақ дауыс ырғағына қарай бөлінеді.
8. Өлең 15 - 16 буынға құрылған. Буын сөздің құрамындағы дауысты дыбыстың санына қарай анықталады.
9. Өлең егіз ұйқасқа құрылған. ( а а б б ) Ұйқас дегеніміз - өлең тармақтарының соңғы сөздері үндес, дыбыстары да бірегей жақын, ол өлеңнің бүкіл бітімімен, мазмұ - нымен тамырлас.
10. Әдеби теориялық ұғымдар.
Эпитеттер – қасиетті жер, сұлу әлем, лапылдаған от, дөңгелек ғұмыр.
Теңеу – аң сияқты,
Тұрақты сөз тіркесі – қас қаққанша – тез, жылдам; Тасбауыр – қатыгез, мейірімсіз;
Дисфемизм – пасық
Жай қайталау – ана сөзі
11. Түсіндірме сөздік.
Шерменде – қайғы, қасірет, уайым
Даналық – кемеңгерлік, ойлылық.
12. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні – ананы сүю, қадірлеу.
Өлең талданып болған соң бейнебаяннан «Ана жүрегі» деген ән мен, күйді тыңдатамын, ондағы болған оқиғалар өлең жолының қай шумақтарына сәйкес келетінін анықтатам. Содан соң мына сұрақ бойынша пікірталас ұйымдастырамын.
Сұрақ: - Адамның безбүйректеніп кетуінің себебі неде?
Ананың құдіреті туралы аңыз айтылады. (Уәзір мен патша туралы)
Хадистерден мысал келтіру.
Үш түрлі қасиет бар – міне, сол үшеуіне ие болған адамдарға АЛЛА қиямет күні мейіріммен қарап, жаннатқа кіргізе - ді. Олар:
1. Барға мастанбаған, жоққа жасымағандар.
2. Ата - анасына мейірімді болғандар.
3. Қол астындағыларға қадірлі болғандар.
Үш түрлі адамдар бар - оларға пейіштің есігі жабық. Олар:
1. Ата - анасының қарғысына ұшырағандар.
2. Ішкілікке мүлдем салынып кеткендер.
3. Берген қайыр - садақасын не жақсылығын міндет қылушылар.
4. Қорытынды.
Білімді бекіту мақсатында, анаға деген өз сезімдеріне ойтолғау жазады.
5. Үйге тапсырма: өлеңді мәнерлеп жаттау.
6. Бағалау.

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,
№6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Опа Анар Жасұланқызы
2 896
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Төлеген Айбергенов «Ана»
Төлеген Айбергенов «Ана»
Ақын өмірімен таныстыру, өлеңді оқи отырып талдау. Оқушылардың тіл байлығын дамыту, ғылыми тілде сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Ахмет Байтұрсынұлы «Қара бұлт», «Анама хат»
Ахмет Байтұрсынұлы «Қара бұлт», «Анама хат»
Ахмет Байтұрсынов - тілші, әдебиетші, көркемсөз шебері, ақын, аудармашы, қоғам қайраткері екенін таныту. Өлеңнің мазмұнын меңгерте отырып, идеясын ашу, сатылай кешенді талдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
«Қызықты грамматика» үйірмесінде «Сатылай кешенді» талдау технологиясын үйретудің тиімділігі.
«Қызықты грамматика» үйірмесінде «Сатылай кешенді» талдау технологиясын үйретудің тиімділігі.
Оқушылардың қызықты грамматика үйірмесінде сатылай кешенді талдауының ғылыми мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрлысын сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлеу.
«Өсіп келе жатырмын» Төлеген Айбергенов
«Өсіп келе жатырмын» Төлеген Айбергенов
Төлеген Айбергеновтің «Өсіп келе жатырмын» атты өлеңін мәнерлеп ырғағына келтіріп оқуға, түсінгенін әңгімелей білуге үйрету; ақынның кейіптеу кезіндегі пайдаланған әсерлі сөздерінің түйінін ашуға жағдай жасау.
Шәкәрім Құдайбердиев «Қалқаман - Мамыр поэмасы»
Шәкәрім Құдайбердиев «Қалқаман - Мамыр поэмасы»
Қызылорда обылысы, Байқоңыр қаласы, Ю. А. Гагарин атындағы №8 жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Затова Нұргүл Айтбековна
Сатылай кешенді талдау. Сәбит Мұқанов "Сұлушаш поэмасы"
Сатылай кешенді талдау. Сәбит Мұқанов "Сұлушаш поэмасы"
Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анар Арыстанғалиева Баяндама: Әдебиет сабағында «Сатылай кешенді талдау” технологиясын пайдаланудың тиімділігі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×