Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Буын түрлері

25 желтоқсан 2012, Сейсенбі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы,
М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Полатова Айнұр Мүслімбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Буын түрлері
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға буын және оның түрлері жайында жалпы мағлұмат бере отырып, ашық буынды, тұйық буынды, бітеу буынды жаттығу жұмыстары мен тапсырмалар арқылы меңгерту.
2. Тәрбиелік: оқушыларды еңбекке, ізгілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, фонетикалық талдау жасау дағдыларын арттыру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Буын туралы түсінік
2. 299,300,301-жаттығулар.

ІІІ. Жаңа сабақ. Буын түрлері
Буын жеке дауыстыдан және дауысты мен дауыссыз дыбыстардың тіркесінен жасалатын болғандықтан, оның құрамы үнемі бір қалыпты болмайды. Қазақ тілінде буынның үш түрі бар. Олар 1) ашық буын; 2) тұйық буын; 3) бітеу буын.

1. Ашық буын. Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыстыдан басталып, дауыстыға аяқталған буынды ашық буын деп атаймыз: а-ға, ба-ла, қа-ла т. б. Ашық буынның ішіндегі жалғыз дауыстыдан болған буынды жалаң буын дейміз: а-дам, а-та.
2. Тұйық буын. Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буынды тұйық буын деп атаймыз: ат, аз, ақ, өрт, ұл, ант, т. б.
Тұйық буынға жалаң буын қосатын болсаң, онда буын жігі өзгереді: өрт+і-өр-ті, оқ+ы-о-ғы, еп+і-е-бі, ек+ін-е-гін т. б.
3. Бітеу буын. Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған (дауысты дыбыс ортада келетін) буынды бітеу буын дейміз: тал, төрт, бар, жаз, кел, кең, қант, т. б.
Сөздік қорды құрайтын түбір сөздердің көбі тұйық және бітеу буынды болып келеді. Ашық буынның өз алдына сөз болуы өте сирек.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Талдау жұмысы
Әр оқушы өз туған мекенінің атауына фонетикалық талдау жасайды.
Ал –тұйық буын
ма – ашық буын
ты –ашық буын
а – дауысты, жуан, ашық, езулік
л – дауыссыз, үнді ауыз жолды.
м – дауыссыз, үнді, мұрын жолды
т – дауыссыз, қатаң.
ы – дауысты, жуан, қысаң, езулік.

Аулада ойнап жүр едік, екі атты адам бір үйір түйені қуалай айдап, мал қораға кіргізді. Қызық көріп қасына бардық. Түйелердің ішінде менің назарым ауғаны – боталы ақ інген. Інгеннің өзіне айнымай ұқсаған сүттей аппақ кішкене ботасы бар. Шудалары ақ жібектей желкілдеп, тұла бойын басқан аппақ ұлпа жүндері мақтадай үлбіреп тұр. Қап-қара мойылдай дөңгелек үлкен көздері жәудіреп, еріксіз қызықтырады. Әжемнің «Ой, ақ ботам» деп мені аймалайтыны есіме түсіп, мен де әжеме дәл осындай әдемі көрінем бе екен деп ойладым.
Түйелерден сескенгендіктен, ұмтыла жүгіріп баруға батылым жетпей тұр едім, ақ бота маған жақындап келіп, өзіндей бала екенімді сезіп ойнағысы келді ме, әйтеуір, мойнын созып, мені иіскеледі. Сол сәттен бастап мен ақ ботаға бауыр басып кеттім.
(Т. Әубәкіров)

3. Семантикалық картамен жұмыс.
Фонетика тарауын қайталау.

Әріптер Тілдің қатысына қарай--------Жақтың қатысына қарай --------Ерін мен езудің қатысына қарай
---------------жуан /жіңішке ------------------ ашық /қысаң -------------------------еріндік /езулік
А
Ә
Е
И
О
Ө
Ұ
Ү
У
Ы
І
Э
V. Үй тапсырмасын беру:
1. Фонетика тарауын қайталау.
2. 309-жаттығу

VI. Оқушылардың жауаптарын бағалау.
VII. Сабақтың аяқталуы.
56 023
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Буын
Буын
Оқушыларға буын және оның түрлері жайында жалпы мағлұмат бере отырып, буын түрлерін меңгерту.
Буын үндестігі
Буын үндестігі
Буын үндестігі туралы түсінік беру, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
Буын түрлері
Буын түрлері
Буын туралы түсінік беру, буынның түрлерімен таныстыру және жасалу жолдарын үйрету.
Буын буын түрлері
Буын буын түрлері
Буын түрлерімен танысады, дауысты дыбыс пен дуыссыз дыбыстың буын жасаудағы атқаратын ролін таниды. Дыбыстық топқа жіктелген сөз ағымының шағын мүшесі – буын. Дауысты дыбыстар буын құрайды.
Буын түрлері
Буын түрлері
Маңғыстау обылысы, Бейнеу ауданы, Опорный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қуанова Ләззат Боранбайқызы
Фонетика
Фонетика
Қызылорда облысы, Жалағаш кенті, №31 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Н.Н.Әлімбетова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×